Жамбыл облысы, Байзақ
ауданы
Берікқара орта
мектебінің
физика пәнінің
мұғалімі
Сугурова Эльмира
Алхайдаровна
Пәні:
Физика
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс
сипаттамалары.
Сабақтың
мақсаты:
а) білімділік: Оқушылар дыбыс
толқындары және олардың сипаттамалары туралы түсінік қалыптастыру.
Музыкалық дыбыстарды түсіндіру. Әр түрлі ортадағы дыбыстың
жылдамдықтарын түрліше екендігін тәжірбие арқылы
түсіндіру.
ә) тәрбиелік: Дыбыс
толқындарына әр түрлі физикалық тәжірбиелер жасау арқылы пәнге
деген қызығушылықтарын арттыруға
тәрбиелеу.
б) дамытушылық: Оқушылардың
алдына проблемалық сұрақ қою арқылы олардың логикалық ойлауын
дамыту. Есеп шығару дағдысын қалыптастыру. (проблемалық
тақырыбым)
Сабақ
көрнекілігі: камертон, домбыра,
мультимедиялық тақта.
Пәнаралық байланыс: математика, сызу, қазақ
әдебиеті, музыка, география
Сабақтың түрі:
Кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдісі:
Түсіндіру
Сабақтың
барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
(Ауызша сұрақтар)
-
Механикалық толқындар
дегеніміз не?
-
Механикалық толқындар неше
түрге бөлінеді?
-
Көлденең толқындар деп қандай
толқындарды айтады? Мысал келтір.
-
Бойлық толқындар деп қандай
толқындарды айтады?
-
Толқын нені тасымалдайды:
тербелістердегі бөлшектерме әлде энергияны
ма?
-
Толқын ұзындығы деген не?
Таңбасы және формуласы.
-
Толқын жиілігі деген не?
Таңбасы және формуласы.
-
Толқын жылдамдығы деген не?
Таңбасы және формуласы.
-
Неліктен тыныш тұрған су
бетіне тас тастасақ толқын шеңбер болып
таралады?
-
Жер сілкінісі толқынға жата
ма? Жер сілкінісі туралы мәлімет айту.
ІІІ. Жаңа сабақ
жоспары:
-
Ақпарат
бөлімі
-
Тәжірибе
бөлімі
-
Есептер шығару
бөлімі
-
Пәндік байланыс
(қорытындылау)
(әр түрлі нәрселердендыбыс
шығару.Мысалы: домбыра, камертон, т.б.)
-
Бүгінгі біздің сабағымыздың
тақырыбы «Дыбыс. Дыбыс сипаттамалары».
Дыбыс деген не?Дыбыс қалай
таралады? Әр түрлі ортадағы таралу жылдамдығы,оның сипаттамаларының
шамалары, дыбысты көруге бола ма? Т.б
Адамзат дыбыс дүниесінде өмір
сүргендіктен, дыбыстың адам өміріне маңызы ерекше. Сендер дыбыстар
арқылы маңында болып жатқан оқиғаларды біліп, айналаңмен өзара
қарым-қатынастар жасайсыздар, тіпті дыбыс көзін көрмей-ақ телефон
қоңырауын, автомабиль шуын, сондай - ақ жаңбыр тарсылын естуге
болады. Физиканың дыбыс құбылыстарын зерттейтін бөлімін акустика
деп атайды.
Дыбыс қозғалыстары және дыбыс
шығаратын тербелістері, оның тербелістері айналадағы ауаға тез
тарайды. Оның дыбыс көзінен таралуы суға тастаған тастан пайда
болатын ұйтқудың таралуына ұқсас. Дыбыс грек сөзінен
akustikos.
Тірі ағзалардың дыбыс
қабылдайтын мүшесі құлақ.
Адам жиілігі 16Гц -20000 Гц
алығындағы диапазонда дыбысты қабылдай алады. 16 Гц – тен төмен
дыбыс толқындары- инфрадыбыстар.
20000 Гц – тен жоғары дыбыс
толқындарын ультрадыбыстар деп атайды.
Темекі
тартқан адамның даусы жуан болып
келеді,темекі түтіні дауыс байланыстырған тітіркендіргіш және дыбыс
сіңірлерінің жіңішкеруіне, дыбыстың өз тазалығының тембрдің
ауысуына әкеп соғады, темекі тартушылардың есту қабілеті никотиннің
әсерінен нашар болады. Дабыл жарғағы кеңіп және ішіне қарай
тартылады, дыбыс сүйектерінің қозғалтқыштығы
азаяды.
Дыбыс барлық ортада тарай
алады. Дыбыстың әр ортада таралу жылдамдығы әртүрлі. Дыбыстың
қаттылығын тербеліс амплитудасы анықтайды. Дыбыстың қаттылығын
анықтайтын прибор (шкала) – децибелметр.
Дыбыстың қаттылығының өлшем
бірлігі – децибел (дБ).
Америкалық өнертапқыш Генри
Бел құрметіне аталған. Ол телефонды ойлап
тапқан.
Дыбысты төртке бөлеміз,
олар:
-
Музыка (домбыра
шерту)
-
Соққы (камертонды таяқшасымен
соғу)
-
Шу (бір мезгілде оқулықтарғы
мәтінді оқу)
-
Жаңғырық (бос бөлмедегі
дыбыстың қайталануы)
-
Тәжірибе бөлімі. Дыбысты
бақылауға арналған тәжірибелер. (Таяқша, ыдыс, тұз, камертон, ине,
қағаз)
-
Электрондық оқулықтан есептер
шығару
-
Дыбыс және оның басқа пәнмен
байланысы
Музыка
Физикада дыбыс тонының
биіктігі тербеліс жиілігімен анықталады. Ең төменгі музыкалық
дыбыстардың аралығының естілу жиілігі секундтына 16 тербеліс. Бұл
дауыс естілмейді. Ал секундына 27 тербеліс бұл жақсы естіледі. 44
тербеліс өте төменгі ер адамның бас дауысы. Бұл дауысқа өздеріңізге
белгілі дүниежүзілік Парижде ән салған Әміре Қашаубаевтың дауысы
жатады. Секундтына 1000 - 1200 тербелісті қобыз, скрипка, жетіген
шығара алады. Келесі одан биік әйел дауысы болады. Бұндай дауысқа
халық әншісі Бибігүл Төлегенованың дауысы жатады. Дыбыс секундтына
2018 тербеліс жасайды.
Сызу
Дыбыстың шығылу заңың ескере
отырып театарға сахналарда дыбыстың жақсы шығуын қадағалап отырады.
Белгілі бір заңдылықтармен сызбасы сызылады. Дыбыстардың шағылуы
өте жақсы естілетін жер – Англияның Лондон қаласындағы құдіретті
Павел Соборы. Собордың бірінші қабырғасында тұрып, арасы 36 м
болатын қарама - қарсы қабырғасында тұрған адамның сыбырын естуге
болады.
Биология
Қараңғыда жарқанат айналадағы
нәрселерге соқтығыспай бағдарлана алады, тіпті тастай қараңғыда жем
аулайды. Лай суда дельфиндерде бағдарлана алады екен, сонда көру
мүшелерінің қызметін не атқарады? Бақсақ шағылған дыбысты еститін
мүшелері бар екен. Тынық мұхитынан ұсталған дельфиндер мен Атлант
мұхитынан ұсталған дельфиндер телефон арқылы
сөйлесіпті.
Қазақ
әдебиеті
Ер төстік пен оның жолдастары
бір үйде отырады. Бұларды тойғызамыз деп қаншама тамақ әкелседе
оларға жетпей қалады. Әкелгеннің үстіне жей береді. Сол кезде Темір
хан мен Кеще хан Төстіктің асына у салып беруге келіседі. Бірақ
бұлардың әңгімелерін Саққұлақ лезде естіп алып Төстікке жеткізеді.
(Ер Төстік ертегісі Саққұлақ жерге құлағын тосу арқылы дыбысты
естиді. Дыбыстың қатты денеде берілуі).
Қанат, құйрық суылдап,
ысқырады
Көктен қыран сорғалап
құйылғанда. (Қансонарда бүркітші шығады
аңға).
География
Солтүстік Америкадағы Ниагара
сарқырамасының гүрілі 25 км қашықтықтан естіледі. «Ниагара»
үндістер тілінен аударғанда «гүрілдек су» деген мағынаны
береді.
Экология
Өте шулы жер адам организміне
әсерін тигізеді. Айқай-шулы бөлмеде гүлдер де баяу өседі. Ал әуенді
ортада бөлме өсімдіктері жақсы, жайқалып
өседі.
Математика
Найзғайдың қанша биіктікте
болып жатқанын дыбыс арқылы есептей
аламыз.
IV. Үйге
тапсырма
V.
Бағалау
VI.
Қорытындылау