Материалдар / Ашық сабақ «Екінші Швейцария» Қарғалы ауданының туристік мүмкіндіктері 6 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ «Екінші Швейцария» Қарғалы ауданының туристік мүмкіндіктері 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қарғалы ауданы туралы мәлімет беру, туристік мүмкіндіктерімен таныстыру. «Білгенге маржан» әдісімен жаңа тақырыпты меңгеру.  Қарғалы ауданы –Ақтөбе облысының солтүстігінде орналасқан  Аудан орталығы – Бадамша ауылы  Құрылған уақыты- 1934жыл  Жер аумағы- 5 мың км2  Қарғалы су қоймасы Қазақстанның ең тартымды туристік орындарының ТОП-50 қатарына енді  30жылдан бері бекіре өсірумен айналысатын қожалық- «Ардағым» шаруа қожалығы  Түйетөбе ескерткіші 1930-1950 жылдардағы Кеңес өкіметі ұйымдастырған жаппай қуғын-сүргін құрбандары атылған жер  Қасқыр сарқырамасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Мамыр 2023
263
2 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«ҚАЛАЛЫҚ ЖАС ТУРИСТЕР СТАНСАСЫ» МКҚК







Picture 4









Ашық сабақ тақырыбы:

«Екінші Швейцария»

Қарғалы ауданының туристік мүмкіндіктері










Орындаған: қосымша білім беру педагогы

Мерекеева Айжан Байғалиқызы

















Ақтөбе - 2023 жыл

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қарғалы ауданы туралы мәлімет беру, туристік мүмкіндіктерімен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың өз өлкесіне деген сүйіспеншіліктерін дамыту.

Тәрбиелік: халық қамын ойлайтын, ұлтжанды, елін, Отанын сүйетін азамат болып өсуге баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: жарыс , түсіндіру, сұрақ - жауап

Сабақтың көрнекілігі: Презентация, постер, стикер, маркер , тақырыпқа байланысты суреттер, видео,карта.

І.Сабақтың барысы:

«Мейірім» әдісі арқылы көңілді әуен және смайликтер арқылы амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын, дайындығын тексеру.












Оқушылардың сабаққа қатысын, дайындығын тексеру.

«Bouncy balls» әдісімен класты тыныштандыру.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: «ЖОЛДАМА» әдісі.

Ақтөбе облысы Республикамыздың қай бөлігінде орналасқан? Солтүстік-батыс бөлігінде

Ақтөбе облысында неше аудан бар ? 12

Тама Есет батыр кесенесі қай ауданда орналасқан ? Алға

Аспан әлемі, жұлдыздар, планеталарды жақыннан тануға мүмкіндік беретін мекеме ? Планетарий

Ақтөбе облысының әкімі ? Ералы Тогжанов

Ақтөбе қаласының әкімі ? Асхат Шахаров

Зәру пантоемханасы қай ауданда орналасқан ? Мәртөк

Қобда ауданында дүниеге келген қазақтың батыр қызы ? Әлия Молдағұлова

Таудың атымен аталатын ауданды ата? Мұғалжар

Ақтөбе облысының орталығы ? Ақтөбе қаласы

Сергіту сәті: « Ассоциациялық көрініс» әдісі. Оқушылар өздерінің есімдерінің бас әріпінен басталатын жылы сөз немесе жақсы қасиетін айтуы керек. ( мысалы Айжан-алғыр, Хадиша – харизматичная, Тілекші- тапқыр, т.б)


ІІІ.Жаңа сабақ: компас, кітап, микроскоп суреттерін таңдау арқылы топқа бөліп, «филворд» әдісімен топтардың атын анықтау.

  1. Саяхатшылар 2. Өлкетанушылар 3. Экологтар


«Білгенге маржан» әдісімен жаңа тақырыпты меңгеру.

  • Қарғалы ауданы –Ақтөбе облысының солтүстігінде орналасқан

  • Аудан орталығы Бадамша ауылы

  • Құрылған уақыты- 1934жыл

  • Жер аумағы- 5 мың км2

  • Қарғалы су қоймасы Қазақстанның ең тартымды туристік орындарының ТОП-50 қатарына енді

  • 30жылдан бері бекіре өсірумен айналысатын қожалық- «Ардағым» шаруа қожалығы

  • Түйетөбе ескерткіші 1930-1950 жылдардағы Кеңес өкіметі ұйымдастырған жаппай қуғын-сүргін құрбандары атылған жер

  • Қасқыр сарқырамасы

«3D-tour» әдісі. Қарғалы ауданына виртуалды саяхатқа шығамыз. (Экраннан Қарғалы ауданының 3D форматта видеосы көрсетіледі: Қасқыр сарқырамасы, Мылқау ауыл, Қарғалы су қоймасы)

«Ойлан, бірік, бөліс» әдісі арқылы әр топ оқушылары берілген мәтін бойынша постер қорғайды.

І- топ: Берілген ақпарат бойынша ауданның құрылуына, тарихына қатысты мәліметтерді жазу.

ІІ- топ: Берілген ақпарат бойынша ауданнан шыққан тарихи тұлғалар мен тарихи ескерткіштерге қатысты мәліметтерін жазу.

ІІІ- топ: Берілген ақпарат бойынша ауданның туристік мүмкіндіктері бойынша мәліметтерді жазу.

Қарғалы ауданы — Ақтөбе облысының солтүстігіндегі әкімшілік бөлік. Орталығы – Бадамша ауылы. Аудан батысында Мартөк ауданы, оңтүстігінде Ақтөбе қалалық әкімдігі мен Хромтау ауданы, солтүстігінде Ресейдің Орынбор облысымен шектеседі. Аудан жерінің басым бөлігі жазық, төбелі-бөктерлі жерлер де кездеседі. Солтүстігінде Орал тауларының оңтүстік сілемдері бар. Аймақта тұщы жер асты сулары мен минералды сулардың үлкен қоры бар. Аудан экономикасы - ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығына негізделген. Құрылған уақыты- 1934 жыл.

Эбита қорығы 2010 жылы 18 ақпанда бұлан, елік және басқа да сирек кездесетін жануарлар түрлерін қорғау үшін құрылған. Табиғи қаумалдың жалпы алаңы — 83 770 гектар.

Түйетөбе ескеркіші – Ақтөбе қаласы маңында 1937 – 38 жылдар кеңес өкіметі ұйымдастырған жаппай қуғын-сүргін құрбандары атылған жер. 1920 – 40 жылдар аралығында Ақтөбе облысы бойынша 6 мыңдай адам саяси қуғын-сүргінге ұшыраған. Олардың 1 мыңға жуығы ату жазасына кесілген.

Қызылтам кесенесі XVI- XVII ғасырларда салынған. Қарғалы су қоймасының жағасында, Ақтөбе қаласының солтүстік-шығысына қарай 56 шақырым қашықтықта орналасқан. Я.Я.Полферов жазған аңыз бойынша Хиуа ханы Араб-Мұхаммедтің қалмақ ханы Бадмайдың қызына сәтсіз құда түсуімен байланысты екен. Ескерткіштің ең биігі - 3,75 м. Жыл өткен сайын тарихи ескерткіш жойылып бара жатыр.

Сәрке батыр 1690-1770 жылдар аралығында өмір сүрген, Меңдібек Шоңмұрынұлы атты Жағалбайлы Біліс тарауынан шыққан, мыңдаған жылқы өсірген, күйлі адамның отбасында дүниеге келген. Шоңмұрын баба ΧVΙΙ ғасырдың басындағы Алшын елінің беделді, күйлі, ықпалы бар, алдыңғы қатардағы азаматтарының бірі болған сыңайлы.

Қарғалы ауданындағы "Ардағым" шаруа қожалығы. 30 жылдан бері бекіре өсірумен айналысатын қожалық - Қазақстандағы бірегей шаруашылық. Қазір мұнда бекірені қыстату үшін суы жылы тоғанға ауыстырып жатыр. «Ардағым» шаруа қожалығының басшысы Қали Исмаилов- балық өсірудің нағыз маманы.

Қарғалы ауданында Қасқыр сарқырамасы бар. Мұнда жыл сайын 500 мыңнан астам адам демалады. Қасқыр сарқырамасының атауы аңыз бойынша көктемде қасқыр бөлтірігін судан өткізбек болып, сарқырамаға түсіріп алған екен. Ұлыған дауыс та шығады екен. Бұрын бұл маңда ауыл болған. Тоқырау кезінде бәрі көшіп кетіп, Ратай атты бір ғана тұрғын қалған. Ол мылқау болған соң ауыл Немой аталып кеткен секілді.

Қосестек ауылына туристер көп келеді. Көбі бұлақ суын ішіп, тынығады. Ауыл маңында бұрын орман болған. Орман ағаштары құрылыс саласына пайдаланылды. Ал қазір орман шаруашылығы жоқ. Есесіне өңірде Қызыл кітапқа енген қандыағаш бар. Қандыағаш таза су болған жерде ғана өседі. Егер аулаға апарып, ексе, шықпай, қурап қалады.

Ақтөбе облысындағы ең ірі су қойма - Қарғалы су қоймасы 1975 жылдан бері мемлекет бақылауында. Жағасы 45 шақырым болады. Орташа тереңдігі - 10 метр, ал ең терең тұсы - 31,8 метр. Су қоймасына жаңбыр, бұлақ суы және Қарғалы, Шанды, Шаршар, Айтбай өзендері құяды. Шортан, алабұға, қызылқанат, мөңке балығы бар.

« 2ГИС» әдісі.

Iтоп- Ақтөбе облысы картасынан Қарғалы ауданын табу;

ІІтоп- Қарғалы ауданына қатысты тарихи- мәдени орындарды картаға орналастыру;

IIIтоп- Қарғалы ауданында мекендейтін жануарлар мен өсімдіктерін анықтау.

«TARSIA» әдісі: уақыт оқиғаны сәйкестендіріп пазл құру.

Қарғалы ауданы құрылды- 1934ж

Сәрке батыр-1690-1770ж

Сарқырама-Қасқыр

Су қоймасы-Қарғалы

Аудан орталығы-Бадамша

Сәрке батыр ескерткіші-2019ж

Қызылтам кесенесі-XVI-XVII ғ

Мемлекеттік қорық -Эбита

Qargaly fest- 2022ж

Түйетөбе ескерткіші-1990 ж

Балық шаруа қожалығы –Ардағым

«Компас» әдісі арқылы сабақты қорытындылау:

Қарғалы су қоймасы қай жылдан бері мемлекет бақылауында?1975 жыл

Қарғалы ауданы қашан құрылды? 1934ж

Аудандағы балықпен айналысатын қожалық? Ардағым

Қарғалы ауданының орталығы? Бадамша

Қуғын сүргін құрбандары атылған жер? Түйетөбе

2018 жылы Қарғалы ауданында қай батырдың жылы деп жарияланды? Сәрке

Эбита қорығындағы сирек кездесетін өсімдік? Қандыағаш

Қасқыр сарқырамасы туралы аңыз?


«Панно» әдісі арқылы тақтадағы қураған ағаштың суретін жандандырып, стикерге оқушылар сабақтан алған әсерлерін жазып жабыстырады.


Сабақты бағалау: топтарға әр кезең бойынша саяхатқа жолдама беріліп отырады. Сабақ соңында жолдамалар есептеліп, ең көп жолдама жинаған топ жеңіске жетеді.


Үй тапсырмасы: Қарғалы ауданының картасын салып, мәдени орындары жайлы қысқаша мазмұндау.














Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!