Ашық сабақ. Дұрыс тамақтана біл 2сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ. Дұрыс тамақтана біл 2сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ. Дұрыс тамақтана біл. Дүниетану пәні. 2 сынып. Дұрыс тамақтанудың денсаулыққа пайдасын біледі. Пайдалы және зиянды тамақтарды ажырата алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пән: Дүниетану 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дені саудың жаны сау


Мектеп: №2 Майқайың ЖОББМ Мұғалімнің аты-жөні: Абусеитова Ботагөз Ерсінқызы

Күні: 5.03.2021                                              Қатысқандар саны: 25 

Сынып: 2                                                      Қатыспағандар саны: 

                                                                        


Сабақ тақырыбы

Дұрыс тамақтана біл

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

2.1.4.1 түрлі дереккөздер негізінде пайдалы және зиянды тағамдардың арасындағы айырмашылықтарды анықтау


Сабақ мақсаттары: 

Барлық оқушылар: Пайдалы және зиянды тағамдардың арасындағы айырмашылықты ажыратады.

Көптеген оқушылар: Тамақтану пирамидасы арқылы тамақтардың сақтаудың денсаулыққа пайдасын, зиянын түсінеді.

Кейбір оқушылар: тағамдардың пайдалы және зиянды жақтары туралы әңгімелейді.

Бағалау критерийлері

Дұрыс тамақтанудың денсаулыққа пайдасын біледі.

Пайдалы және зиянды тамақтарды ажырата алады.

Тілдік мақсаттар

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

-Дұрыс тамақтану не үшін қажет?

-Тағамның қандай түрлерін білесіңдер?

-Сен ағзаға қажетті қоректік заттарды білесің бе?


Сөз тіркестері: Дәрумендер, дұрыс тамақтану


Құндылықтары

дарыту

Денсаулық, жауапкершілік.


Пәнаралық байланыстар 

Жаратылыстану, әдебиет 

АКТ қолдану дағдылары 

Интербелсенді тақта, оқулық, жұмыс дәптері, түсті қарындаштар.

Бастапқы білім

дұрыс тамақтануға қатысты мектепте және үйде күшті әрі дені сау болуы үшін не қажет екендігін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар 

Сабақтың басы 


3 мин














3 мин












2 мин

Ұйымдастыру оқушыларды түгелдеу назарын сабаққа аудару.

Психологиялық ахуал.

-Балалар, айналамызда көңіл-күйіміздің көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз.Сондықтан бәріміз қол ұстасып, бір- бірімізге жақсы көңіл- күй сыйлайық.

Тақтадағы өлең шумағын хормен оқыту.

Кел, балалар,күлейік!

Күлкіменен түлейік !

Күлкі- көңіл ажары!

Күліп өмір сүрейік!


«Cypeт бoйыншa тoптacy» әдici Конверттегі cypeттepдeн тaңдaғaнын aлып coл apқылы тoптacaды.

1-тoп: «Жемістер»

2-тoп: «Көкөністер»

Сонымен балалар сендер топқа бөліндіңдер. Енді сабақтың тақырыбы не туралы болуы мүмкін?



Сабақ тақырыбы: Дұрыс тамақтана біл

Сабақтың мақсаты: Дұрыс тамақтанудың денсаулыққа пайдасын біледі.

Пайдалы және зиянды тамақтарды ажырата алады.















Суреттер салынған конверттер

Сабақтың ортасы 


3 мин






























2 мин


















2 мин






5 мин

Оқылым












3 мин

Жазылым

«Миға шабуыл»

Тамақтану пирамидасы туралы бейнеролик көрсету.

Адам қаншалықты тамақ түрлерін қабылдау керектігі жайында топпен анықтайды.

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Тамақтану пирамидасы бойынша түсіндіру.


Дескриптор

  • ас мәзірінде тағамның қай түрі көп болу керектігін біледі.

  • жеміс жидектердің денсаулыққа пайдасы мол екенін біледі.

  • ет, сүт өнімдерінің құрамында адам ағзасына қажетті дәрумендердің мол екенін біледі.

  • майлы және тәтті тағамдарды мөлшерінен асырмай жеуді түсінеді.


ҚБ. «Қол шапалақтау» арқылы бағалау


(Т) №1 тапсырма «Галереяны шарлау» әдісі.

Постер құрау.

Әр топқа тапсырма.Суреттің арасынан пайдалы,зиянды тағамдарды табу.

1-топ пайдалы тағамдарды.

2-топ зиянды тағамдарды.


Дескриптор.

- Өзеріне берілген тапсырма бойынша суреттерді таңдайды.

-Құрастырған суреттерін сипаттайды және әңгімелейді.

ҚБ.Екі жұлдыз,бір тілек арқылы бағалау


Сергіту сәті: «Оң, сол» ойыны

Тағамдар көрсетіледі. Зиянды болса сол қол, пайдалы болса оң қолдарын көтереді.

Оқушылар би билеп сергіп қалады.

(Жж) «Үштік» әдіс

2-тапсырма: Мәтінді оқытып жұппен талқылау. Ағзаға қажетті қоректік заттарды анықта

Дескриптор:

-мәтінді талқылайды

-қоректік затты анықтайды

ҚБ. Смайлик арқылы бағалау

(ӨЖ). «Бинго» әдісі

3-тапсырма: Карточкада берілген жұмбақтарды көшіріп жазып жауабын табу керек.

1.Өзi ащы,
Бiрақ,
Дәмдi етер асты. (Тұз)

2.Аппақ қардай,
Дәмі балдай. (Балмұздақ)

3.Әжем уыстап сығып,
Далада кептiрген.
Қатты әрi тәттi дәмiн,
Кiм бар жеп көрген? (Құрт)

Дескриптор.

Жұмбақты түсінеді.

Жұмбақтың шешуін өздері таба алады

ҚБ. «Бағдаршам» арқылы бағалау


Бейнеролик (https://youtu.be/EWYm5vjCLbc ) 2 мин












































50-51 бет оқулық





















Сабақтың соңы 

5мин


















7 мин

Саралау әдісі

Қорытынды. «Ашық микрофон» әдісі

Сұрақ-жауап бойынша сабақты қорытындылау.

  • Сабақта не маңызды болды?

  • Сабақта қандай қиындықтар кездесті?

  • Келесі сабақта не туралы білгілерің келеді?

Дескриптор.

1.Тамақтану режимін құрастыра алады.

2.Пайдалы және зиянды тағамдарды ажырата алады.

3.Дұрыс тамақтанудың режимін біледі.

ҚБ «Бас бармақ» арқылы бағалау



4-тапсырма:

А. Пайдалы тағамдарға қатысты суреттерді постерге құрастырып, әңгімелеңіз.

В. Зиянды тағамдарға қатысты суреттерді постерге құрастырып, әңгімелеңіз.

С. Пайдалы және зиянды сусындарға қатысты суреттерді постерге құрастырып, әңгімелеңіз.


Дескриптор:

- не сeбeпті oсы суреттерді тaңдaғаның түсiндiрeдi.

-зиянды, пайдалы тағамдарды сәйкестендіреді.

- тақтада тақырыпқа сай және сай емес суреттердің апасынан бiрнешеуін таңдайды;


ҚБ. «Карусель» арқылы баағалау.





















Саралау әдісі

Диалог және

қолдау көрсету

тәсілі

Тапсырма тәсілі

Бағалау

Қол шапалақтау

Екі жұлдыз,бір тілек

Смайлик

Бағдаршам

Бас бармақ

Карусель

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы 

АКТ мен жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.11.2021
650
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі