Материалдар / Ашық сабақ: "Деректер базасын ұйымдастыру"

Ашық сабақ: "Деректер базасын ұйымдастыру"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал 7 сыныпқа сабақ беретін мұғалімдерде қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қаңтар 2021
418
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Пенжім орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі




Интеллектуалдық математикалық сайыс


«Озық ойлы оқушы»











Дайындаған:

математика пәні мұғалімі

Тугамбаева А.Б.





















2020-2021  оқу жылы

Тақырыбы: «Озық ойлы оқушы» интеллектулдық математикалық сайыс

Мақсаты: 1) Сайыста оқушылардың білімін шыңдау; математикалық

білімін кеңейту; ойын ұштау, пәнге қызығушылығын арттыру.

2) Оқушыны алғырлыққа, табандылыққа, ойшылдыққа,

жетістікке жетуге жолдастық пен достыққа, өзін-өзі

тәрбиелеуге үйрете отырып тәрбиелеу.

3) Оқушының адамгершілік қасиеттерін, логикалық ойлауын,

өмірге деген көзқарасын, дүниетанымын дамыту.


Барысы:

І. Ұйымдастыру: оқушыларды ретке келтіру, сайыстың мақсатымен, шартымен таныстыру;

Мұғалімнің сөзі:

Қош келіпсіздер, құрметті оқушылар және қонақтар!

«Ғылым матетматиканы пайдалану арқылы жетіледі» деп Карл Гаусс айтқандай, математика пәнінің ғылымға қосар үлесі өте зор. Мектепте оқытылатын барлық пәндердің математикамен тығыз байланысты екенін бәріміз де білеміз. Ендеше осы пәндермен математиканың байланысы туралы өлең жолдарын қабыл алыңыздар:

Қиын пән химия да арқа сүйер,

Реакция теңдеуін құрған кезде.

Тарих пен география карталары,

Масштабпен жасалар білгендерге.

Физика жақын туыс мына бізге,

Қозғалыс, энергия, қуат, күш те.

Біздерсіз есептелу мүмкін емес,

Жария ғып айтпайықшы мұны біз де.

Дүниетану пәні мен биология,

Ауа райын өлшейді күн қызуын.

Мақтанбаймын бұған да қатысты,

Өсімдіктер өседі, шашып бүрін.

Шабыттанып шалқытқан ақын сөзі,

Құлағың сал біздерге нақыл сөзі.

Өлең құрау тұрған бір есеп екен,

Төрт амалға бағынар заңды жүзі.

Ән әуені тактымен есептелер,

Әнді айтып ырғақпен тербелгенде.

Сызу, сурет бұлардың тармақтары,

Өлшеу салу бұлардың қармақтары.

Денешынықтыру сабағы,

Жарыс сәтін есептеп салмақтады.

ІІ. Сайыс бағдарламасымен таныстыру:

  • Сайысқа 6 оқушы екі топқа бөлініп қатысады. Сайыс мынадай бөлімдерден тұрады:

1-бөлім: «Бәйге» (сұрақтарға жылдам әрі дұрыс жауап беру керек)

1-топқа:

  1. Алманың жартысы неге ұқсайды? (екінші жартысына)

  2. 2,5 таяқтың неше ұшы бар? (6 ұшы бар)

  3. 100-ді екіден бірге бөлгенде нешеге тең? (200)

  4. Арифметика” сөзінің мағынасы? (грекше – арифмос, сан деген мағына)

  5. Тік бұрышты үшбұрыш туралы теорема қалай аталады? (Пифагор)

  6. Күн көзі жылына неше рет шығады? (365)

  7. Қандай үш санның көбейтіндісі олардың қосындысына тең? (1,2,3)

  8. Көпбұрыш қабырғаларының қосындысы? (периметр)

  9. Квадраттық функцияның графигі? (парабола)

  10. Үлкен хорда қалай аталады? (диаметр)

2-топқа:

  1. Санның 100-ден 1 бөлігі? (процент)

  2. Бір нүктеден шығатын түзу? (сәуле)

  3. Математика” сөзінің мағынасы? (матем, грекше ілім, ғылым).

  4. Бір таңбалы санға дәл сондай санды тіркеп жазса неше есе өседі? (11 есе)

  5. Шеңбер бойындағы кез-келген нүктені центрмен қосатын кесінді? (диаметр)

  6. Тік бұрышты үшбұрыштың тік бұрыш жасайтын қабырғалары? (катеттер)

  7. Құрамында белгісізі бар теңдік? (теңдеу)

  8. Натурал санға қандай санды қосқанда келесі сан шығады? (1)

  9. 4 қойдың неше аяғы бар? (16)

  10. Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу? (перпендикуляр)

2-бөлім: «Қанатқақты» мақал құрамындағы цифрды тауып мақалды дұрыс орналастыру.

1. Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас.

2. Бес саусақ жұмылса, жұдырық болады.

3. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді.

4. 30 тістен шыққан сөз, 30 рулы елге тарайды.

Жақсы


болмас

Қас

Дос

Жаман


ала


келеді

ауыздағы

Төбедегі

түгел


Саусақ


болады

Жұмылса


Жұдырық

Тістен


тарайды

Шыққан

Сөз

рулы


3-бөлім: «Самғау» цифрограмма.

3

1

23

3

20

16

17

37

24

25

37

19

3

1

24

25

1

17

1

24

37

24

1

18

Алфавиттің рет саны бойынша әріптерді тапқанда Пифагордың сандар туралы айтқан тұжырымын оқуға болады. (« Бар болмыстың бастамасы – сан»)


4-бөлім: «Шырқау» тор көздегі тапсырмалармен жұмыс. 6 ұяшық берілген. Әр топ ұяшық таңдау арқылы ондағы логикалық сұрақтарға жауап береді.

1. 1 тонна мұз қыста ауыр бола ма, әлде жазда ауыр бола ма? (бірдей)

2. 2 әкесі, 2 баласы 3 алманы қалай бөліп жейді? (әкесі, баласы, немересі)

3. 3 пар ат 30 км-ге шапса,әр пар ат неше км шабады? (30 км)

4.4 пен 5-тің арасына қандай таңба қойғанда, 4-тен үлкен, 5-тен кіші сан шығады? (үтір)

5.Сәуледе бір бүтін, екі жарты, төрт ширек алма бар. Сәуледе барлығы неше алма бар? (3)

6. Математикалық таңба ол,

Білімің болса ашасың.

Теріс сан болса астында,

Мағынасы жоқ деп қашасың. (түбір)

5-бөлім: «Шарықтау» топпен жұмыс. Атақты математиктердің портреті берілген. Олардың кім екенін табу керек? Алдымен олар жайлы қысқаша мәлімет беріледі.

1. Бұл ғалым орыс математигі, жазушы әйелдер арасынан тұңғыш шыққан профессор.1850-1891 жылдар аралығында өмір сүрген. 1874 жылы Германияның Геттенген университетінде «философия докторы» атағын алған. Математика ғылымында «Қатты дененің қозғалмайтын нүкте маңайынан айналуы туралы есеп» атты еңбегі бар.

Қосымша көмек:

«Математиканың өз тілі бар – ол формула» (С.В.Ковалевская). «Ақын жанды болмасаңыз, математикте бола алмайсыз» (С.Ков). деген қанатты сөздер айтып кеткен.

2. Бұл ғалым (783-850). Толық есімі - Әбу Абдаллах (немесе Абу Жаббар) Мұхаммед ибн Мұса. Адамзат өркениетінің дамуына және қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан, көне өркениеттер тағылымының тал бесіктерінің бірі Хиуа қаласында дүниеге келген. Ол - әйгілі «Шығыстың жеті жұлдызының» бірі, әлемдік қазіргі алгебра ғылымының негізін салушы ретінде белгілі. Орта ғасырлық Ұлы ғалым - математик, астроном (жұлдызшы), тарихшы, жағрапияшы.

Қосымша көмек:

Ғалымның латынша есімі «Алгоризми», «Алгоритми» түрінде айтылған. Қазіргі “алгебра”, “алгол” және “алгоритм” сөздері соған байланысты. Яғни бұл ғұламаның есімінен (Алгоритми) тікелей шыққан…

3. (Мухаммед ибн Мухаммед ибн Узлаг Тархани) (870-950) -, ойшыл, энциклопедист ғалым. Алғашқы білімді қыпшақ тілінде Отырарда алады. Багдадта араб тілін үйренеді. Самарра мен Харрандарда ірі ғалымдармен кездесіп, білімін ұштайды. Түркі, парсы, араб тілдерінде сөйлей де, жаза да білген. Грек, латын, санскрит тілдерін игерген. Бүгінгі ұрпаққа 50 шақты еңбегі жеткен. «Геометриялық сызықтар жасаудың әдістері», «Астрология», «Китаб әл-мусика әл-кабир» және тағы басқа еңбектері бар.

Қосымша көмек:

Аристотельден кейін дуние жүзілік білім мен мәдениеттің екінші ұстазы атанган данышпан.

6-бөлім: «Эррудит шыңы» жеңген топқа берілетін тапсырма. «Арифметика» сөзжұмбағы.


ж

а

й



п

а

р

а

л

л

е

л

ь




п

е

р

и

м

е

т

р



П

и

ф

а

г

о

р


д

и

а

м

е

т

р


п

е

р

п

е

н

д

и

к

у

л

я

р


т

а

қ



ш

и

р

е

к



к

е

с

і

н

д

і



ж

а

з

ы

ң

қ

ы


1. 1 –ге және өзіне бөлінетін сандар.

2.Қиылыспайтын түзу.

3. Төртбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы.

4. Ғұлама ғалым.

5. Ең үлкен хорда.

6. Тікбұрыш жасап қиылысатын екі түзу.

7. 2 бөлінбейтін сан.

8. Бүтінді төртке бөлгендегі бір үлесі.

9. Екі нүктемен шектелген түзудің бөлігі.

10. 180о-тең бұрыш.


Қорытынды: Жеңімпаз топты анықтау.

Сонау-сонау алысқа, жүзсін десең кемелер,

Тылсым сырлы ғарышқа, ұшсын десең денелер.

Жасау үшін бәрін де

Математика – ең маңызды ғылым бұл,

Сондықтан да, сол ғылымның тілін біл.

Жүзген кеме тұманда, неге адасып кетпейді?

Немесе ол бір маңда, неге төмен шөкпейді?

Оны сақтап қалатын

Математика – ең маңызды ғылым бұл,

Сондықтан да, сол ғылымның тілін біл.

Болам десең теңізші, не ұшқышты қаласаң,

Дәрігерлік те жақсы ғой, қызметке жарасаң,

Ал сол үшін біздерге

Математика - ең маңызды ғылым бұл,

Сондықтан да, сол ғылымның тілін біл.- дей келе бүгінгі кешімізге келген қонақтарға көп-көп рахмет айтамыз. Білімдеріңіз шыңдала берсін! Сау болыңыздар!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ