Материалдар / Ашық сабақ: "Дұрыс тамақтану, дәрумендердің пайдасы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: "Дұрыс тамақтану, дәрумендердің пайдасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға жемістер мен көкөністердің құрамында дәрумендер барын және оның денсаулыққа тигізетін пайдасы жайында түсінік беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Желтоқсан 2021
651
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектепалды даярлық « » тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні:

Тәрбиеші:

«Қатынас» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: «Сөйлеуді дамыту»

Өтпелі тақырып: «Дені саудың жаны сау»

Тақырыбы: «Дұрыс тамақтану, дәрумендердің пайдасы»

Мақсаттары :

Тәрбиелік: Өз ағзасын күтуге тәрбиелеу

Дамытушылық: Баланың логикалық ой-өрісін, зейінін, шығармашылық қабілетін, тілін дамыту сөздік қорын жетілдіру.

Оқыту: Балаларға жемістер мен көкөністердің құрамында дәрумендер барын және оның денсаулыққа тигізетін пайдасы жайында түсінік беру

Педагогикалық технологиялар: АКТ, ойын, денсаулық сақтау, Әңгімелесу, көрсету, түсіндіру. Аспаз мектебіне саяхатқа бару. Мнемокесте.  Жұмбақтар шешу, сурет бойынша әңгіме. Дидактикалық ойындар.

Ресурстармен қамтамасыз ету: АКТ, слайд, мнемокесте. Көкөністер, жемістердің суреттері, муляждар.

Көптілділік: дәрумендер-витамины -

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі

Балалар, осы жақсы көңіл-күймен бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс- әрекетімізді бастаймыз. Бүгінгі жаңа ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізде дұрыс тамақтану және дәрумендердің денсаулығымызға деген пайдасын білетін боламыз

II. Негізгі кезеңі:

-Балалар, сендер балапан телеарнасын көресіңдер ме? - Олай болса, мына әуенді тыңдап көріңдерші,бұл қай бағдарламаның әуені? - Аспаз мектебі. - Дұрыс айтасыңдар, ал балалар сендер аспаз мектебіне қонаққа барғыларың келе ме? - Олай болса біз бүгін аспаз мектебіне саяхатқа барамыз. Саяхатқа біз машинамен барамыз. Ал балалар жолға шығайық. Міне балалар аспаз мектебіне де келіп жеттік.

Аспазшы апай: Салеметсіздер ме, балалар! Қош келдіңдер!

- Салеметсіз бе!

- Балалар, сендердің дендерің сау болып, мықты болып өсу үшін не қажет?

- Дұрыс тамақтану, дәрумендер қажет.

Аспазшы апай: Сендер тамақты күніне неше мезгіл ішесіңдер?

- Төрт мезгіл. Таңғы ас, түскі ас, бесін ас, кешкі ас.

Аспазша апай: Дұрыс. Біздің күнделікті тағамдарымыздың ішінде әртүрлі дәрумендер бар. Сендер қандай дәрумендерді білесіңдер?

- АВСДЕ дәрумендерін.

Аспазшы апай: Дәрумендер туралы тағы не білесіңдер?

Тәрбиеші: Біздің балалар дәрумендер туралы тақпақтар біледі.


Дәрумендер тірегің,

АВСДЕ деп аласың.

Жетіспесе бірі оның,

Ауырып сен қаласың.

 

А — сы қажет көзіңе,

В — сы қажет жүйкеге

С — дан микроб безінер,

Д — сүйекті нығайтар.


А — болады асқабақ,

Өрік, айран, салатта.

В — балық, картоп, асбұршақ,

Сиыр еті жаңғақта.


 С — апельсин, алмұртта,

Д — балық майында,

Е — қарақаттан табылар.


Аспазшы апай: дәрумендерді біз қайдан аламыз? - Жемістерден, көкөністерден.

- Ал қандай жемістерді, көкөністерді білесіңдер?

Тәрбиеші: Біздің балалар көп жемістер мен көкөністерді біледі:

Кубизм: Алты қырындағы көкөніс пен жемістерді сипаттау»

Дидақтикалық ойын: «Не қайда өседі»

Мақсаты: Балалар жеміс көкөністерді ажырата алады.

Аспазшы апай: Ал енді балалар,осы жемістерден, көкөністерден не жасауға болады?

  • Шырын, салат жасауға болады..

Тіл ұстарту жаттығуы

АШ-АШ-АШ-АШ

Өсіп тұр алма ағаш.

МА-МА-МА-МА-

Пісіп тұр тәтті алма.

ДАН-ДАН-ДАН

Тәтті алмадан.

РЫН-РЫН-РЫН

Шықты тәтті шырын.


Тәрбиеші: Балалар бүгін біз аспазшы апаймен бірге түскі асқа салат жасаймыз. (балалар аспазшы апаймен,тәрбиешімен ұжымдық жұмыс жасайды).

- Балалар, сендер қандай жемістерден жасайсындар?

Сурет бойынша әңгіме:

-Алмада «С»дәрумені бар, алма жесек денсаулығымыз мықты болады, ешқандай микробтар жоламайды. Банан, киви, жүзімде «В»дәрумені бар, «В» дәруменін қолданған баланың ішкі құрылыстары, жүйке жолдары, қан айналымдары күшейіп, жақсы жүгіретін болады. Йогуртта да дәрумендер көп.

- Ал, балалар сендер қандай көкөністерден салат жасайсыңдар?

Сурет бойынша әңгіме: Қызанақта «А»дәрумені бар, оны күнде жесек біздің көзіміз жақсы көретін болады. Қиярда «В»дәрумені бар, ол бізге өте пайдалы. Пияз жесек бізге тұмау жоламайды.

Тәрбиеші: Балалар, біздің денсаулығымыз мықты болу үшін дәрумендерді қабылдаумен бірге дене қозғалысына мән беруді естен шығармауымыз керек. Қане барлығымыз денемізді қыздырып, сергіту жаттығуымызды жасайық.

 Сергіту сәті: АКТ әуені арқылы «Көкөністер»

Тәрбиеші: Балалар аспазшы апайдың бізге дайындаған тосын сыйы бар екен.Ал, ол тосын сый тақтада жасырулы тұр.Ол не екенін білу үшін, біз тапсырманы орындауымыз керек . Сол тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар қандай тосын сый екенін білетін боламыз.

Жұмбақ шешу. І — ші бөліктегі тапсырма мнемокесте бойынша

1.Бұйра шашы желменен ойнап тұрады, Қызыл мұрны жерге бойлап тұрады. (Сәбіз).

2.Қалың киімді ұнатады, Шешіндірсең жылатады. (Пияз).

3.Аласа талда алуан алма, Ал қызыл болмай аузыңа салма (Қызанақ).

- Қараңдаршы, балалар, сендер жұмбақты дұрыс шешкен соң жасырылған тосын сыймыз ашылды.

Аспазшы апай: Балалар естеріңде болсын, түрлі хот-дог, чипсы сияқты тағамдарды және кола сусындары біздің ағзамызға кері әсерін тигізеді. Бұл тағамдардан әрдайым аулақ болған жөн! Сондықтан да дұрыс тамақтану керек. Мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр:

Дидактикалық ойын: «Пайдалы және зиянды тағамдар» 

Мақсаты: Пайдалы және зиянды тағамдарды ажырата алады.

Шарты: Пайдалы тағамдарды себетке жинаймыз, ал денсаулығымызға кері әсерін тигізетін тағамдарды қоқыс шелегіне жинаймыз.

Аспазшы апай: сендер өте жақсы түсіндіңдер, жарайсыңдар! (тосын сыйын таратады).

Тәрбиеші: Балалар біздің топқа қайтатын уақытымыз болды. (Аспазшымен қоштасып, топқа қайту).

III. Қорытынды:

- Балалар біз қайда саяхатқа бардық?

- Кіммен кездестік?

- Саяхат сендерге ұнады ма?

- Бүгінгі ұоқ-де сендерге не ұнады?

- Рахмет, балалар! Сендер тапсырманың барлығын жақсы орындадыңдар.

Бағалау: Бағдаршам әдісі арқылы жүргізу.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!