(Ұ) Оқушылармен «шығын», «табыс»
сөздерін талқылап мағынасын ашып, «Отбасында
шығындар қалай жоспарланады
және табыс қайдан түседі?»
сұрағына жауап
іздестіру.
Отбасының табысы мен шығындары
туралы бірлесіп
кесте құру (қосымшада
көрсетілген кесте бойынша).
Отбасы мүшелерінің
әрқайсысының табысын жазу (ата-анасы- жалақы, атасы мен әжесі
– зейнетақы, ағасы мен әпкесі –
стипендия). Картаны оқулықтың 7 б. мәтінмен
және «Отбасылық бюджет»
мультфильммен толықтыру.
(Т) Оқушылар отбасылық бюджет
құрылымын түсінгеннен кейін «Отбасылық
бюджет» ойынын ұсыну. Оқушылар топты отбасы
деп алып, рөлдерге бөлініп, отбасының
бюджетін анықтайды. Табыс қалай құралғанын
нақтылау үшін құрылған табыс пен шығын
кестесін пайдалануды ұсыну. Отбасының әрбір мүшесі
отбасына қажетті азық-түлік пен тауар
тізімін құрайды. Анасы ас дайындауға қажетті заттар тізімін, әкесі
құралдар, көліктің қосалқы саймандарын, баласы планшет немесе ойын
құрылғысын, ал қызы жаңа киімдер тізімін, ұлы кино, театрға баруға
жұмсалған шығындарды жазады. Тауарлар арасынан өзіңе қажеттілері
туралы айтып, ал кейбіреуінің маңызсыз
екенін талқылату. Өмір сүруге ең қажетті тауарлар қалай аталатынын
сұрау.
(Ұ) Қажеттілік,
мұқтаж деген сөздердің мағынасын
ашып, бірге қажеттіліктердің
концепт-сызбасын құру. Ол үшін топтар құрған тауарлар мен
азық-түліктер тізімін жіпке іліп, қыстырғышпен бекіту. Кейін жіптен
алып, «Қажеттіліктер» деп жазылған қорапқа салу. Оқушылармен
бірігіп қорытынды жасау: «Қажеттіліктерге…….жатады». Оқушылар
отбасылық бюджет құрғаннан кейін олардың үнемдеу және ысырап
ұғымдарын түсінгенін нақтылау. Егер отбасы шығыны табысқа сай
келсе, үнемдеу болады. Егер шығын табыстан артық болса, мұндай
бюджетте ысырап болады.
(Қ) Оқушылар суретке сүйене
отырып, сұрақтарға жауап береді:
- Автомобиль не үшін
керек?
- Қандай көлік ыңғайлы,
жылдамырақ?
- Көліктің бағасы неге
тәуелді?
(Сол сияқты велосипед, көйлек,
диван туралы да сұрақтар қою)
- Мұндағы қай зат аса
маңызды?
- Олардың қайсысын бірінші
кезекте сатып алу керек?
- Қайсыларын кейінге қалдыруға
болады?
- Қайсылары
арзанырақ?
- Қайсылары
қымбатырақ?
Қажеттіліктерді міндетті және
қалаулы деп бөлуге болатынын түсіндіру. Міндетті қажеттіліктерге
үйді жатқызуға болады. Ал көлік мектепке, жұмысқа тез бару үшін
қажет.
(Ө,Қ) Оқушылардың
отбасылық бюджетті жоспарлау дағдыларын
бекітіп, тапқырлықтарын дамыту үшін
жұмыс
дәптеріндегі «Отбасылық бюджетті қалай
жоспарлай-мыз? (3 б.)» тапсырмасын орындауды
ұсыну.
Әртүрлі қажеттілікті бір
сөзбен атап, сәйкестендіруге
мүмкіндік беру үшін «Қажеттіліктер» тапсырмасын
орындату.
Тапсырманы шапшаң әрі дұрыс
орындаған оқушыларға отбасылық бюджетті жүргізу кестесін құруды
ұсыну.
|