Сабақтың
тақырыбы: «Достық өлкесінің заңы»
М.Шаханов
Мақсаты:
-
Өлеңдегі ізгі қасиеттерді тани
отырып, оларды өз бойларынан таба білуге
үйрету;
-
Мәнерлеп оқу, сөйлеу дағдысын
арттыру, достық туралы түсініктерін
кеңейту;
-
Оқушыларды адалдыққа,
шыншылдыққа тәрбиелеу. Өзімшілдік, менмендік, тағы басқа жаман
әдеттен аулақ жүруге үйрету.
Түрі: аралас
сабақ
Әдісі: алгоритмдік кесте, топтық
жұмыс, әңгімелеу, сұрақ-жауап,сахналау
Пәнаралық
байланыс: математика, дүниетану, қазақ
тілі
Тренинг: «Дене
мүшелері»
( жүргізуші дене мүшелерін
аттаған кезде әр жұп сол мүшелерді жаңылмай түйістіру керек. Дене
мүшесін дұрыс таба алмаған жұп ойыннан
шығады)
-Балалар, сендерге тренинг
ұнады ма?
- Дүниетану пәнінен өткен жаңа
тақырыпты өте жақсы меңгерген екенсіңдер.Жылдамдық пен ұйымшылдық,
тапқырлық таныта алдыңдар. Осы жақсы қасиеттерді сақтай отырып,
бүгінгі сабағымызды бастайық.
Топтық
жұмыс.
Өрнектердің мәнін таба отырып,
әр топтың атын анықтау:
( 4 топқа әртүрлі өрнектер
ұсынылады)
7х3= а
6х5= д
8х7= а
9х4= л
2х8= д
4х6= ы
7х8= қ
-
топ
«Адалдық»
-
топ
«Қайырым»
3-топ
«Сыйласу»
4-топ
«Ынтымақ»
Жаңа
сабақ.
Сахналанған көріністі
тамашалау.
М.Шаханов «Достық өлкесінің
заңы»
- өлең мазмұнын
талдау;
- әр топқа тізбектеп
оқыту;
- туыстық атауларды дәптерге
теріп жазу;
Сөздік
жұмысы:
Көңіліміздің айдынында күн
жүзді- қуану,
шаттану;
Өлке-адамның туған жері немесе
өсіп-өнген аймағы;
Заң- орындалуға тиісті ережелер
жинағы.
Автор туралы
мәлімет:
М. Шаханов 1942 жылы 2 шілдеде
Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылында дүниеге
келген. Республикалық «Жалын» журналының бас редакторы,
«Мемлекеттік тіл»қоғамдық қозғалысының төрағасы, Қазақстанның халық
жазушысы, ақын, сазгер,қоғам қайраткері, «Түрік халықтар арасынан
шыққан ең үздік әлем ақыны» атағының иегері. М.Шаханов
шығармаларының тақырыптары:
-
Отан
-
Табиғат
-
Махаббат
-
Тарих
-
Достық
Топтық
жұмыс.
1-топ Шашыраған сөздерден
мақал құрастырады.
Досы көпті жау
алмайды,
Ақылы көпті дау
алмайды
( достық туралы мақалдар
айтып, мағынасын түсіндіреді)
2-топ «Достық
деген...» тақырыбында эссе жазып,
фотосуреттерден қабырға газетін
ұйымдастыру.
3-топ «Әр баланың досы бар»
( төрт жол өлең құрастырады)
4-топ « Досқа айтар
тілегім» әдемі тілек сөздер жазады
( сабаққа қатысып отырған
мұғалімдер әр топқа сұрақ қояды, дұрыс жауап берген топқа сөздер
тізбегі салынған конверт ұсынады. Конверттегі сөздерді пайдалана
отырып, топтастыру жұмысы жүргізіледі)
-Өлең кімнің атынан баяндалып
тұр?
- Мұхтар мен досы әжесінен
неге қатты қорықты?
- Әжесі неге немересін
жазалаусыз қалдырды?
- Нағашысы жиенін қалай
қорғады?
Баланың орнында болсаң не
істер едің?
Сөздерді жақсы, жаман
қасиеттерге топтастыру
Адал дос –
Күн
Амал дос -
Бұлт
Керекті
сөздер:адал, арам, жанашыр, өмірлік,
шыншыл, қайырымды, өтірікші, сатқын, уақытша, көзбояушы, мейірімді,
ынтымақтастық.
Қорытынды.
«Жан
досым» әнімен сабақты
қорытындылау.
Бағалау.
Әр топтың бағалаушылары
тапсырған кестеге сүйене отырып, мұғаліммен сәйкестендірілген баға
сынып журналына қойылады
Үйге
тапсырма
«Досым үшін» тақырыбында эссе
жазу, өлеңді рөлге бөліп оқуға дайындалу.
Астана қаласы №58
мектеп-гимназия
Ашық
сабақ
Тақырыбы:
«Достық өлкесінің
заңы»
Әдебиеттік оқу 3 «Е»
сынып
2016-2017 оқу
жылы
Өткізген: Кикымбекова
Мейрамгүл Кайруллина
05.12.2016 күні 3 «Е»
сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен «Достық өлкесінің заңы»
тақырыбында өткен ашық сабаққа
Анықтама
Ашық сабаққа 10 мұғалім
қатысты. Оқушылардың сабақ барысындағы көңіл-күйлері мен
белсенділіктері өте жақсы болды.Күнделікті сабақтан ерекшелікті
сезінген балалар әр тапсырмаға үлкен жауапкершілікпен
қарады.
«Дене мүшелері» тренингы
пәнаралық байланыс мақсатында ұйымдастырылды. Балалардың өзара
ынтымақтастығына, сыйластығына осы тренингтың ықпалы
зор.
Математика пәнінен көбейту
кестесін толық аяқтап болуымызға байланысты олаа пәнге де шолу
жасалды. 4 топ та мүдірместен тапсырманы аз уақыт ішінде орындап
үлгеріп, топ аттарын анықтап алды.
Айгерім, Нұрғазы, Айзере,
Сұлтан, Мақсаттың қатысуымен ұсынылған өлең мазмұны желісімен
көрсетілген көрініс те сәтті шықты. Әр бала өз қасиеттері мен
шеберліктерін, әртістік қабілеттерін айқын көрсете алды. Өлең
мазмұны талданып, түсінігі қиын сөздермен сөздік жұмысы
жасалды.
Оқушылардың көңілін сергіту,
көтеру мақсатында «Жан досым» әнін әріптесім, құрбым Әлия
Набиолдақызымен орындап, қайырмасына балалар қосылып
отырды.
М. Шаханов туралы мәлімет,
деректерді оқушылар үй тапсырмасы ретінде дайындап келді. Әр топ
бір-біріне сұрақ қойып, топаралық бағалау болды.Топтық жұмыстар
барысында «Шашыраған сөздерден мақал құрастыру», «Достық деген..»
тақырыбында эссе жазып, фотосуреттерден қабырға газетін шығару, «Әр
баланың досы бар...» төрт жолды шумақ құрастыру, «Досқа айтар
тілегім» досына аранап тілектер жазу жұмыстары орындалды. Сабаққа
қатысып отырған мұғалімдерді де сабаққа қатыстыру мақсатында әр
топқа өлең мазмұны бойынша қорытынды сұрақтар қойғызып, топтарға
тапсырмалар таратылды. Адал дос пен Амал достықты ажырата отырып,
қатысты сөздерді балалар жақсы топтастыра
білді.
Әр топ бағалаушылары бағалау
парақшасын сабақ кезеңдері барысында ықтиятты толтырып отырды.
Топтың ір мүшесі бағаланып, гүл, смайликтермен
марапатталды.
Сабаққа қатысқан жас мамандар
өздеріне көп пайдалы кеңестер ала алғандарын айтты. Сынып
оқушыларының тіл байлықтары, сөйлеу мәнерлері, ойларын ашық, нақты,
еркін жеткізе алатындықтары аталып өтілді. Топпен жұмыс жасауға
қалыптасқандықтарын атап өтті.
Ашық сабақ сабаққа қатысқан
әріптестер пікірінше «Жоғары деңгейдегі үлгілі сабақ» деп
бағаланды.