Ашық сабақ "Электр" жаратылыстану 1 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Электр" жаратылыстану 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған. Сабақта балалар адамдардың күнделікті өмірдегі электр қуатының қолданысын сипаттады. Электр қуатының маңызы туралы әңгімеледі Нысандарды зерттеді, қажеттілігін түсінді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Пән:Ғылымға кіріспе

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім. Табиғат физикасы: Жылу. Электр.

Магниттілік.








Мектеп: «Парасат» мектеп-лицейі


Күні:


Мұғалімнің аты-жөні:Гарипова Б.М


Сынып: 1


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:



Сабақтың тақырыбы

Электр


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.5.5.1 адамдардың күнделікті өміріндегі электр энергиясының маңызын түсіндіру



Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: адамдардың күнделікті өміріндегі электрдің маңызын білетін болады.

Көптеген оқушылар: қоршаған ортаның құбылыстарын, үдерістерін біледі.

Кейбір оқушылар: нысандарды зерттейді, қажеттілігін түсінеді.Электр энергиясын және батареяның басқа да құралдардан алуға болатынын түсінеді.


Бағалау критерийлері

Адамдардың күнделікті өмірдегі электр

қуатының қолданысын сипаттады.

Электр қуатының маңызы туралы әңгімеледі

Нысандарды зерттеді, қажеттілігін түсінді.


Тілдік мақсаттар

Электр, батарея


Құндылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық


Пәнаралық байланыстар

Математика, дүниетану


АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, слайд, видео.


Алдыңғы меңгерілген білім

Жылыту құралдарымен таныс



Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар





Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларға жайлы ахуал ұйымдастыру

Қуанамын мен де

Қуанасын сен де

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге

(Ұ)Ойын «Кім тапқыр?»

Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында оқушыларға жұмбақ жасырылады. Оқушылар шешуін табады.

Жарығы күндей,
Таңқалдырар адамды,
Жалындап күймей,

Төбеде жанып тұрады. /Электр жарығы/


-Балалар, жұмбақтың шешуі не болды?

/оқушылардың жауаптарын тыңдау/

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.


Қимылмен көрсете отыра айтады







Жұмбақ жинағы




Сабақ тақырыбы мен мақсаты




















Кіріспе тапсырма.

«Ой қозғау» стратегиясы

Shape1 Shape2




Әр электр құралы не үшін қажет?

Shape3 Shape4




(ҚБ) Өзара бағалау (үш түс арқылы)

Зерттейік.

1. Үрленген шарды бір-бірінің шаштарына үйкелеп, оны қабырғаға тақау. Не байқадың?

Шар қабырғаға жабысады.

2. Шаш тарайтын тарақты матаға үйкелеп, оны қағазға жақындату. Не байқағандарын айтқызу: қағаз тараққа жабысады.

3. Шарды шаштарына үйкетіп көру, не байқағандарын сұрау. Қорытынды жасату


Слайд бойынша жұмыс: Электр көзін қайдан аламыз?

Гидростанциялардың жұмысы туралы айту. Электр тоғының даму кезеңдерін слайдтар бойынша әңгімелеу

« Кім жылдам» ойыны: Суреттердегі заттарды екі топқа бөлу тапсырылады. Жасанды және табиғи жарық

Сергіту сәті: «Жарық-қараңғы» ойынын ойнау

Оқушылар мұғалімнің берген нұсқаулығы бойынша «Жарық» дегенде әр түрлі қимылдар мен іс-әрекеттерді көрсетеді, ал «қараңғы» деген кезде тоқтау немесе ұйықтау керек.

ҰЖ. Оқушыларды шағын топтарға бөлу.

І- топ: Берілген заттарға электр не үшін қажет? Пульт арқылы басқарылатын ойыншық мәшинелер, ұшақтар, тікұшақтар, сондай-ақ пульттің батареялары, ұялы телефон, бөлек розеткалар мен қосқыштар (электр желісіне қосылмаған), электр шәйнегі қажет болады.

Кез келген электрге қосылатын құралдарды немесе олардың суреттерін пайдалануға болады.

Топтағы оқушылар осы заттарды (немесе олардың суреттерін) таңдап алып, оны қалай қосуға болатыны және қалай жұмыс істейтіні туралы талдайды.

ІІ-Топ. Суреттерге қарап қауіпсіздік ережелерін құру.

(ҚБ) Екі топ бірін-бірі бағалайды (бас бармақ арқылы)

Дәптермен жұмыс

Табиғи жарық көздерін анықтап, аттарын жазу, суреттерді қоршап сызу.

Үйлерінде қолданатын электрлі заттардың суретін салу






Қима қағаздар









Шар, тарақ,

мата, қағаз









слайдтар







Қима суреттер









моноблок






ойыншықтар












Суреттер












Дәптер, оқулық


Сабақтың соңы


Рефлексия:-Не білдім?

-Не қызықты болды?

-Қандай қиындықтар кездесті?

«Басбармақ» арқылы өздерін бағалайды



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Зерттеу барысында қабілеті жоғары балалар топты басқарады, белсенді жұмыс атқарады, қорытындысын шығарады. Қиналатын балаларға жеке қолдау көрсетіп,бағыт-бағдар көрсету

  • Өзара бағалау

  • Бірін-бірі бағалау

  • Мұғалім тарапынан бағалау


Сергіту сәті

Қауіпсіздік ережесін сақтау


Сабақ бойынша рефлексия



Сабақта толық мақсатқа жеттім.

Балалар адамдардың күнделікті өміріндегі электрдің маңызын білді, қоршаған ортаның құбылыстарын, үдерістерін білді.

Нысандарды зертеп, қажеттілігін түсінді.Электр энергиясын және батареяның басқа да құралдардан алуға болатынын түсінді.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Балалармен тәжірибе жасау жұмысы

2: жұппен жұмыс

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: мұғалімнің шығармашылығы

2: балаларды қызықтыру мақсатында түрлі тапсырмалар

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1. Балалардың қабілетіне қарай тапсырмаларды саралау
























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
2162
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі