Материалдар / Ашық сабақ Электрсыйымдылық. Конденсаторлар 10 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ Электрсыйымдылық. Конденсаторлар 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға өз сабақтарында пайдалануға болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қараша 2020
863
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Д. Бабатайұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ















Ашық сабақ: Физика


Тақырыбы: Электрсыйымдылық. Сыйымдылықтың өлшем бірлігі. Конденсаторлар.
















Пән мұғалімі: Жақсыбаева Г.Қ.




















2019-2020 оқу жылы

Қысқа мерзімді жоспар



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Электростатика

Мектеп: «Дулат Бабатайұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жақсыбаева Г.Қ.

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Электрсыйымдылық. Сыйымдылықтың өлшем бірлігі. Конденсаторлар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.1.8 – конденсатор сыйымдылығының параметрлерге тәуелділігін зерттеу;

10.4.1.9 – конденсаторларды тізбектей және параллель жалғау формулаларын есептер шығаруда қолдану.

Сабақ мақсаттары

  • Конденсатордың құрылысын, түрлерін, қолданылуын білу;

  • Өткізгіштің электрсыйымдылығының формуласын тәжірибе жүзінде анықтау;

  • Конденсаторларды тізбектей және параллель жалғауды меңгеріп, формулаларын есептер шығаруда қолдану.

Бағалау критерийлері

  • Конденсатордың құрылысын, түрлерін, қолданылуын беледі;

  • Өткізгіштің электрсыйымдылығының формуласын тәжірибе жүзінде анықтайды;

  • Конденсаторларды тізбектей және параллель жалғауды меңгеріп, формулаларын есептер шығаруда қолданады.

Тілдік мақсаттар

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері

Конденсатор, конденсатордың сыйымдылығы, электрлік потенциал , энергия ,заряд сақтайды, тогынан айырады, босатады, зарядтың ыдырауы

Аккумулятор конденсаторды қуаттау үшін жұмыс істейді.

Конденсатор энергияны сақтайды.

Электрлік потенциалды энергия конденсатор қуатынан айырылған кезде босатылады

Пәнге тән лексика мен терминология:

қазақша

орысша

Ағылшынша

электр өткізгіш

проводник

conductor

диэлектрлік

диэлектрик

dielectric

Конденсатор

Конденсатор

Capacitor

Электр сыйымдылық

Электрическая емкость

electric capacity



Құндылықтарды дарыту



Тапсырма орындау барысында ынтымақтастыққа, құрметке баулу. Оқушылар бірін-бірі бағалауда академиялық шыншылдықты ұстанады.

Мектептегі тақырыпқа сай іздену қажеттігін, өмір бойы білім алу керектігін білу.

Пәнаралық байланыстар

Математика (есептер шығаруда)

АКТ қолдану дағдылары

Презентация, Интернет ресурстары

https://bilimland.kz/kk/#lesson=11024

Бастапқы білім

8 сыныптан потенциал ,потенциалдар айырымы, сыйымдылық,конденсатор ұғымдары

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы



7 мин

Ұйымдастыру.

Психологиялық ахуал. «Әр ұлтың амандасу салты».

Вагон билеттері арқылы топқа бөліну.

1 топ. Вагон (Тізбектей жалғау)

2 топ. Вагон (Параллель жалғау)

«Миға шабуыл» стратегиясы. Кейбір оқушылардың орындықтарынын артына сұрақтар жазылған стикер жабыстыру.

Сұрақтар:

  1. Электростатика және электродинамика бөлімі қандай бөлім?

  2. Заряд дегеніміз ...

  3. Кулон заңын тұжырымдаңыз

  4. Күш сызықтарының қасиеттері

  5. Кернеулік дегеніміз не? Бағыты?

  6. Өткізгіш дегеніміз не?

  7. Диэлектрик және диполь дегеніміз не?




Сабақтың ортасы







10 мин








10 мин















7 мин











3 мин

























Жаңа тақырып меңгерту.

Сабақтың тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру.

«Cуреттер сөйлейді» әдісі жаңа сабаққа кіріспе:

1) Суреттер туралы не айтуға болады

2) Суреттегі құралдарды қайдан кездестіруге болады.


«Стоп кадр» әдісі мультимедиялық оқулық, таныстырылым арқылы тақырыпты түсіндіру.

Вагон билеттері арқылы топқа бөліну.

1 топ. Вагон (Тізбектей жалғау)

2 топ. Вагон (Параллель жалғау)


«Ойлан, топтас, бөліс» әдісі арқылы есеп шығарып, симмуляторда көрсету.

1 топ.

Кернеуі U = 1 В, ауданы S = 400 мм2 жазық конденсатордың пластиналар арасының қалыңдығы d = 2 мм болатын ауа қабаты орналастырылады. Конденсатордың сыйымдылығы қандай?

2 топ.

Кернеуі U = 1 В, ауданы S = 300 мм2 жазық конденсатордың пластиналар арасының қалыңдығы d = 10 мм болатын ауа қабаты орналастырылады. Конденсатордың сыйымдылығы қандай?


1 топ.

Сыйымдылықтары С1=2 мкФ және С2= 4 мкФ болатын тізбектей жалғанған екі конденсатор кернеуі U=120 В тұрақты ток көзіне қосылған. Бірінші конденсатордағы кернеуді анықтаңыз.

2 топ.

Сыймдылықтары 3 мкФ, 5 мкФ, 6 мкФ және 5 мкФ суретте көрсетілген бойынша жалғанған. Конденсатор батареяларының жалпы электрсыйымдылығын анықтаңыз.

ҚБ. Оқушылармен кері байланыс жүргізу.


Физикалық диктант «Иә/жоқ» әдісін қолдана отырып, топтар шапшаң түрде берілген сұрақтарға дұрыс жауап берулері тиіс. Мұғалім сұрақтарды ауызша қояды, оқушылар тыңдай отырып өз жауаптарын айтады. Осы арқылы оқушылардың тыңдалым дағдысы бағаланады.


  • С=q/φ- Электрсыйымдылығының формуласы (иә)


  • Фарад өте кіші шама, практикада электрсыйымдылықты көбіне макрофарадпен және гегафарадпен өлшейді.(жоқ)


  • Екі пластинкадан тұратын жазық конденсатордың сыйымдылығы пластинканың ауданына, диэлектрлік өтімділік шамасына тура пропорционал және диэлектриктің қалыңдығына кері пропорционал.(иә)


  • Жұқа диэлектрик қабатымен бөлінген екі өткізгіштен тұратын жүйе конденсатор деп аталады (иә)


  • Конденсаторларды параллель жалғаған коненсаторлардың заряды тең болады (жоқ)


  • 1 Фарад дегеніміз – потенциалын 1 В-қа арттыру үшін 1Кл заряд керек болатын өткізгіштің электрсыйымдылығы.(иә)


  • Екі өткізгіштің арасында қатты диэлектриктің болуы жүйенің электрсыйымдылығын кемітеді. (жоқ)

578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!