Материалдар / Ашық сабақ "Декупаж техникасы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Декупаж техникасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қолданбалы өнер түрін меңгеруде, оқушылардың ой – өрісін кеңейту. Дамытушылық: Көрнекі ойлауды, танымдылық қызығушылықты, шығармашылықты дамыту.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Педагогтың

аты-жөні:

Балғаева Жанат Есенсауқызы

Үйірмесі:

«Бояулар сыры» үйірмесі. «Қайнар» аула клубы.

Күні:


Сабақтың тақырыбы:

« Декупаж техникасы»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Қолданбалы өнер түрін меңгеруде, оқушылардың ой – өрісін кеңейту.


Дамытушылық:

Көрнекі ойлауды, танымдылық қызығушылықты, шығармашылықты дамыту.

Тәрбиелік:

Көркемдік талғамды және жұмысқа шығармашылық көзқарасты қалыптастыру.

Көрнекіліктер:

Слайд, гуашь, акриль бояуы, ПВА желімі, қылқалам түрлері, шыны ыдыс, майлық қағаздар, бояу езетін тақтайша,қайшы, лак, т.б.

Сабақтың барысы:

2 мин

Оқушылармен амандасу, түгендеу, көңіл күйлерін сұрау. Сабақ барысымен таныстыру.

Үй тапсырмасы:

2 мин

Сұрақ - жауап арқылы үй тапсырмасын қайталау.

Жаңа сабақ:

26 мин

Сабақтың тақырыбын хабарлап, декупаж техникасы туралы баяндау. Мұғалім сөзі:

«Декупаж» техникасы – әшекейлеу техникасы, қағаз кескіндерінің көмегімен безендіру болып табылады. Интерьерді «декупаж» техникасы арқылы безендіру – 17 ғасырға тән. Осы кезеңінде жиһазға, еденге, қабырғаларға қағаз бөліктерін жапсырып, лакпен көмкеру кеңінен таралған, ол салынған сурет тәрізді болып көрінген. Қазіргі таңда нақыштар үш қабатты майлықтан қиылып алынады, себебі, декупаж кейбір елдерде – «Майлықтық техника» деген атқа ие болған. Бірақ, жапсырмалауда тек майлық қана қолданылмайды, сонымен қатар, журналдағы иллюстрациялар, орама қағаздар, белгілік қағаздар, декупаж карталары қолданылады,  әсіресе, шығарылғыш құрылғыдан шығарылған қағаз қолданысқа ие. Бұл техниканың байланыстырушы негізі – нақыштарды кесу болып табылады. Безендірілетін бұйым ағаштан, металлдан, керамика, әйнек, мата, былғары, пластик болуы да мүмкін.


Декупаж техникасы жайлы оқушыларға түсіндіру:

Декупаж өнер ретінде 300 жыл бұрын Венецияда пайда болған. XVII ғасыр – декупаж техникасының және басқа да қағазбен орындалатын қолөнердің дамыған кезеңі болып саналады.

 «Декупаж» – француз сөзі, «кесу» деген мағынаны білдіреді. Бұл өнер қағаздың бөліктерімен белгілі бір оқиғаны бейнелеу, беткі бөлігін безендіру. Әр заманда декупаж әр түрлі атаумен танымал болған.

Итальяндықтар бұны «Кедейлерге арналған өнер» деп атады. Француздар болса, «Кедейлерге арналған жылтырақ» деді. Англияда декупаж «Япанинг» деген атауға ие болды, себебі XVIII ғасырда Еуропаға әкелген жапон және қытай шеберлерінің жұмысына ұқсайтын болған. Қазіргі таңда бізге белгілі декупаж өнері оюшы-шеберлерден қалған. Олар сол кезде аса танымал болған Қытай мен Жапониядан жеткізілетін бұйымдардың арзан көшірмелерін жасаумен айналысқан. Декупаждық заттар (негізінен жиһаз) бір түсті бояумен боялған, содан кейін гравюра кескіндерімен әшекейленген. Жапсырылған суреттер бояумен немесе алтынмен жабылған, кейін барлық беті лакпен боялған. Мұндай әдіспен дайындалған жиһаз алыстан қарағанда кескіндеме, сурет жазулары секілді көрінген, бірақ жақыннан қарағанда бұл декупаж екенін анықталады. Ең жиі безендірілген – бөлмелердегі киім-кешекке арналған немесе көп тартпалы, суырмалы, яғнги комод болған.



«Декупаж» техникасында жұмыс жасау барысы.

Шыны ыдыстың декупажы:

  1. Шыны ыдысты дайындап, сыртын ақ түсті акриль бояуымен бояу.

  2. Майлық қағаздарды қабатынан ажыратып, суреті бейнеленген жерін қиып алу.

  3. Майлық қағазды ПВА желімімен шыны ыдысқа жабыстыру.

  4. Шыны ыдыстың сыртын түрлі – түсті акриль бояуымен бояу.

  5. Глистер желімімен әрлеу.

Сергіту сәті:

2мин

Ал, балалар, орнымыздан тұрып, сәл сергіп алайық. (бейнебаянға қарап, жаттығу жасаймыз)

Сабақты бекіту:

4 мин


 Сабақты бекіту ретінде, сұрақтарға жауап берейік:

  1. «Декупаж техникасы қашан және қай елде пайда болды? (17 ғ. Венецияда)

  2. «Декупаж» сөзі француз тілінен аударғанда қандай мағына береді? (Кесу)

  3. «Декупаж» техникасы арқылы қандай бұйымдарды безендіруге болады?

(Ол арқылы жиһазды, қораптарды, қобдиша, маталарды, шелек, себізгілі су құйғыш және тағы да басқа бұйымдарды безендіре аласыз.)

Бағалау:

1 мин

Бүгінгі сабаққа өте белсенді қатыстыстыңыздар.

(смайлик арқылы бағалау)

Қорытынды:

3 мин

Балалар, бүгін біз «Декупаж техникасы» туралы толық мағлұмат алдық.

Барлықтарыңызға рахмет! Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!