Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ Электр тогы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ашық сабақ: Электр тогы |
|
||
Күні: Пәні: физика |
Мұғалімнің аты жөні: Полатова Назира Курбоналиевна |
||
Сынып: 8-сынып |
Қатысушылар саны:20 |
Қатыспағандар:0 |
|
Сабақ тақырыбы |
Электрқыздырғыш құралдар,қыздыру шамдары, қысқа тұйықталу, балқымалы сақтандырғыштар. |
||
Осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаты (оқу жоспарына сілтеме) |
8.4.2.17 – қысқа тұйықталудың пайда болу себептерін және алдын алу амалдарын түсіндіру |
||
Сабақ мақсаты |
Барлық оқушылар істей алады: электрқыздырғыш құралдарға мысалдар келтіре алады Көптеген оқушылар істей алады: Қысқа тұйықталудың пайда болу себептерін және оның алдын алу амалдарын түсінеді. Кейбір оқушылар істей алады: электрқыздырғыш құралдардың жұмыс істеу принципін түсіндіре алады |
||
Бағалау критерийі |
|
||
Тілдік мақсаттар
|
1.Оқытудың тілдік мақсаты: Электрқыздырғыш құралдарда орындалатын заңдылықтарды ауызша немесе жазбаша сипаттай алады 2.Пәндік лексика және терминалогия: Қысқа тұйықталу, температура, қыздыру шамы, балқымалы сақтандырғыш 3.Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер: Үй тұрмысында электр плита, ..... қыздырғыш құралдар кеңінен қолданылады. Қазіргі қыздыру шамдарының қылдарына балқу температурасы 33700 C болатын.......қолданылады. Ток көзінің кедергісі өте аз өткізгішпен тұйықталуын.....деп атайды. |
||
Құндылықтарға баулу
|
Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу құндылығы аясында электрқыздырғыш құралдар мен балқымалы сақтандырғыштардың заманауи үлгілерін дамытуға баулу |
||
Пән аралық байланыс |
Информатика-ғаламтор желісі арқылы мәлімет іздеу. Тарих –Электрқыздырғыш құралдарының шығу тарихынан мысалдар келтіру. |
||
Алдыңғы білім
|
|
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||||||||||||
Сабақтың басы (10 мин) 2 мин 6 мин |
Сәлемдесіп, оқушылар арасында сенімді сыйластықты қалыптастыруға ықпал жасап, көтеріңкі көңіл-күй тілеу. Жағымды орта қалыптастыру.
«Пазыл» әдісі арқылы 4 топқа
бөлдім. Шамның түрлері (4
топ)
1-тапсырма.“ Пікір алмасу”(Showdown) әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау. Әрбір топ тақырыпқа қатысты 5 сұрақ дайындайды. Әрбір сұрақты стикердің бірінші жағына, ал жауабын екінші жағына жазып, келесі топпен стикерлерін ауыстырады. Топ басшысы стикердегі сұрақтарды окиды, топ мүшелері жауаптарын жазып дайындайды. Көшбасшы белгі бергенде, барлығы өз жауабын ашады және жауаптарды талқылап, дұрыс жауаппен салыстырады
• «Бас бармақ» тәсілі мен бағалау |
|
||||||||||||||
Сабақтың ортасы
5 мин 7 мин
8 мин
|
III. Жаңа сабақ «Миға шабуыл» әдісі (бүкіл топпен жұмыс)
Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісін қолдана отырып оқушылар бір-біріне кері байланыс жүргізу Бағалау: «Тамаша» әдісі мен бағалау I. Тапсырма «Джигсо» әдісі (топтық жұмыс) Топтарға улестірмелі материал беріледы. Оқушылар «Джигсо» әдісі бойынша «Қыздыру шамы» (1.2.3.4) «Диодты шам» (1.2.3.4), «Гологенді» (1.2.3.4) «Криптон» (1.2.3.4) болып 4 топқа бөлініп тапсырманы орындайды. Орындалып болған тапсырма қорытындысын топ мүшесі бастапқы тобына сәйкес сарапшы топ болып маңызды информация ретінде жеткізеды. І-топқа: Электрқыздырғыш құралдар ІІ-топқа: Қыздыру шамдары ІІІ-топқа: Қысқа тұйықталу ІV-топқа: Балқымалы сақтандырғыш
Кері байланыс: «Қар кесегі» әдісімен кері байланыс жасалады.
Бағалау: «Қол шапалақтау» әдісі арқылы бағалау
ІІ.Тапсырма «Топтың жауаптары» (топпен жұмыс) әдісін пайдалана отырып білімдерін нақтылай тусу мақсатында сұрақтар қойылады. Оқушылар талқылайды.. 1-сұрақ: Тізбекке жалғанған электр тұтынушылар санын көбейтсек, сақтандырғыштардың қыл сымы күйіп кетеді. Неге? Жауабы: Тізбектегі ток күші шекті шамадан артып кетеді. 2-сұрақ: Неге өндіріс орындарындағы сақтандырғыштар көбінесе кешкі мезгілде күйіп кетеді? Жауабы: Ток тұтынушылар саны көбейеді, осыдан тізбектегі ток күші сақтандырғыштағы шекті мәннен артады да, қыл сым күйіп кетеді. 3-сұрақ: Балқып кеткен қорғасын сымның орнына мыс сым қойсақ, балқығыш өзінің қызметін атқара ала ма? Басқа қорғасын сым қойса ше? Жауабы: Жоқ. Қойылатын қорғасын сымның кедергісі сақтандырғышқа сай болу керек. 4-сұрақ: Балқымалы сақтандырғыштың қыл сымын неліктен қорғасыннан жасайды? Цезиден әлде мыстан жасаса не болады? Жауабы: Қорғасынның балқу температурасы жетекші өткізгіштерден біршама төмен.
Кері байланыс: «Интервью» әдісін пайдаланып кері байланыс жасау
Бағалау: «Қол шапалақтау» әдісі арқылы бағалау |
|
||||||||||||||
|
||||||||||||||||
Сабақтың соңы 2 мин |
Рефлекция. «Жетістік баспалдағы» әдісі арқылы өтілген сабаққа кері байланыс жасайды. Сабақ соңында қатысушылар баспалдақтың қай тұсында тұрғанын белгілейді, түсініктеме береді, стикерге жазып, жабыстырады. Тапсырманы орындай алмадым Аздап қиналдым Тапсырманы орындай алдым Үй тапсырмасы: Тақырыпты қайталау, 22-жаттығу есептерін шығару. |
|
Саралау –Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау –Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
Жаңа сабақ бастар алдында «Миға шабуыл» әдісімен оқушыларға сұрақ қою арқылы ой-өрісін дамыта отырып жаңа сабақтың тақырыбын ашамын «Джигсо» әдісінде берілген тақырыпты топ ішінде дереккөздер арқылы талқылайды, топ мүшелері білгенін жолдастарымен бөліседі, тақырыпты ортаға салып талқылап, түйінді ойды саралайды. Идеялармен бөлісе отырып ынтымақтастық аясы дамиды «Топтың жауаптары» әдісінде берілген сұрақтар бойынша әрбір оқушы деңгейлеріне қарай жауап береді. Оқушылар жеңілден күрделіге қарай қарқын ала отырып жеке жұмыс жасау арқылы өз ойын қорытып, диалог және қолдау көрсету арқылы жұп болып пікірлерімен бөліседі; бұл бүкіл топтық талқылауға ұласады |
Әрбір тапсырманы орындау барысында оқушыларға ауызша кері байланыс беріліп отырады. Сабақ соңында «Жетістік баспалдағы» әдісі арқылы кері байланыс орнатып, қатысушылар баспалдақтың қай тұсында тұрғанын белгілейді, түсініктеме береді.
|
Электрқыздырғыш құралдарымен жұмыс істеу барысындағы техника қауіпсіздік ережелері оқушыларға ескертіледі |