Материалдар / Ашық сабақ "Электр энергиясы"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ "Электр энергиясы"

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға көмек үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қазан 2019
833
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқу ісінің меңгерушісі: _Касенова Самал__________


Сабақ тақырыбы:

Электр энергиясы

Мектеп: Қоянды орта мектебі

Күні : 10.03.17


Мұғалімнің есімі: Худакельды Маншук

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар: адамдардың күнделікті өміріндегі электрдің маңызын түсіндіру;


Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған әлемнің құбылыстарын, үдерістерін және нысандарын зерттеу қажеттілігін түсіндіру.

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

  1. ұялы телефон;

батареялы ойыншықтар;

  1. батареялар;

  2. ток көзі. Интернет-ресурстар:

  3. электрдің адам өміріндегі маңызы туралы, бу мәшинесінің жұмысы жайлы бейнефильм, мысалы, http://pikabu.ru/story/esli_byi_ne_byilo_ yelektrichestva.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар:

  2. адамдардың күнделікті өміріндегі электрдің маңызын білетін болады;

  3. электр энергиясын басқа да құралдардан алуға болатынын түсінеді.

Сабақтың мақсаты:

1.5.5.1 адамдардың күнделікті өміріндегі электр энергиясының маңызын түсіндіру

1.5.6.1 магниттілік қасиеті бар жекелеген денелерді анықтау;

1.5.6.2 магниттің қасиетін зерттеу

Психологиялық сәт


Қуанамын менде

Қуанасың сенде

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге!


Электр — ол жарыққа немесе жылуға айнала алатын энергияның пайдалы түрі. Ол электр желісі арқылы беріледі.


Электр — электр тогын, өткізгіштердің немесе зарядталған денелердің маңайында электр өрісін түзуге қабілетті. Ежелгі грек философы Фалес, егер кәріптасты жүнге үйкесе, ол басқа жеңіл заттарды өзіне тартатын қасиетке ие болатынын байқаған. “Электр” сөзі гректің “электрон” — “кәріптас” деген сөзінен шыққан.


Жыл сайын электр құралдары жетілдіріліп келеді. Жанармаймен емес, электрмен жүретін электромобильдер шығарылып жатыр. Олардың қоршаған ортаға тигізетін зияны аз, бірақ жиі зарядтауды қажет ететіндіктен, кең пайдаланылмай отыр.


Бүгін біз өмірімізді электрсіз елестете алмаймыз. Үйлерде жарық жанып тұр, теледидар, компьютер, түрлі электр құралдары жұмыс істейді, жолдарда

троллейбустар, электр пойыздары, электромо­биль­­ дер жүріп жатыр, зауыттар мен фабрикалардың­ жұмысы да электр арқылы жүреді. Бірақ біз электр қауіпті болуы да мүмкін екенін ұмытпағанымыз­ жөн.


Кіріспе тапсырма. Сабақтың басында оқушы­ ларға сынып бөлмесіндегі электр құралдарын санап шығуды тапсырыңыз.

Әр электр құралы не үшін қажет?

Бөлмеде неше шам бар?

Жарықты қалай жағу керек?


Алау маңында. Оқушылар ерте кездегі адамдар қандай жағдайда өмір сүргенін, үйлерін қалай жылыт­ қанын естеріне түсірсін. Олар ежелгі адамдар жылыну үшін алау жақты деген қорытынды жасаулары керек. Оқушыларға оқулықтағы бірінші суретке қарап, сипаттап беруді ұсыныңыз. “Ерте кезде адамдар­ алаудың отын тағы не үшін пайдаланып еді?” — деп сұраңыз.

(Ас әзірледі, киімдерін кептірді, оттың көмегімен жыртқыш аңдардан қорғанды, баспаналарының ішін жарықтандырды.)


Электр шамын 1803 –жылы орыстың ғалымы Петров алғаш рет электр шамын ойлап шығарды . Оны электр доғасы деп атады. Электр шамның құрылысы жайында айту


Содан кейін оқушылар көз алдарына кешке үйде электр энергиясы сөніп қалды деп көз алдарына елестетсін.


Оқушылар ерте кезде адамдар майшамның және ошақтың жарығымен оқып, жазған дегенді түсіне алады.


Қауіпсіздік техникасы! Электр тогының қауіп­ тілігі туралы айтуды ұмытпаңыз. Ең бастысы: қауіпсіздік техникасын сақтау, үлкендерсіз еш уақытта электр құралдарын қосуға болмайды


Мультфилм Фиксики туралы: Элекр үтік туралы.


Зерттейік. Топтық жұмыстар ұйымдастыру.
Электро тоғын пайдаланушы көздерге байланысты

Сөзжұмбақтар жасыру оқушыларға

1-Кино менен концертті

Үйде қойып беремін

Жаңалығын бар елдің

Өз көзіммен көремін./ Теледидар/


2- Іші салқын мұзы бар

Күннен қашқан қой сынды

Жылыда тез бұзылар

Барша тағам тығылар / Тоңазытқыштар/


3- Еденді кеп жаласа

Қалдырмас ол түгінде

Аузына оның таласа

Бар қиқым жүгінді

Тазалауы тамаша

Кілем мен алаша / Шаңсорғыш/


4- Қызып кетсе табаны

Бар жалғыз-ақ алаңы

Бар жалғыз-ақ шатағы

Іздей бастар матаны /Үтік/


Топтық жұмыс постерлермен жұмыс жасайды

Пәнаралық байланыс


Шармен зертханалық жұмыс көрсетеміз



Сергіту сәті


Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп- кішкентай ағаштар

Үп- Үлкен боп өседі

Қалыптастырушы тапсырмалар



Оқушылар адамдардың өміріндегі электрдің маңызын біледі. Электр құрылғыларды тауып бояйды.



Қорытынды бағамдау

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!