Материалдар / Ашық сабақ. "Дұрыс тамақтана біл"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ. "Дұрыс тамақтана біл"

Материал туралы қысқаша түсінік
жаңартылған бағдарлама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Сәуір 2018
898
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні:ДүниетануМектеп: №109 ЖББ мектеп КММ
Күні: 2.03.2018жМұғалімнің аты-жөні: Болатова Айдана Дауренкызы
Сынып: 2 «Б»Қатысқандар: Қатыспағандар:
Бөлім:Мен және қоғам
Бөлімше:1.4. Денсаулық пен қауіпсіздік
Ортақ тақырып:Дені саудың – жаны сау
Тақырыбы: Дұрыс тамақтана біл
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты:2.1.4.1. Түрлі дереккөздер негізінде пайдалы және зиянды тағамдардың арасындағы айырмашылықтарды анықтау.
Сабақтың мақсаты:Дұрыс тамақтана білудің адам денсаулығында үлкен орны бар екенін айтады, пайдалы және зиянды тағамдардың арасындағы айырмашылықтарды анықтайды.

Бағалау критерийлері:

Барлық оқушылар орындай алады:
  • Пайдалы, зиянды тағамдарды бөліп көрсетеді.
  • Күнделікті өмірде қандай тағам түрлерін тұтынатынын айтады.




  • Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
  • Өз ағзаларына қажетті қоректік заттар туралы білімін қолданады.
  • Дәрумендердің маңыздылығын түсініп, қорытындылайды.


  • Кейбір оқушылар орындай алады:
  • Өздері тұратын жерде ағзаға пайдалы қандай өнімнің түрін өсіретінін айтады.
  • Өз ағзаларына қажетті өнімдердің құрамында қандай дәрумендер бар екенін айтады.
  • Тақырып бойынша өмірмен байланыстыра отырып, қосымша мәліметтер айтады, дәлелдейді.
  • Тілдік мақсат:Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:
  • Дәрумен, тамақтану пирамидасы, май, ақуыз, жазуша, көмірсу, ағза.


  • Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі:
  • Суретпен жұмыс кезіндегі мұғалім мен оқушы арасындағы диалог, бейне материалдар көрсету, дәптердегі тапсырмаларды орындау, топтастыру.


  • Талқылауға арналған сұрақтар:
  • Біздің ағзамыздың өсіп – жетілуіне не қажет?
  • Әдетте отбасыңда қандай тағам түрлерін пайдаланасың?
  • «Тамақтану мәдениеті» дегенді қалай түсінесің?


  • Не себепті деп ойлайсың?
  • Не себепті дұрыс тамақтану қажет деп ойлайсың?
  • Не себепті дәрумендерді көп жеу керек деп ойлайсың?
  • Не себепті зиянды тағамдарды жеуге болмайды деп ойлайсың?


  • Ишара:«Бас бармақ», «Отшашу», «Жапондық бағалау әдісі», «Қошемет»
    Құндылықтарды дарытуБалаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу мақсатында дұрыс тамақтана білуге, денсаулығын күтуге, айналасындағыларға қамқор болуға және саналы ұрпақ тәрбиелеу.
    Пәнаралық байланысЖаратылыстану, бейнелеу өнері
    Алдыңғы оқуАлғашқы және қазіргі адамдардың немен тамақтанғандарын бөліп көрсетеді. Тамақтану ережесін біледі.

    Жоспар
    Жоспарланған уақыт есебі:Жоспарланған жаттығу түрлері


    ТапсырмаларРесурстар
    Сабақтың басы5 минут«Маған ұнайтын жеміс» әдіс-тәсілі арқылы әрқайсысы өздеріне ұнайтын жеміс суретін салады.Дәрумендер арқылы 4 топқа бөлінеді. Топқа бөлу -Дәрумен топтары бар суреттер арқылы топқа бөлініп отырайық.1 топ – «А дәрумені»2 топ – «В дәрумені» 3 топ – «Д дәрумені»4 топ –«С дәрумені»Түрлі жеміс нақпішіндері (муляж)Дәрумендердің суреті салынған үлестірмелер таратылады.

    Сабақтың ортасы.30 минут «Ойға шабуыл» әдісі (тақырыпты ашу мақсатында)Топпен жұмыс«А дәрумені» тобы«Ашық микрафон» әдісі енсаулық пен қауіпсіздік .Дескриптор: Бір – біріне сұрақтар қою, құнды ой айту.ҚБ: «От шашу» «В дәрумені» тобы«Кластер» әдісі -Деніміз сау болу үшін бізге не істеу керек? Дескриптор: Тұжырымды ойларын, өзіндік ереже құра білулерін анықтау.ҚБ: «От шашу»«Д дәрумені» тобы«Еркін әңгіме» әдісі- Күнделікті өмірде адам ағзасына қажетті тағам түрлері.Дескриптор: Берілген тақырып бойынша өз ойларын еркін айту.ҚБ: «От шашу» «С дәрумені» тобы«Серпілген сұрақ» әдісі-Қалай ойлайсыңдар біздің осы күнделікті қолданып жүрген тағамдарымыздың барлығы біздің денсаулығымызға пайдалы ма?Дескриптор: Берілген сұрақ бойынша өзара талқылау дағдыларын, естіген жауаптарын бір жауапқа біріктіру.ҚБ: «От шашу»Олай болса балалар біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз да осы тамақтануға байланысты екен.Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау. «Дұрыс тамақтана біл!» Бүгінгі сабақ мақсаты: Дұрыс тамақтана білудің адам денсаулығында үлкен орны бар екенін айтады, пайдалы және зиянды тағамдардың арасындағы айырмашылықтарды анықтайды Бейнежазба көрсету «Тамақтану пирамидасы»Дескриптор: Ағзаға қажетті тағамдардың түрлерін бөліп айту.ҚБ: «Смайликтер»Оқулықпен жұмыс «Топтастыру» әдісі

    Ағзаға қажетті қоректік заттар.Дескриптор: Ағзаға қажетті «Ақуыз», «Көмірсу», «Май» түрлерін бөліп көрсету.ҚБ: «Смайликтер»

    (Мұғалімнің түсіндірмесі)Минералды тұздарды – адам пайдаланатын барлық табиғи тамақтардың құрамында кезтестіреміз. Күнделікті өмірде ас тұзында, ауыз суында қолданамыз.

    Жұппен жұмыс«Көрсет және әңгімеле» әдісіДұрыс тамақтану үшін пайдалы және зиянды тағамдарды ажырата білу керек.Ол үшін тақтаға назар аударамыз. -Ендеше пайдалы тағам мен зиянды тағамдарды бөліп жазамыз. Дескриптор:
  • Жұппен ақылдаса отырып, пайдалы тағам мен зиянды тағамдарды бөліп жазады.
  • ҚБ: «Басбармақ» арқылы жұптар бірін-бірі бағалайдыСергіту сәті«Біз күштіміз» қимыл – қозғалыс арқылы билейді, секіреді.Дәптермен жұмыс.1,2 тапсырмаларды жазып, орындау.Дескрипторлар: 1 – тапсырма. Салат жасауға қолданатын көкөніс түрін бояйды.2 – тапсырма. Денсаулыққа пайдалы тағамдарға белгі қояды.ҚБ: «Жапондық бағалау»Ооо – 5Ммм – 4
    Интербелсенді тақтадан көрсетіледі









    Постер





























    Оқушылардың топпен жасаған жұмыстары



















    Интербелсенді тақта





    Оқулық 50-51 бет























    АКТ, оқулық 50 беті





















    Интербелсенді тақта











    Жұптарға арналған үлестірмелер































    Дәрумендер суреті



















    Сабақтың соңы 8 минутКері байланыс«SMS хабарлама»Қағаздан жасалған ұялы телефондарға оқушылар сабақтың қалай өткенін және қаншалықты жемісті болғанын досына SMS – арқылы жазып білдіреді. Қағаздан жасалған ұялы телефондар

    Саралау Сабақ барысында оқушыларға топпен, жұппен, жеке жұмыс жасауға арналған тапсырмаларды деңгейлеріне қарай ұйымдастырдым. Өзіне сенімділігі аз оқушыға талдау жасауға көмектесемін, қабілетті оқушыға ынталандыру сұрақтарын ұйымдастырамын.

    Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?Оқушыларды мақтаймын, мадақтаймын, уәжін арттырамын.



    Пәнаралық байланысЖаратылыстануТәрбиелік мәні:- оқушыларды денсаулықтарын күтуге, дұрыс тамақтануға тәрбиелеу.

    Рефлексия«Көңіл – күй құмырасы» Оқушылар үш түсті гүлдердің ішінен өз көңіл – күйіне сай келетін гүлді таңдап, құмыраға жапсырады.
    Мұғалімнің рефлексиясыМен осы курсқа келгенше жаңартылған бағдарламаның мақсаты мен міндеттерін, жаңа әдіс – тәсілдер, бағалау түрлерінен бейхабар едім. Осы курс барысында сабақ құрылымы, ұйымдастыру тәсілдері, оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауына ықпал ету, оқыту әдістері мен тәсілдері, бағалаудағы жаңа инновациялық көзқарасым қалыптасты. Курс барысында мұғалімнің оқушыға бағыт – бағдар беруші, ал оқушының ізденуші екеніне толық көзім жетті. Бұл қиындықтарды жеңуде МАН, бағдарлама, Критериалды бағалаудың қаншалықты маңызды екенін білдім. Алдағы уақытта алған білімімді практика барысында қолданып, білімімді одан әрі жетілдіремін.


    Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
    Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!