Материалдар / Ашық сабақ "Дыбыстар қандай болады?" 2 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Дыбыстар қандай болады?" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Дыбыстар қандай болады?
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Маусым 2018
6738
25 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

-

+

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні :Абитаева Р.Д

Сынып: 2

Пән: Ғылымға кіріспе


Қатысқандар:

Қатыспағандарсаны: 0


Сабақ тақырыбы




5-бөлім. Табиғат физикасы

Тақырып: Дыбыстар қандай болады?


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

2.2.2.1 жануарларды омыртқалылар мен омыртқасыздарға жіктеу

2.1.2.4 бақылау жүргізу жоспарын құру

2.1.2.5 құрылған жоспар бойынша бақылау жүргізу және қорытынды жасау

Сабақ мақсаттары

дыбыс шығаратын заттарды дыбыс қаттылығына қарай топтастыру;

қоршаған ортадағы нысандар мен құбылыстарды зерттеуге қажетті жағдайлар мен оқушылардың жеке қасиеттерін анықтау. .

Бағалау критерилері

  • дыбыстар қандай болатынын біледі;

  • қатты және бәсең дыбыстар қай жерде қажет екенін білетін болады.

Сөздік қор

қатты дыбыс,

бәсең дыбыс.

Құндылықтарды дарыту



Ұжымшылдыққа тәрбиелеу,жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, АКТ сабақтарымен байланыс орнайды.

Алдыңғы меңгерілген білім


Мөлдір денелер және материалдар


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстарқағаз, желім, фломастер

Сабақтың басы


Ұйымдастыру.

(Ұ) Психологиялық дайындық

Біз бақытты баламыз
Ойнап күліп аламыз
Жетілсін деп санамыз
Оқып білім аламыз





Сабақ ортасы


ОМ таныстыру.

  • дыбыстар қандай болатынын;

  • қатты және бәсең дыбыстар қай жерде қажет

екенін білетін боласың.

(Ұ) Сабақты сергіту сәті ретінде балалардың қозғалысы туралы өлеңнен бастау. Ойын ойнауды ұсыну.

Қане, бәріміз бейнелеп және айтып көрейік:

Шегіртке қалай шырылдайды?

Пойыз қалай жүреді?

Барабанды ұрғанда қандай дауыс шығады?

Жылан қалай ысылдайды?

Шыбын қалай гүжілдейді?

Маса қалай ызыңдайды?

Мәшинелер қалай сигнал береді?

Мысық қалай мияулайды?

Есек қалай ақырады?

Мынадай сұрақтар қойыңыз:

Кімге қандай дыбыс ұнайды? Қандай дыбыстар ұнамайды? Неліктен?

Кім футбол матчында болды

Онда, әдетте, қандай дыбыстар шығады?

Ол жерде қатты айқайлауға бола ма?

Неліктен айқайлауға болады?

Стадионның суретіне қара. Онда не болып жатыр? Қандай дыбыстарды естуге болады? Бұл дыбыстардың қаттылығы бірдей ме?

Стадион қандай дыбыс көзіне жатады? Сипатта.


Стадион, адамдар көп жүретін көше қиылыстары және би алаңдары

сияқты дыбыс көздерінен қатты дыбыстар шығады.



«Қатты-бәсең» ойыны. Ойын ережесін түсіндру. Оқушыларға қандай да бір дыбысты тыңдап, оның қатты немесе бәсең дыбыс екенін табуды ұсыну. Егер сипаттама қатты дыбысқа сәйкес келсе, оқушылар құлағын жабуы керек, ал бәсең дыбыс болса, сұқ саусағын ерніне қойсын. Мысалы, мынадай дыбыстарды таңдату: кітап беттерін парақтау, сағат тықылы, қоңырау үні, балғаның дауысы, өтіп бара жатқан мәшиненің дауысы, ұшақтың гүрілі, жанкүйерлердің шуылы, бұлақтың сылдыры, әтештің айқайы, шылдырмақтың дыбысы, тұяқтың дыбысы, үстелді қаламмен тықылдату және т.б.






-Тауда болғандарың бар ма?

«Табиғат дыбыстары» бейнежазбаларын қосып оқушылардың жауаптарын тыңдау. Олардың қалада және орманда болғанда нені сезінгендерін толық баяндауларына жағдай жасау.

(Ж) Табиғатта.Суретке назар аудар.

Балалар не істеп жүр?

Қандай дыбыстар естілуде?

Бұл жерде қатты сөйлеуге бола ма?

Неліктен?

Сенің ойыңша, табиғат аясы қандай дыбыс көзі болып табылады?

Адам денсаулығына тым қатты дыбыстардың зиян. Бәсең сөйлесетін және қатты айқайлауға болатын орындар бар.




Ормандардың барлығында бірдей тып-тыныш болмайтды Мысалы, Оңтүстік Америка ормандарында зеңбірек оқтарына ұқсас жемістері бар алып ағаш өседі. Жел соққанда оның жемістері бір-біріне қатты соғылып, зеңбіректен оқ жаудырғандай гүрсілдеген дыбыстар шығарады екен. Осындай ағаш туралы бейнежазбаны көрсету.

(Т) Зертте. Қандай жерлерде бәсең дыбыстар

қажет? Қандай жерлерде қатты дыбыстар қажет?




Зерттеу жұмысын жүргізуге арналған нұсқаулар:

Әр оқушы бір үлестірмелі парақшадан алады.

Үлестірмелі парақшаларда көрсетілген орындарға қандай дыбыстарды қолданған орынды екенін анықтайды.

Парақшаны қажетті бағанға жапсырады.

Жұмысты топ болып талқылайды.

Басқа топтар үшін:

Әр оқушы қандай жерде қатты сөйлеуге және қандай жерде жай сөйлеу керектігін анықтайды.

Әркім өз нұсқасын қажетті бағанға жазады.

Алынған нәтижені талқылайды.

Ормандардың барлығында бірдей тып-тыныш болмайтыны туралы айтыңыз. Мысалы, Оңтүстік Америка ормандарында зеңбірек оқтарына ұқсас жемістері бар алып ағаш өсетінін айтып беріңіз. Жел соққанда оның жемістері бір-біріне қатты соғылып, зеңбіректен оқ жаудырғандай гүрсілдеген дыбыстар шығарады екен. Осындай ағаш туралы бейнежазбаны көрсетуге болады


.

Жұмыс дәптері бойынша ұсыныстар

53-жұмыс парағы. Дыбыстардың қандай түрлері бар?

Заттың суретін сал. Оқушылар жұмыс дәптерлеріне қатты және жай дыбыстар шығаратын заттардың суреттерін салады.

54-жұмыс парағы. Ғимараттар

Қоршап сыз. Оқушылар қандай ғимараттарда қатты дыбыстарды, ал қандай ғимараттарда жай дыбыстарды естуге болатынын анықтайды. Оқушыларды мұқият тыңдай отырып, қателік жібергенін байқау, нақтылап, оқушының дәлелін тыңдау, дұрыс түсінуіне көмектесу.


Жауаптар

Адамдар бәсең сөйлейтін орындар: аурухана, театр, мұражай, өнер студиясы.

Адамдар қатты сөйлейтін орындар: стадион, ойын-сауық орталығы.


Қосымша тапсырмалар

Топтарға мынадай жағдаяттарды ойнап көруге

ұсыныс жасау:

1. Анаң ұйықтап жатыр. Сен ағаңмен немесе

апаңмен бірге бір нәрсе туралы талқылауларың

керек.

2. Сен ауырып қалған досыңның көңілін сұрап

бардың.

3. Анаң үйде жұмыс істеп жатыр, ал сенің

досыңмен телефон арқылы сөйлесуің керек.

Әр көріністе қалай сөйлесу керек: қатты ма, әлде

жай ма? Мүмкіндігінше әдепті сөйлеу нормалары

мен телефон арқылы қалай сөйлесу керектігі жайлы

талқылау.

сазды аспаптар;

«Табиғи дыбыстар. Таулар» бейнекөрінісі;

зеңбірек ағаш туралы бейнекөрініс.




Сабақтың соңы


Бүгін не үйрендік?

Қандай дыбыс түрлері бар?

Кері байланыс

Бағдаршам әдісі арқылы.

Shape1

Барлығы түсінікті

Shape2

Сұрағым бар

Shape3

Түсінбедім



Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Дифференциация іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың дербес қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде көрінуі мүмкін.

Дифференциация уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады

Зертте. Қандай жерлерде бәсең дыбыстар

қажет? Қандай жерлерде қатты дыбыстар қажет?cұрақтарына жауап беруге қиналған оқушыға жеке қолдау көрсету.


Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Зерттеу барысында оқушылардан сұрақ: «Неге

кейбір орындарда тыныштықты сақтау қажет?

(Адамдар ұйықтап жатады, демалып жатады,

науқастанып тұруы мүмкін, үй жануарлары болуы

мүмкін т.б.) Ондай орындарды қалай бақылау керек?

(Үндемей, ешкімге кедергі келтірмей.) Осылайша

оқушылар айналадағы нысандар, құбылыстар және

үдерістерді зерттеуге қажетті жағдайлар мен

дағдыларды анықтай алады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта

Қауіпсіздік техникасының ережелерінен қолданатын тармақтар

Сергіту сәттерін ұйымдастыру




Естимiз, бiрақ көре алмаймыз.

Айтамыз, бiрақ жаза алмаймыз. (Дыбыс)



Әрине, дыбысты айтамыз, естимiз.


Айналамыздан әртүрлi дыбыстарды естyге болады.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!