Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ "Денсаулық – зор байлық"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
САБАҚ: 16-сабақ Бөлім: Денсаулық – зор байлық |
Бөлімше: Денсаулық және қоршаған орта |
|||||||||||||||
Күні: 08.10.19 |
Мектеп: Павлодар қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты |
|||||||||||||||
СЫНЫП: 7 «б» |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) |
7. Т/А6. Коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу. 7.Ж2.Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, нұсқаулық құрастырып жазу. |
|||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай біледі. 7.Ж2.Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, нұсқаулық құрастырып жаза алады. |
|||||||||||||||
Оқушылардың басым бөлігі: Коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай алады. 7.Ж2.Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды қолдана отырып, нұсқаулық құрастырып жаза алады. |
||||||||||||||||
Кейбір оқушылар: Коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданады, диалогке қатысу арқылы пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай алады. 7.Ж2.Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, нұсқаулық құрастырып жаза алады, шынай ы өмірден дәлелді мысал келтіреді. |
||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
Коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай біледі. Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, нұсқаулық құрастырып жазады. |
|||||||||||||||
Ресурстар |
Интерактивті тақта, тақырыпқа қатысты слайд, суреттер, таратпа қағаздар |
|||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Әдебиет, биология |
|||||||||||||||
Тілдік мақсат |
Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер: Менің байқағаным,... Менің ойымша,... ... деп ойлаймын... Менің дәйегім... |
|||||||||||||||
Алдыңғы оқу |
7.Т/А2.Әлеуметтік-қоғамдық, оқу-еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (көркем әдеби шығармалардан үзінді) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау О3. Мақала құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату. |
|||||||||||||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) |
Ресурстар |
||||||||||||||
Басталуы 5 мин. 7 мин. 5 мин. 3 мин. 5 мин. |
Психологиялық ахуал қалыптастыру, топқа бөлу 1. Жағымды психологиялық орта қалыптастыру: -Сәлем достым! (амандасады) -Сен қалайсың? (иықтарынан қағады) -Қайда болдың? (құлақтарынан тартады) -Мен сені сағындым! (қолдарын жүректеріне қояды) -Сен келдің! (қолдарын жаяды) -Жақсы болды!(құшақтайды) Түрлі түсті жүрекшелер арқылы топқа бөлінеді. Үй тапсырмасын «Лото ойыны» арқылы сұрау. - Қазақстанда көшпелі өркениетті зерттеген қандай ғалымдарды білесіңдер? - Қазақстанда көшпелі өркениет дәуірінде өмір сүрген тайпа, мемлекеттерді атаңдар. - Көшпелілердің өмірін тарихи деректер арқылы сипаттаңдар. - Көшпелі халықтың қоныстанған аймағын анықтаңдар. - Көшпелі өркениеттің Қазақстандағы көріністері қандай болды? ҚБ: «Бас бармақ» Тыңдалым. Оқушыларға салауатты өмір салты туралы бейнекөрсетілімін көрсетеді, сұрақтар қояды: Ой қозғау. «Сұрақты қағып ал» әдісі арқылы сұрайды -Бейнекөрсетілім не туралы? -Денсаулық дегеніміз не? - Неге біз «Дені саудың жаны сау» дегенді жиі айтамыз? -Денсаулықы сақтау үшін не істеу керек? Мұғалімнің жетекші сұрағы: Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар? Сабақ тақырыбы ашылады. Оқу мақсаты хабарланады. Үнтаспадан мәтін тыңдалады. 1.Мәтінді тыңдап, сөйлеудің қай түрі екенін (диалог, монолог, полилог) ажыратып, сұрақтарға жауап беріңдер. «Ыстық доп» әдісі арқылы сұрайды. • Мақала қандай тақырыпқа арналған? • Қандай мәселелер көтерілген? • Денсаулықтың қандай түрлері бар? ҚБ: «Жарайсың», «Жақсы», «Керемет» мадақтау сөздері. 1-тапсырма. «Балық қаңқасы»
Денсаулыққа қоршаған ортаның әсері бар ма?
ҚБ: «Жұдырық алақан» - Мақсатқа толықтай қол жеткізсе, ашық алақан - Жартылай, әлі де толықтай жұмыс істеу керек десе, үш саусағын жоғары көтереді. -Елеусіз ғана табысқа жеттім деп есептесе, жұдырығын көрсетеді. |
Бейнекөрсетілім smk.edu.kz (1.08) Фасольды қапшық Үнтаспа. (1.35) Доп А 3 қағазы, маркерлер |
||||||||||||||
Ортасы 3 мин. 4 мин. 3 мин. |
2-тапсырма. Болжау әдісі. Берілген мәтін үзіндісін мұқият тыңдаңыз. Қарияның айтқан сөздері нені меңзейді? Қарияның сөзін жұпта болжап, талқылаңыз. Өз сөзіңізде эмоционалды-экспрессивті сөздерді қолданыңыз. Қандай шешімге келдіңіз? Ойыңызбен бөлісіңіз.
Әңгіменің жалғасын тыңдаңыз. Өз жауаптарыңызды қарияның жауабымен салыстырыңыз. Сонда шал: - Темекі көп шексең, ағзаң әлжуаз болады, таяққа сүйеніп жүресің. Ал таяғы бар адамды ит қаппайды. Екіншіден, көп жөтелесің, ал түнде ұйықтамай жөтеліп жатқан адамның үйіне ұры кірмейді. Ал қартаймау себебің – жастай өлесің. ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы
(Ж2) 3-тапсырма (Оқулық 9-тапсырма) Тілдік бағдарды ережені ескеру, шолу жасау. 1-топ: Адамның денсаулығын нығайту нұсқаулық жазыңдар. Онда тыныс белгілерін дұрыс қолдан. 2-топ: Қоршаған ортаны қорғау туралы нұсқаулық жазыңдар. Онда тыныс белгілерін дұрыс қолдан.
ҚБ: «Мадақтау сэндвичі» 1бөлік-позитивті коментарий,не ұнады; 2бөлік-сындарлы сын,нені жақсарту керек; 3бөлік-келешекке арналған коментарий: маған ұнады,бірақ келесі жолы.......... Оқулықтан 48-беттегі 10-тапсырманы орындату. ҚБ: «Жарайсың» мадақтау сөзі Саралау. Ерекше қабілеті бар оқушылар: «Денсаулық» сөзіне бес жолды өлең құрастырады. Қабілеті бар оқушылар: Табиғатты қорғау үшін қандай шара қолдану керек? «ПОПС» формуласы бойынша талдау. П (Менің ойымша,…) О (Өйткені…) П (Мысалы, …) С (Қорытындылай келе, …) ҚБ: «Керемет» мадақтау сөзі |
Таратпа қағаздар
Оқулық |
||||||||||||||
Аяқталуы 4 мин. 1 мин. |
«Ойшыл қалпақтар» рөлдік ойыны. 6 оқушыдан топтасып, 6 түсті қалпақты киіңдер. «Денсаулыққа әсер ететін факторлар» деген тақырыпта сұрақтар бойынша пікірталас ұйымдастырыңдар.
Үй тапсырмасы: Тілдік бағдар: ережені оқу. «Денсаулық – баға жетпес жалғыз ғана асыл дүние» тақырыбына эссе жазып келу. |
Алты қалпақ |
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты) 1. Оқу мақсатына сай тапсырмалардың құрастырылуы. 2. Қалыптастырушы бағалау түрлерінің тиімді қолданылуы. Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1. Әрбір тапсырмадан кейін оқушыларға рефлексия жасату. 2. Қызығушылығын оятатын әдіс-тәсілдерді көбірек пайдалану Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім? 1. Топқа бөлу кезіндегі әдістерді күрделендіру 2. Келесі сабақтарымда тапсырмаларды саралап дайындауға көп көңіл бөлу керек екендігіне көз жеткіздім. |