Материалдар / Ашық сабақ "Ей,Астана"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Ей,Астана"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне іс тәжірибе бөлісуге қажет деп ойлаймын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2018
449
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сабақтың тақырыбы: Ей, Астана!
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік:Елорда туралы түсініктерін кеңейту,мәтінмен жұмыс жасай 
отыра, оқушылардың сөйлеу дағдысын арттыру,
Дамытушылық: Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін кеңейту, сөздік 
қорын молайту, сауатты оқу дағдысын күшейту, топпен 
жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Өз еліне,жеріне деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу, бір –біріне 
сыйластық сезімдерін тереңдету;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі:интербелсенді тақта, суреттер 
Сабақтың барысы:
I .Ұйымдастыру кезеңі: 

Амандасу: Жақсы оқып сабақты
Әдеп сақтау сәніміз
Сәлем бердік сіздерге
Басымызды иіп бәріміз
Сыныбымыз тап- таза
Бор да дайын тақтада
Ойымызды жинақтап,
Отырайық партаға

–       Балалар, бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. «Қонақ аз отырып, көп сынайды» – деген қазақтың мақалы бар. Бүгінгі сабақта білімімізді көрсете білейік.
–       Балалар, бүгінгі сабақта топпен жұмыс істейміз.


Оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу. Сабақты әнұранмен бастаймын.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген « Атамекен аяулы» өлеңдерін сұрау.Критериалды бағалау.

Тақтада сызылған бағалау парақшасына мұғалім әр тапсырма орындалған соң,топтың бағасын қойып отырады.


1-тапсырма

2-тапсырма

3-тапсырма

4-тапсырма

5-тапсырма

Ортақ

баға

1-топ







2-топ









ІІІ. Жаңа сабақ
«Ой қозғау» әдісі

«Астана» туралы не білеміз.2 топқа қағаз,қарындаш таратылады.3 минут ішінде өз ойларын жазады
Оқушыларға Астана қаласы туралы бейнебаян көрсетіледі.
- Ал енді, оқулықтарыңды ашып, Нұрперзент Домбайдың «Ей, Астана!» өлеңімен таныс болайық.
ІҮ. Оқулықпен жұмыс.
Нұрперзент Домбай ҚазҰУ-дің журналистика факультетін 1980 жылы бітірген. Еңбек жолын бұрынғы Жезқазған облысы, Ұлытау аудандық газетінде бастап облыстық «Жезқазған туында» жалғастырады. «Егемен Қазақстанның» облыстағы меншікті тілшісі, Жезқазған аймақтық «Мысты өңір» газетінің бас редакторы болды. 2008 жылдан бастап республикалық «Ана тілі» газетінде қызмет атқарады. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Журналистер арасында өткізілген байқаулардың жүлдегері. Еңбек өтілі 35 жылға жуықтаған Нұрперзент Домбайдың көңілге түйгені мол. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, мәдениет қайраткерінің айтары да жетерлік

Мәтінмен жұмыс.

Өлеңді мұғалімнің оқуы.Оқушылардың іштей оқуы,жұптасып, топтасып оқуы.Әр топтан бірнеше оқушы мәнерлеп оқиды.

Топтарға тапсырма. Оқушыларға мынадай тапсырмалар беріледі: 

А – 
С – 
Т – 
А – 
Н – 
А – 
«Астана» сөзінің әр әрпіне теңеу жазу.

Сөздерді орын тәртібімен қойып, сөйлем құрастыр.
1. Астана, орналасқан, қаласы, Солтүстік, аймағында.
2. Ғимараттар, салынып жатыр, әсем, зәулім, мұнда.
3. Астана, айналды, іскерлік, мәдени орталыққа.
«Астана – Бәйтерек» монументінің қималарын дұрыстап құрау.
Ү. Сергіту сәті. Интербелсенді тақтадан сергіту сәті көрсетіледі. Оқушылар қайталап қимылмен көрсетеді.
Көзге арналған жаттығулар жасау.. 
Дәптермен жұмыс:

Дәптерлерімізді ашайық

қолға қалам алайық
Салақтықтан қашайық
Әдемі етіп жазайық

Сөздік жұмысы:

Өрелі іс-жаңа,жақсы істер

Шаһар-қала.

Бірегей-ерекше,басқаға ұқсамайтын

Тасы төрге домалау-абыройы,беделі көтерілу

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз,

Қолымызды созамыз.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып қаламыз.

Алақанды соғамыз,

Орнымызды табамыз.

Қорытынды:

2 топқа қағаз,түрлі түсті қарындаш,фломастерлер беріледі.

Тапсырма:Болашақта Астана қаласында қандай ғимарат тұрғызғылары келеді?

Жобаны қорғау.

Туған жерді сүю парыз.
Сүю үшін білу – парыз,
Қасиетті білу - парыз.
Күзетінде тұру – парыз.
- Балалар туған жеріміздің ыстық екенін ұмытуға болады ма?
Сондықтанда әр қашан туып өскен жерді құрметтеп, аялап,қорғап өтейік.
Сабақты түсінгендерін бағдаршам әдісі арқылы анықтау.
Қызыл – ешнәрсе түсінбедім
Жасыл – жақсы түсіндім
Сары – орташа деңгейде түсіндім.
ҮІІ. Бағалау.
Белсене қатысқан оқушыларды бағалау.
Кері байланыс. Оқушыларға смайликтер таратылады. Сол смайликтерге бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазып, «Астана – Бәйтерек» монументіне жапсырады.
ҮІІІ. Үй тапсырмасын беру.
« Ей, Астана!» өлеңін жаттау.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!