Материалдар / Ашық сабақ Ежелгі ата-бабаларымыз. 2 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ Ежелгі ата-бабаларымыз. 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ Ежелгі ата-бабаларымыз 2 сынып Сабақтың тақырыбы: Ежелгі ата-бабаларымыз Оқу мақсаты.1.3.2.1 көрнекі материалдардың негізінде сақтардың өмір салтын сипаттау. 1.3.4.1 дереккөздерді зерделеу арқылы Томирис туралы әңгімелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Мамыр 2022
277
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: Мектеп: №35 ОМ Пәні: дүниетану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Саяхат


Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Космаганбетова Ш.Б

Сынып: 1 Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы:

Ежелгі ата-бабаларымыз

Осы сабақта қол жеткізген оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3.2.1 көрнекі материалдардың негізінде сақтардың өмір салтын сипаттау.

1.3.4.1 дереккөздерді зерделеу арқылы Томирис туралы әңгімелеу.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: көрнекі материалдардың негізінде сақтардың өмір салтын сипаттайды, дереккөздерді зерделеу арқылы Томирис туралы танысады.

Көптеген оқушылар: көрнекі материалдардың негізінде сақтардың өмір сүру салтын қазіргі адамдардың өмір сүру салтымен салыстырады.Томирис жайлы әңгімелейді.

Кейбір оқушылар: сурет бойынша қоныс аударудың маңызын сипаттайды.Томирис жайлы дереккөздерден мәлімет жинақтайды

Бағалау критерийлері:

1.Сақтардың өмір сүру салтын сипаттайды

2.Сурет бойынша сақтардың тіршілігін әңгімелейді.

3.Сақ ханшайымы Томирис жайлы деректер жинайды

Тілдік мақсаттар:


Пәнге тән лексика мен терминология:

Көшпенді ел, бостандық, сақтар,Томирис

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Көшпенділер деп кімдерді айтамыз?Неліктен?

Сақ ханшайымы кім болған?

Сақтар немен айналысқан деп ойлайсың?

Сақтар қандай көлікпен жүк тасыған?

Құндылықтарды дарыту:

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясына негізделген құндылықтар:Құрметтілік-бұрыңғы өткен ғасырдағы тарихты құрметтеуге,ұмытпауға тәрбиелеу.

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік:Томирис патшайымды сипаттау барысында

Пәнаралық байланыс:

Тарих-сақтардың тіршілігін әңгімелеуде

Көркем еңбек- батыр қаруын мүсіндеу

Әдебиеттік оқу- оқушылар зейінін шоғырландыруда

АКТ қолдану дағдылары:

Интерактивті тақта,видеоролик


Бастапқы білім:

Ата- баба, киіз үй,көшу





Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

Оқушылардың зейінін шоғырландыру үшін «Тапқыр болсаң тауып көр» ойыны жүргізіледі.Тақтаға сөз жасырын түрде ілінеді.Оқушылар осы сөзді әріпті жұмбақтарды шеше отырып табады.

Жасырын сөз: КӨШ

Жұмбақтар:

1.Иекте бар,

Бетте жоқ.

Сүйекте бар,

Етте жоқ. (К)

2.Өрікте бар,

Анарда жоқ.

Өнерде бар,

Білімде жоқ. (Ө)

3.Шегеде бар

Балғада жоқ.

Шашта бар,

Қаста жоқ. (Ш)

-Балалар, ендеше қандай сөз шықты?

-Көш

Көш, көшпенді деген деген сөзді қалай түсінесіздер?

-Көшпенділер туралы не білесіңдер?

Дұрыс.Яғни, бір жерден екінші орынға көшіп-қонып тіршілік ететін адамдарды көшпенділер дейді.

Біздің ежелгі ата-бабаларымызды көшпенділер деп атайды.

-Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Ежелгі ата-бабаларымыз. Мақсатын ашу.

Оқушыларды қима сурет бөліктері арқылы топқа бөлу

1 топ - садақ, 2 топ - айбалта, 3 топ - қылыш.

Әр топтың суреттерінің алғашқы әріптерінен сөз шығарады. «Сақ»






















Садақ , айбалта,қылыш.




Сабақтың ортасы











М.Т Сақтар туралы бейне көрсетілім көру

-Қазақ жеріндегі бірінші мемлекетті кімдер құрған?

-Сақтар туралы не айтуға болады?

-Сақтар немен айналысқан деп ойлайсың?

-Cақтар еліне кімдер шабуыл жасаған ?

-Сақтардың Патшайымы туралы не айтуға болады?

- Тұжырым:Біздің ежелгі ата-бабаларымыз сақтар болған.

М.Т.

Сақтар-қазақ халқының ежелгі бабалары. Қазақ жерінде бірінші мемлекетті осы сақтар құрған. Олар епті, асқан жігерлі болумен қатар озық мәдениетімен, қолөнерімен, шаруашылығымен даңққа бөленген. Олар шаруашылыққа қолайлы жерлерге қоныс аударып отырды. Сондықтан оларды көшпенді халық деп атады.

Сақ тайпасының ханшайымы Томирис болды. Томирис қайсар, ержүрек, батыр қыз еді. Ол өз жерін Парсы елінің патшасы Кирден қорғап қалған.

Топтық жұмыс:

1-Топ.

«Қабырға газеті» әдісі

Суреттер мен тірек сөздерді (ата-бабалар, көшпенді ел, киіз үй, түйе, қой, жылқы,арба, жеккен, айналысқан) пайдаланып «Сақтар- көшпенді халық» тақырыбында қабырға газетін жасақтау.

Дескриптор:

-суреттің мазмұнымен танысады

-тірек сөздерді пайдаланады

-берілген тақырыпқа газет құрайды.

Кері байланыс: «От шашу»

2- топСәйкесін тап» әдісі

Суреттер арқылы сақтардың өмір сүру салтын қазіргі адамдардың өмір сүру салтымен салыстырып, сәйкесін табады.

Суреттер қою

Дескриптор:

-қазіргі өмір сүру салтын ажыратады.

-бұрынғы өмір сүру салтын ажыратады

-суреттерді қажетті суретпен сәйкестендіреді


Қазір Бұрын








Кері байланыс: мадақтау

(Тамаша!, Жарайсың! Жақсы!)

3-топ. « Екі сұрақ» әдісі

Тақырып бойынша ежелгі ата – бабаларымыздың қоныс аударуын суреттейтін және Томирис жайлы екі сұрақ құрастыру.

Дескриптор:

- сұрақтар құрастыра біледі

Кері байланыс: «Бағдаршам»

Сергіту сәті: Жұмыр қылыш

Саралау тапсырмасы «Бірге ойлаймыз» әдісі

1.Барынша қолдауды қажет ететін оқушылар: Томирис жайлы мультфильмді қарап, оның ерлігі жайында әңгімелейді.

Дескрипторы: батырдың ерлігі жайлы біледі


2.Орташа қолдауды қажет ететін оқушылар: Батырдың қару-жарағын мүсіндеу

Дескрипторы: ермексазбен қару –жарағын мүсіндей алады.

3. Аз колдауды қажет ететін оқушылар: ежелгі және қазіргі баспана суретін бейнелеп, салыстырады. Дескрипторы: баспаналарын бейнелейді, салыстырып,маңызын сипаттайды.

https://www.youtube /4АIHjjUPTas

Сабақтың соңы





Кері байланыс «Рефлексиялық нысана»

Оқушыларға есімдері жазылған нысана жебесі таратылады. Көздеген түсіне жапсырады.

1

Сары түс- бұл тақырып маған өте қызық болды.

Қызыл түс-маған бәрі түсінікті.

Көк түс-маған көмек қажет


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?


Б.Қ.Қ.E.O

Томирис жайлы мультфильмді қарап, оның ерлігі жайында әңгімелейді.

O.Қ.Қ.E.O.-

Батырдың қару-жарағын мүсіндейді.

A.Қ.Қ.E.O

Ежелгі және қазіргі баспана суретін бейнелеп, салыстырады.

Бағалау- оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Тапсырмаларды орындау барысында топтық бағалаулар және «Maдaқтay әдici», «От шашу», «Бағдаршам», «Қабырға газеті», «Сәйкесін тап», «Екі сұрақ», «Бірге ойлаймыз» әдicтepi қoлдaнылaды.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Caбaқ бapыcындa oқyшылapғa пapтaғa түзу oтыpy epeжeлepiн ecкepтeмiн.

Топтық жұмыстар жүргізу барысында қауіпсіздік ережені еске түсіру















Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық

кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Oқy мaқcaттapына cүйeнe oтыpып caбaқ мaқcaты құpылды. Ықшам сабақ құрылымы о

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!