Материалдар / Ашық сабақ "Ежелгі Үндістан" 6 класс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Ежелгі Үндістан" 6 класс

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары жас маман үшін қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Тамыз 2018
1247
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ашық сабақ «Ежелгі Үндістан» 6 класс

Сәрсенбаева Айсәуле Нағашыбайқызы


Сабақтың тақырыбы: Ежелгі Үндістан. Ежелгі қалалар мен елді мекендер. Үнді мемлекетінің құрылуы. Əлеуметтік қатынастар. Шаруашылығы.

Сілтеме:

6-сынып оқулығы,МАН,ежелгі дүние тарихы тарихы (оқыту әдістемесі),жұмыс дәптері

Сабақтың мақсаты:

Үндістан жеріндегі шаруашылықтың дамуы және төрт әлеуметтік топқа бөлінуі туралы олардың маңызы туралы білу.Оқушылардың есте сақтау, логикалық сыни тұрғыдан ойлау, карта, тірек-кестелермен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту. Өзге елдердің тарихы туралы айта отырып, азаматтық, патриоттық тәрбие беру. Диалогтық оқыту арқылы топтық жұмыс барысында танымдық тапсырмалар орындау барысында алған білімдерін қолдана отырып Үнді халықтарының өткен тарихына талдау жасау.

Міндеттері:

Тақырып мазмұнын аша отырып, оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру.

Күтілетін нәтиже:

Тірек-кестелермен жұмыс жасай отырып Үндістан жеріндегі шаруашылықтың дамуы және төрт әлеуметтік топқа бөліну тарихымен танысады; алған білімдерін қолдана отырып Үнді жеріндегі төрт әлеуметтік топқа сипаттам бере алады.

Сабақтың түрі:

Саяхат сабақ

Әдіс-тәсілдері:

СТО технологиясы- миға шабуыл,болжам кестесі,эссе,семантикалық карта. ККК»әдісі

Пәнаралық байланыс:

әдебиет

Ұйымдастыру кезеңі 2 мин.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

  1. Сәлемдесу

  2. Ұйымдастыру

  3. Топқа бөлу,жұп

  4. Сабақ барысымен таныстыру.

  5. Бағалау парағын таныстыру.

  6. Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру

Сәлемдесу

«Шаттық шеңбері» тренингімен өздерін ретке келтіру.« Суретшілер, Зерттеушілер, Археологтар ,Әдебиетшілер

деген сөздер арқылы топқа бөліну.

Кітап құралдарын, дәптерлерін, қалам қарындашын дайындыққа келтіру.

Үй тапсырмасын тексеру 2 мин

«Кім жылдам» ойыны

1. Б.з.б. ХҮ ғ. күшейген қала –мемлекеті. (Ашшур)

2. Урарту мемлекетінің астанасы (Тушпа)

3. Хеттер б.з.б 1595 жылы қай елді тонады? (Вавилон)

4. Парсы патшасының тағына б.з.б 522 жылы отырған патша (І.Дарий)

5. Соғды елінің астанасы. (Самарқан)

6. Ең ежелгі мәліметтер беретін шығарма (Авеста)

7. ІІІ ғасырда Иран жерінде қалыптасқан мемлекет (Сасанилер)

8. Б.з.б 130 жылы Парифияға шабуыл жасаған Сирия патшасы (ІІІ Антиох)

9. Авеста кітабында «Тулары биік көтерілген ел» – атанған мемлекет. (Бактрия)

10. Хетт жеріндегі ең үлкен өзен (Галис)

Ә). Төменде берілген астаналар мен мемлекеттерді сәйкестендір

Хетт 1. Тушпа

Соғды 2. Хаттуса

Урарту 3. Бактр

Бактрия 4. Самарқан

Б). Тұлғаны таны

Қай елдің тұлғасы екенін тап.

Ашшурбанипал ( Ассирия)

Табарна (Хетт)

Дәуіт патша (Израил –иудей)

Набонид (Вавилон )

Тиридат (Парфия)

Астиаг (Вавилон)

ІІІ Антиох (Сирия)

Мемлекетті таны

Төменде берілген елдің қайда орналасқанын тап.

Парфия (Иранның солтүстігінде )

Кушан (Қазіргі Өзбекстан, Қырғызстан, және қашқар жерінде)

Бактрия (Тәжікстан мен Ауғанстан жерінде)

Мидия (Вавилонның солтүстік –шығысында)

Парсы патшалығы (Иран үстіртінің оңтүстігі, Вавилонның оңтүстік –шығысында)

Хетт (Қазіргі Түркия жерінде)

Урарту (Қазіргі Армения жерінде)

Ассирия (Вавилоннвң солтүстігінде)

Қызығушылықты ояту 2 мин

«Миға шабуыл» Балалар, бізге Азияда орналасқан мемлекеттен хат келіпті. Сол хатты бірге оқып көрелік. Жұмбақ хатты талқылайық.
«… Орталық Азияда орналасқан бұл ел түбекте орналасқан. Халқының саны жағынан дүние жүзінде 2 - ші орынға ие. Елде шахматты ойлап тапқан, суармалы егіншілікпен айналысқан халық тұрады. Бұл мемлекетті көпшілігі аса бай мәдениетімен,ежелгі өркениетімен,терең тамырлы философияның,мол өзіндік ізгі рухани мұраның,сыры да сыны да сақталған әдет-ғұрыптар мен дәстүрлердің,сырлы сазды ән мен бидің,ғажайып киноның, жұпар иісті шайдың отаны әні мен биімен таниды. Бұл мемлекетте табынатын қасиетті деп саналатын жануары - сиыр. Бұл мемлекеттің даму деңгейі орташа...» — Мәліметтерде қай ел туралы айтылған?
— Балалар «Үндістан» деп жауап бергеннен кейін, жаңа сабақтың мақсатымен таныстырылып, жаңа сабақты интерактивті тақта арқылы түсіндіріледі.

Тапсырма:

Өткен тақырыптағы осы сөздерді еске түсіре отырып, жаңа тақырыпты анықтайды.

Мағынаны тану (Мұғалім жаңа тақырыпқа шығады. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады.)

Сабақтың негізгі бөлімі 15 мин

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1-топ:Үнді жерінде қалаларды суретте

2-топ:Үнді мемлекетінің құрылуы сипатта

3-топ:Ежелгі Үнді жеріндегі егіншіліктің, қолөнердің және сауданың дамуына патша неліктен бақылау орнатты?

4-топ:Варна немесе каста туралы әңгімеле

Үнділіктердің тарихи-мәдени табыстары 
• Жазудың табылуы 
• Қантты өндірді 
• Мақтадан мата тоқыды 
• Шахмат ойынын ойлап тапты 
Б.з.б. 2-мыңжылдықтың 2-жартысында Үндістанға арийлер келіп, алғашында Пенджабты, соңынан Ганг жазығын мекендеді.

Бұл құл иеленуші мемлекеттердің халқы 4 топтан құралды:

•брахмандар;

•кшатрийлер;

•вайшилер;

•шудралар.

Тарихи сынақ хат.

Үндістанның _________ бөлігі ежелден –ақ адамдардың өмір сүруіне қолайлы болды. Археологтар Үндістаннан алғашқы ________ ғасырына тән қоныстарды тапты. Үнді өзені бойынан _______ және Мохенджа –Даро қалалары табылды. Үнді жерінен _____ иероглифтік таңбадан тұратын жазу табылды. Б.з.б ______ ғасырға дейін Үндістанның солтүстігінде бірнеше ұсақ мемлекет қалыптасты. _____________ б.з.б ҮІ ғасырдан бастап тез күшейді.

____________ ежелгі Үндістан тарихында үлкен рөл атқарған жаңа билеуші. Чандрагупта ________ әулетінің негізін қалады. Үндістанда _________ шаруашылығы кең түрде дами бастады. ___________ саны көбейді.

 2-топ:Әріптерді дұрыс орналастыр

Төменде берілген әріптерды дұрыс орналастырсаң бір сөз шығады. Артық әріптерді бір қатарға дұрыс орналастырса, бір сөз шығады. Сол сөзге байланысты мақал-мәтел айтып жарысады.

  1. ДШАЕУР

  2. АУШАҢР

  3. ХБМРБАНА

  4. РЖГУАННЫЕ

ІНҮДК

Сергіту сәті: «Сөздікпен жұмыс».
Пенджаб - бес өзен елі.
Брахма – үнді құдайының аты
Кшатрий – жауынгерлер тобы.
Вайший – егіншілер тобы.
Варна - өз дәрежесі бойынша өмір сүруге тиісті тұйық топ.
Сакхари – қант құрағын үнділіктер осылай атаған
Раджа – тайпа көсемі.

1-топ үзінді айтылып болған соң,одан әрі не болатынын,2-топ үзінді мазмұнына сүйене отырып өз болжамдарын дәлелдейді,3-топ Шын мәнінде не болғанын оқулықтан табады.

Ой толғаныс 15 мин

1-топ: 1. Ежелгі Үндістан мемлекеті..(Оңтүстік Азияда Үнді түбегінде)........орналасқан.

2. ...(Б.з.б II мыңжылдықта)... қалалар мен ірі елді мекендер пайда болды.

3. Үндістанның солтүстігінде ....(Ганг өзенінің төменгі ағысында) бірнеше ұсақ мемелкет қалыптасты.

4. Солардың бірі ...... (Магадха) күшейіп,гүлдене түсті.

2-топ:Адасқан сөздер 
1.Үндістан,оңтүстігіндегі,деп,Азияның, үшбұрыштана,аталады,теңізге,жатқан,түбек, еніп, түбегі .
2.Үндістан,ежелгі,деп,Чандрагупта,Маурия, әулеті,негіздеген,тарихында,әулет,аталады.
3.Көшпелілер,солтүстіктен,арий,қоныстанады,Үндістанға,келіп.  3-топ:Кестемен жұмыс

Әлеуметтік топ










4-топ:«Сәйкестендіру»
1.Хараппа -аршіліктер
2.Тазақанды, асыл текті адамдар -ежелгі қала
3.Бес өзен елі деп атайды -Таңбадан құралған
4.Жазу 400-дей иероглифтік -Пенджаб
5.Брахма құдай өзенінің -варна
қолдарынан жаратқан
6.Тұйық топта өмір сүргендерді -Жауынгерлер
ғылыми әдебиетте
7.Сауда -Үндістанның оңтүстігінен
8.Алтын негізінен -гректермен, египттермен

1.Жылдаы болған оқиғаларды ауызша айтады. 2.Семантикалық кестемен жұмысты толтыру.

3.Семантикалық кестені толтырып,Үнді жерінде дамыған ғылымдарды жаза отырып топ ішінде белсенділік көрсету.

Қорыту. Күтілетін нәтиже 3 мин.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

«4 сөйлем» тәсілі

Пікір

Өз пікіріңді бір сөйлеммен білдір

Дәлел

Келтірген пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде

Мысал

Бір сөйлеммен мысал келтір

Оқушылар өз топтарында постерге түрлі-түсті қағаздарға тақырып бойынша меңгерген,түсінген сөздерін жазып,іледі.Белгі берілген соң топтар қозғалысқа түсіп критерий бойынша бір-бірін бағалайды.

Бағалау 4 мин

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылардың формативті бағалауымен өз бағасынан ортақ баға қояды . Кері байланыс.  

Оқушылар өз топтарында бақылайды, бағалайды.

Үйге тапсырма 2 мин

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үйге: «Тәж — махал»  тақырыпты оқу, кескін картаға Ежелгі Үндістан және ежелгі қалалары мен елді мекендерін түсіру.

Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алу,жұмыс дәптеріндегі кестесін орындау.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!