Ашық сабақ "Ежелгі түріктер.Түрік қағандығы."5 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Ежелгі түріктер.Түрік қағандығы."5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
«Түрік», «қағанат» атауларына түсінік беру, түрік қағандығының қоғамдық құрылысының ерекшелігін ашып көрсету және саяси тарихы мен шаруашылық жағдайы туралы түсінік беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Ежелгі түркілер. Түрік қағандығы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Түрік», «қағанат» атауларына түсінік беру, түрік қағандығының қоғамдық құрылысының ерекшелігін ашып көрсету және саяси тарихы мен шаруашылық жағдайы туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Түркі дәуірінің тарихы мен мәдениетін қазіргі Қазақстан тарихы мен мәдениетімен байланыстырып, оқушылардың тарихи ойлап, қорытынды шығара білу қабілеттерін, ой- өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Қазақтардың арғы ата- бабалары түріктердің жан- жақты даму тарихын оқыта отырып, оқушыларды отаншылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, тест, тірек-сызба, сәйкестендіру тесті, топтық жұмыс әдісі және ауызша баяндау.

Сабақтың көрнекілігі:1.Түркі дәуірінің картасы 2.Түркі дәуірінің ескерткіштерінің суреті.3. Түркі қағандығының шаруашылығын, тұрмысын сипаттайтын суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

Сабаққа әзірліктерін тексеріп, топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

І кезең. Тарихи блиц.Әр топқа сұрақтар оқылады.

І топ.

1. Қытайлық ежелгі деректерде ғұндар қандай атпен белгілі болды?(хунну)

2. Қытай деректері бойынша ғұндардың алғашқы көсемі кім болды?

(Шунь –вей «Шоң би»)

3. Ғұндардың жоғарғы билеушісін қалай атады? (Шаньюй)

4.б.з.б 188 ж болған қытайлықтар мен ғұндар арасындағы шайқас кімнің жеңісімен аяқталды? (ғұндар)

5. Ғұндар әскерінің негізін кімдер құрады?(атты әскер)

6. Еділ патша батыс ғұн империясының тағына отырған жылы?(434 ж)

7. Ғұндардың шабуылынан кейін ыдырай бастаған Рим империясының шығыс бөлігі енді тарихта қандай атаумен белгілі болды?(Византия)

8. Ғұн қоғамында бұқа ненің нышаны болды?(күш пен билік)

ІІ топ.

1.Еуропалық тарих ғылымында ғұндар қандай атпен белгілі болды?(халықтардың ұлы қоныс аударуы)

2. Аманат дегеніміз не? Юечже еліне аманатта болған кім?

(кепілдікті білдіреді, Мөде)

3. Ғұн қоғамында жоғарғы билікке ие болған Мөде қандай атқа ие болды?

(Аспан ұлы)

4. Ғұн империясы қашан екіге бөлініп, ыдырады?( б.з.б 55 ж)

5. Ғұндардың негізгі қаруы? (садақ,найза)

6. Оңтүстік ғұндар кімдерге бағынышты болды?(Хань империясы)

7. Ғұндардың оңтүстікке жылжыған топтарын қалай атады? (ақ ғұн)

8. Ғұн қоғамында бұғы ненің нышаны болды?(бақыт пен жақсылық)

ІІІ топ.

1.Ғұндардың аты тарихта қандай әлемдік таихпен байланысты?(Еуропа)

2.Ғұн мемлекетінің негізін қалаған кім?(Мөде)

3.Зерттеушілердің көпшілігінің пікірі бойынша ғұндар кімдердің арғы тегі болып есептеледі?(түріктердің)

4.Ғұн билеушісінің атағы?(шаньюй)

5.Ғұндардың баспанасы не болды? (киіз үй)

6.Бұл дәуірдің ұлы оқиғасы деп аталатын Каталун шайқасы қай жылы болды? (451ж)

7.Ондаған жылдық соғыстан кейін кімдер жүз жыл бойы оңтүстік ғұндарға бағынышты болды? (парсылар)

8.Ғұн қоғамында аққу ненің нышаны болды? (үй ошағын сақтаушы)

ІІІ. Жаңа сабақ жоспары.

  1. «Түрік» атауы.

  2. Түріктердің көршілермен саяси қарым-қатынасы.

  3. Қағандықтың құрылуы.

  4. Түрік қағандары.

  5. Қағандық халқының кәсібі.

  6. Түріктердің рухани мәдениеті.

«Биікте көк тәңірі ,

Төменде қара жер жаралғанда,

Екеуінің арасында адам баласы жаратылған.

Адам баласы үстіне ата тегім

Бумын қаған, Істеми қаған отырған

Отырып, түркі халқының

Ел жұртын қалыптастырған , иелік еткен»

«Күлтегін»

Б.з-дың І мыңжылдығының орта шенінде Қазақстан даласында ірі этникалық өзгерістар басталды. Бұл дәуірді шартты түрде ежелгі түрік немесе көне түркі дәуірі деп атаймыз.Түркі сөзі «төркін» «әскери ақсүйек» деген сөзден шықты деген жорамал бар. Алғаш «түрік» атауы қытай деректерінде 542 жылы кездеседі.Қытайлықар түріктерді ғұндардың (хунну) ұрпақтары деп есептейді. Генеалогиялық аңызға сәйкес , түркілердің алғашқы ата-бабасы – он жастағы ұл бала халықты жаулары қырған кезде жалғыз аман қалған екен – мыс. Баланы қасқыр асырап алып, кейіннен сол баладан он ұрпақ тарайды. Қасқырдан тараған әулет деп, оларды «Ашина» (қасқыр) атаған. Ескі сына жазуларында түріктер өздерін «он оқ будын » деп те жазады. Ол он ұлдан тараған ел дегенді білдіреді.Түрік-ашина елінде ҮІ ғасырдың ортасында билік еткен Бумын қаған түркі мемлекетінің негізін салды. Ол көшпелі түркілерді Түрік қағанатына біріктірді. Осы кезеңнен Орталық Азияның тарихи сахнасында түрік этносы үстемдік ете бастады.

Картаның көмегімен түркілердің әр түрлі бағыттағы көршілерін және олармен қарым-қатынасына тоқталамын. Оқушыларға еске сактауға ыңғайлы болуы үшін төмендегі сызбаны пайдаланамыз.

Түріктердің көршілермен саяси қарым-қатынасы




Ирандықтар

Тунгус-манчьжурлар



Қытайлықтар


Түркілер



Тохар тайпалары


Түріктер өздері мемлекеттің құру жолында осы тайпалармен бірде достық бірде жаулық қарым-қатынастарда болғандығын сипаттай отырып, Түрік қағандығының құрылып, қуатты мемлекет дәрежесіне көтерілу кезеңдерін түсіндіремін.

ЕShape1

Бумын қаған 552 ж.ж

л билеген қағандар

Shape7 Shape6 Shape5 Shape4 Shape3 Shape2

Қараеске қаған

552-553 ж.ж

Мұқан қаған 553-572 ж.ж

Естеми қаған






Shape8


Shape10 Shape9

ҮІІ ғасырда (603ж) Түрік қағанаты

Шаруашылығы: Мал шаруашылығы, егіншілік, сауда, қолөнер.

Түркі тайпаларының діни наным сенімдері: Көк тәңірі,Ұмай ана,бөрі, от



ІҮ.Білімді бекіту.1-тапсырма. Сәйкестендіру тест . (Термин сөздермен жұмыс.)

ҚShape12 Shape11 ағанат түркі тілдес тайпалардың ортақ атауы

ҚShape13 аған ел, мемлекет

ТShape14 еле құл

Тат ел билеуші

2- тапсырма. Кестемен жұмыс.

«Түркі»сөзінің ұғымы

Мемлекеттің құрылған жылы, алғашқы қаған

Қағанат құрамындағы тайпалар

Шаруашылығы





3-тапсырма. Тест.

  1. «Түрік» этнонимі бірінші рет деректерде қашан кездесті?

А. 542 ж В) 545 ж С)546 ж

2. Түріктер қай жылы Жужан қағандығын талқандады?

А) 542 ж В)552 ж С)553 ж

3.Түрік қағанатының екіге бөлінген уақыты?

А)603 ж В)604 ж С)605 ж

4.Елхан атағын алған қаған?

А)Мұқан В)Бумын С)Қараеске

5.Түрік қағанаты қай жылы ыдырады?

А) 563 ж В)581 ж С)603 ж

Ү.Оқушыларды бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма. 21- параграфты оқып келу.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.12.2017
915
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі