Материалдар / Ашық сабақ Джубанова Нұргүл
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Джубанова Нұргүл

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге керек өте
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Мамыр 2021
477
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін:

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:Г.Бакирова


Мектеп: №105 мектеп-лицейі

Күні:01.09.20ж

Мұғалімнің аты-жөні: Н.Джубанова

Сынып: 7 «Б»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

"Абай әлеміне саяхат"


Сабақ мақсаттары

Оқушылар:-Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу.
-Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру.
-Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу. Көркем сөйлеуге , өз бетімен іздене білуге , шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.

- Адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру



Пән аралық байланыс


қазақ тілі және әдебиеті, ағылшын тілі, орыс тілі, неміс тілі,тарих, ән


АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстармен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім оқушылармен амандасу, кім бар-жоғын тексереу

Ұйымдастыру кезеңі.



Сабақтың тақырыбына шығу.

Қазақ аспанынан жарқырап шыққан жарық жұлдыздардың үркердей ұлы шоғырында алдымен есімі аталатын арысы, бәйтерегі- Абай.

Шыңғыстауда дүниеге келіп, әлемді мойындатқан, дала сахнасының төрінен көрініп, тұтас адамзатқа ортақ биік парасатты мұраттарымен, болашаққа деген сенімдерімен, бүгінгі ұрпаққа ұлылығымен әйгіленген ұлы тұлға ол-Абай

-Балалар, осы ағымдағы 2020 жылы тарихи атаулы күндерге толы екен? Олар қандай атаулы күндер? Қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдық мерейтойы.

Иә, халық тарихи дамудың қаншама биігіне көтерілседе Абай аты мен Абай сөзі әрдайым оның аузындағы жыры , көкірегіндегі иманы, санасындағы ұжданы болып қала береді.

-Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымызда ұлы ақын атамыздың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында дара ақын, дана ақын – Абай Құнанбайұлы туралы сөз қозғамақпыз.


Сабақтың тақырыбына шығу


Сабақтың ортасы



















Өлең жолдары.













Тура биде туған жоқ


























Қорытынды






































Сабақтың соңы





Саяхат болғанда да Абай әлеміне, Абай ойларына, Абай өлеңдеріне саяхат…

Мұғалім:бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы "Абай әлеміне саяхат" деп аталады

I.Ой қозғау.

1.Құрметті оқушылар,қазақта неге Абай дара, Абай дана деп аталады?Өз ойларын ортаға салу.


2.Видеоролик көрсету./Абай туралы/

II.Мағынаны ашу.

Абайдың 19 –шы қара сөзі./бейне таспа/

а) Қандай мәселе көтерілген?

ә) Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні қандай?

б) Бұл қара сөзден сен өзіңе қандай ғибрат алдың?


Абайдың қара сөздері балаға да, данаға да ой салатын, жақсылыққа жетелейтін ұлағаты мол қазына

Қара сөздерін саралай отырып Абайды кім деп айта аламыз? Қандай адам деп айта аламыз? Абай – ойшыл.


III.Өлең жолдары.

- Ұлы ақынның туған жері – табиғаты тамаша Семей жері, Шыңғыс тауының етегі. Осы туған жердің табиғаты, туған отбасы, заманы –барлығы Абайдың сезіміне, жүрегіне әсер етіп, оның ақындығына ықпал етті. Енді өзіміз білетін Абай атамыздың өлеңдеріне кезек берелік. Кім мәнерлеп Абай атамыздың өлеңдерін жатқа айтып береді?

Жаз, Күз, Қыс,«Құлақтан кіріп бойды алар», «Ғылым таппай мақтанба»,«Өлең – сөздің патшасы , сөз сарасы»

«Жасымда ғылым бар деп ескермедім»,«Алланың өзі де рас, сөзі де рас», «Әсемпаз болма әрнеге»тағы басқа.

IV.Тура биде туған жоқ Абайды тағы қандай қырынан көріп отырмыз?

Абай аудармашы

Абай ел ісіне де араласқан. Саясаткер ,заңгер Абай туралы мына мәліметтерге қанық болыңыздар

1885 ж. мамыр айында Шар өзенінің бойындағы Карамола деген жерде Семей ген.-губ. Цеклинскийдің басқаруымен Семей губ-на қарайтын 5 уездің 100-ден астам би-болыстары бас қосқан төтенше съезі өткізілді. Осы съезде төбе би болып сайланған Абайға "Семей казақтары үшін қылмыстық істерге карсы заң ережесін" өзірлеу тапсырылды. Абай бастаған комиссия барлығы 93-баптан тұратын ережені 3 кұн, 3 түнде әзір етті. Бұл казақ кауымындағы әдет заңдарына да, патша өкіметінің халықгы канаушылыққа, зорлық-зомбылықка негізделген заңынада үқсамайтын, езгеше кұжат еді. Оның, әсіресе, ұрлық, қылмыс пен әйел мөселелеріне арналған баптары ерекше құнды. Бірақ Абайдың беделін өсірген Қарамола съезінен кейін оның қарсыластары көбейіп кетеді.

Абай өміріне қастандық жасауға әкеп соқтырады.Ел баскару қызметінде барынша әділ болып, халық камын ойлаған, "тура биде туған жок, принципті ұстанған. Ғұмырының соңына қарай пенделік шаруалардан бойын аулақ салып, уақытының көбісін шығармашылыкка арнаған. 


V.Қорытынды Сұрақтар.Кім көп біледі?


1.Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жариялап отырды?

( Көкбай ).

2. Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім?

( Әлихан Бөкейханов, 1903жылы Петербургта  жазған).

3. Абайдың шын аты кім?(Ибраһим).

4.Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата.

( Үшкүйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», Абайдың желдірмесі»).

5.Абайдың аяқталмаған поэмасы.(«Әзім әңгімесі».)

6.Абай Лермонтовтан қанша шығарма аударған?

(Жиырма жеті шығарма аударған).

7.Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата.( Зере, Ұлжан.)

8. Ділдәдән туған балалары.(Ақылбай, Әбдірахман, Мағауия).

9. «Қазақтың бас ақыны  -Абай Құнанбаев» деп атаған кім?( Ахмет  Байтұрсынов).

10.Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата.

(Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкман.)

11.Абай өлеңдер жинағы қайжылы басылып шықты және қай қалада?( 1909 жылы Петербургта).

12. « Абай жолы» романын кім жазды?( Мұхтар Әуезов).

13. Абай ескерткіші алғаш қай қалада қоыйлды?(Алматы қаласында мүсінші-Х. Наурызбай.)

14.Абай кімге ғашық болды? (Тоқжанға)

15. Шәкәрімнің Абайға қандай  туыстық жақындындығы болды?(Абайдың ағасының баласы.)


ҚОРЫТЫНДЫ

Мұғалім:Ал менің сендерге тілейтінім Сендер оқып жүрген білім ордасы-біздің мектебіміз де осындай ұлы тұлғаның есіміне ие.Ендеше осы құрметке бәрімізде лайық болайық дегім келеді

Абай ойларына, Абай әлеміне саяхат жасамақ болғандардың бір мойындауға тиісті ақиқаты – Абайды түсінудің сан сатылы болатыны. Абаймен сырласуға, Абай әлеміне саяхат жасауға әркімнің де қақысы бар. Абайдың өзі "болмасаң да ұқсап бақ" деген.

Абайдың мың қырлы, мың тәлімі бар.Бүгінгі тәрбие сағатымыздың барысында сол мың қырлы мың тәлімнің теңіздегі тамшыдайын ғана өзімізше түсініп, әңгіме еттік деп ойлаймын

- Қатысқандарыңызға көп рахмет! Сау болыңыздар.

















































































.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!