Материалдар / Ашық сабақ Экологиялық білім,тәрбие және мәдениет .
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ Экологиялық білім,тәрбие және мәдениет .

Материал туралы қысқаша түсінік
:Экологиялық тірі ағзалардың бірі мен бірінің және олардың тіршілігінің ортамен өзара ара қатынасы туралы ғылым екендігі ,оның міндеттері,маңызы,тарихи кезеңдері,бөлімдері туралы білім беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Мамыр 2020
1055
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Биология пәні мұғалімі: Кереева Гулбаршын Халиковна

Сабақтың тақырыбы:

§62.Экологиялық білім,тәрбие және мәдениет .

Сабақтың мақсаты 1-білімділік:Экологиялық тірі ағзалардың бірімен бірінің және олардың тіршілігінің ортамен өзара ара қатынасы туралы ғылым екендігі ,оның міндеттері,маңызы, мәдениеті туралы білім беру.

2-Дамытушылық:Оқулықпен дербес жұмыс істеу,сызба нұсқалар құрастыра білу,қорытынды жасай білу,топпен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.

3-Тәрбиелік:Табиғатқа қамқорлықпен қарауға,табиғи ресурстарды ұтымды пайдалана білуге,салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:ЭО,слайдтар,сызба нұсқалар,кестелер.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:Топпен жұмыс,сұрақ-жауап,көрнекілік,шығармашылық жұмыс.

Сабақтың барысы:1)Ұйымдастыру

2)Өткен тарауға шолу жасап,қорытындылау

3)Жаңа сабақ: «мозайка» әдісімен оқушыларға қиылған суреттер таратып беру арқылы4 топқа топтастырамын.Содан соң әр топ бір-біріне сәттілік тілеп сабақты бастайды.

а) «Бәрін білгім келеді»,бұл бөлімде оқушылар топ бойынша текстпен жұмыс жасайды(5-6 минут).Содан соң қалған топқа меңгерген білімдерін түсіндіреді.

ә) «Халықаралық экологиялық форум-136»,әр топтан 1 оқушыдан шығыптүрлі елдердің экологиялық проблемалары туралы сөз қозғайды.

-Қытай мемлекетінен келген қатысушы эколог,

-Адам экологиясы-адамның тіршілігі мен іс-әрекетін табиғи ортамен байланыстырып зерттейтін экология ғылымының бір саласы.Ғасырлар бойы адамдар табиғатта өмір сүріп оның туындысы ретінде дамып келеді.Адам баласы салауатты өмір сүру үшін денсаулығын сақтаудың түрлі жолдарын іздестіре отырып аурудың алдын алу үшін куресіп келеді.Біздің Қытай мемлекетінде халық саны өте көп болуына байланыстар жанұяда бір сәбиден артық баланы дүниеге әкелуге болмайды.Шанхай,Пекин сияқты ірі қалаларда экологиялық жағдай шиеленісіп тұр.Қытай экологтары осы мәселені шешу жолын қарастыруда.

-Шотландиядан келген эколог,

-1974 жылы Шотландияның Питлохри қаласында қышқыл жауын жауған болатын.Қышқыл жауындар жауын-шашын құрамында азот пен күкірт қышқылдары мөлшерлерінің көбейіп кетуінен болады.Ал аталған химиялық қосылыстардың көбейіп кетуінің негізгі көзі-көмір,тақтатас,мазут, т.б. отын түрлерін жаққанда ауаға азот пен күкірт диоксидтерінің бөлінуі болып табылады.Осы қышқыл жауынның құрамы кәдімгі асханалық сірке судың(уксус) құрамына ұқсас.Бұл жауын құрамындағы қышқылдың мөлшері шектеулі мөлшерден 100 есе асып кеткен.Соның салдарынан өсімдікке,бау-бақша мен ірі құрылыстарға адам денсаулығына орасан зор зиян келтірген.Сол себептерден елде бала туу саны күрт төмендеп жан-жануар лар әлеміне де орасан зор нұқсан келтірген.Біздің елдің ғалымдары осы экологиялық зардаптарды жою үшін жұмыс жүргізіп келеді.

-Африкадан келген эколог,

-Біздің Африка дәрігерлері жұқпалы аурулардың ауа-су ,топырақ арқылы таралатынын байқап зерттеулер жүргізе бастады.Біздің елде климат жағдайы құрғақ,ыстық болуына байланысты астық дақылдары аз өндіріледі.Сол себептен Африка елдерінде ашаршылық мәселесі өршіп тұр.Егер адам баласы табиғаттың заңдылықтарын бұзбай,өз денсаулықтарын күте білсе биологиялық жас ұзақтығы 110-140 жылға дейін жасай алады.Біздің елдегі эколог ғалымдар мүйізтұмсықты,пілді сүйектері үшін заңсыз жолмен аулайтын адамдармен күрес жүргізіп,табиғи ресурстарды жоспарлы жұмсап,сақтап қалуға тырысуда.

-Америкадан келген эколог,

Мен Американың Нью-Иорк қаласынан келген экологпын.Бұл қала Алматы қаласы сияқты түтіннің астында тұрған қала.Оның басты себебі,өнеркәсіп бұйымдары арзан синтетикалық заттардын жасалынса,косметикалық заттардың сапасы бугінгі күннің талабына сай емес.Транспорт түтіні,зауыт-фабрикалар түтіні ауаны бүлдірсе,өндіріс қалдықтары топырақты,суды бүлдіруде.Біздің елдің эколог ғалымдары осы мәселелермен жүйелі түрде күресуде.

-Қазақстандық эколог,

(Жат ғаламшарлық гуманоид пен экологтар арасындағы диалогтар)

-Озон қабығындағы өзгерістерді көрдім.Оның себебі неде?

-Озонның атқаратын қызметі-ғарыштан жер бетіне еркін өтетін ультракүлгін сәулелерді сіңіріп,кейін шағылыстырады.Ал радиациялық сәуленің шамадан тыс өтіп кетуі тіршілік үшін өте қауіпті.Озон қабатының бүліну себебі адам әсерінен болады.Олар өндірісте,автокөліктерде,зымырандарда қолданылатын химиялық қосылыстар бүлдіреді.

-«Байқоңыр» ғарыш айлағы маңындағы табиғи өзгерістерге таң қалдым,бұның себебі не?

-Жыл сайын ұшырылып жатқан сан алуан зымырандар экологияға көп зиянын тигізуде.Оны ұшыру үшін сан түрлі химиялық заттар қолданылады,олардың мөлшері тонналап өлшенеді.Тіпті,зымыран бөлшектері қазақ даласында «жаңбырша» жауып жатыр деуге болады.Алайда біздің елдің ғалымдары тоқтатуға биылдан бастап батыл кірісті деп айтуға болады.

-Ал мына сендердің сүйікті қалаларың Алматының үстіндегі қою түтіннің себептері қандай?

-Соңғы кездері қалаға қоныстанушылардың саны күрт артты.Өнеркәсіп орындары көптеп салынды,сонымен қатар автокөлік мөлшері де көбейді,үй жылыту пештерінен шыққан түтін біздің қаламыздың ауасын ластауда.Сол себептен,Алматы қаласы түтін ішінде тұрған қала болып есептеледі.

-Арал,Балқаш,Каспий теңізінің экологиясы туралы не айтасыңдар?

-Оның басты себебі антропогендік факторлар,яғни адам қолымен жасалатын факторлар.Судың бұрмалануы,жоспарсыз игеру.Қазіргі кезде осы мәселелері бойынша Қазақстандық ғалымдар жоспарлы жұмыс жасауда.

б) «Халық айтса-қалт айтпайды» экологияға қатысты мақал-мәтел,тыйым сөздерді айтып жарысу.

- «Су ішкен құдығыңа түкірме».

- «Бір тал кессең-он тал ек»

- «Судың да сұрауы бар»

- «Құс ұясын бұзба»

- «Айға қарап дәрет сындырма»

- «Көк шөпті жұлма»

- «Орманды өртеме» т.б.

в) «Кім?Қашан?Нені?» бекіту бөлімі.Интерактивті тақтада көрсетілген сұрақтарға топ мүшелері жауап береді.

г) «Галереяға саяхат»-қорытындылау бөлімі.Бұл бөлімде оқушылар сабақтан алған әсерлерін қағазға түсіреді,содан соң ауызша айтып береді.

4)Оқушыларды бағалау(бағалау парақшасын толтырып,өздерін өздері бағалайды).











М.Дулатов атындағы №136-жалпы білім беретін мектеп











Тақырыбы:Экологиялық білім,тәрбие және мәдениет



(Ашық сабақ)







Биология пәнінің мұғалімі:Кереева Г.Х.











Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!