Тақырып бойынша 19 материал табылды

Ашық сабақ "Эндокриндік бездер қызметінің бұзылуынан туындаған аурулар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Биология пәнінен 8-сыныпқа сбақ беретін ұстаздарға арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:8.3D Координация және реттелу


Мектеп: «Юбилейное орта мектебі» КММ



Күні: 05.03.2020 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Жақан А

Сынып: 8

Қатысушылар саны:8

Қатыспағандар:0

Сабақтың тақырыбы

Эндокриндік бездер қызметінің бұзылуынан туындаған аурулар (жаңа тақырыпты меңгерту)

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.1.7.7 эндокриндік бездер қызметінің бұзылуынан туындаған ауруларды атау

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: -Эндокринді бездерінің гормондарының аз және көп бөлінуінен пайда болатын ауруларды анықтап, түсіндіреді.

Көпшілігі орындай алады: Гормондардың мөлшерінің өзгеруіне байланысты пайда болатын аурулардың белгілерін сипаттайды.

Кейбір оқушылар орындай алады: Эндокринді бездер қызметінің бұзылуынан туындағынан аурулардың бір-бірімен айырмашылығын тұжырымдайды.



Бағалау критерийлері

  • қалқанша безі мен ұйқы безі жұмысының бұзылу себептерін түсіндіреді

  • микседема, кретинизм, Базедов аурулары мен қант диабетінің

туындау себептері

белгілері

салдары

алдын алу шараларын түсіндіреді

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

эндокриндік бездердің гормондарының ауытқуынан туындайтын ауруларды себептері мен белгілерін атап, алдын алу шараларын ғылыми терминологияны қолдана отырып сипаттай алады.

Бездердің гипофункциясы мен гиперфункциясын сипаттай алады.

Ұйқы без мен қалқанша безінің қызметінің бұзылуынан туындаған аурулардың себептері мен белгілері, алдын алу шараларын ауызша жазбаша түрде сипаттап түсіндіре алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Инсулин, тироксин, гипофункция, гиперфункция, ұйқы безі, қалқанша безі, тироксин, йод, кретинизм, Базедов ауруы, микседема, акромегалия, қант диабеті.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Егер өсу гормоны көп мөлшерде бөлінсе....

Қалқанша безінің гормоны …бөлінсе микседема дамиды.

Ұйқы безінің гормоны …бөлінсе қант диабеті дамиды.

Ұйқы безінің гормоны …бөлінсе инсулиндік шок дамиды.


Құндылықтарды дарыту

Жұптық және жеке жұмыс негізінде қарым-қатынас мәдениетін, ынтымақтастық, жауапкершілігін, өмір бойы білім алу икемділігін қалыптастыру.8 наурыз халықаралы аналар, арулар күнін дәріптеу.

Пәнаралық байланыс

Әдеби шығармалардағы гормоналдық ауруларды сипаттау арқылы әдебиет пәнімен.

Гормоналдық аурулар кезінде жетіспейтін химиялық заттардың түрлері туралы қарастырғанда химия пәнімен байланыс орнатылады.

Алдыңғы білім

8-сыныптан гормондар, гуморалдық реттелу туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин


Ұймдастыру Қызығушылығын оятуЖағымды ахуал қалыптастыру.Оқушыларға «Саған бүгінгі сабақта шын ниетпен ............ тілеймін» деп оң қолын қасындағы оқашының иығына қойып сәттілік тілейді.

Үй жұмысы

Оқушылардан ішкі секреция бездерін суреттен атап, олардың гормонын атап жарысу тапсырмасын орындау сұралады.

Осы тапсырмадан соң егерде бездердің гормондары тым көп немесе өте аз бөлінсе не болады, оның ағзаға әсері қанай деп сұрау арқылы сабақтың тақырыбы ашылады. Оқушылардан аурулар туралы нені білу маңызды деп сұрау арқылы сабақтың мақсаттары мен бағалау критерийлері анықталады.


1 -2 слайдтар






Сабақтың ортасы

4-26 мин



Түсіндіру

Оқушыларға әртүрлі ауытқулар туралы видеоматериалдар мен ақпараттық парақтар, таныстырлымдағы суреттер ұсынылады.

Оқушыларданұйқы безі қызметінің ауытқуынан туындайтын аурулар мен қалқанша бездің гиперфункциясы мен гипофункциясы туралы зерттеу жүргізу сұралады.

Ауытқудың 4 түріне 4 постер жасалады. Оқушылар жұпта жұмыс істеп, постерге ең маңызды деген бір ақпараттан кезекпен толтырып жазып отырады. Келесі жұп постерді жаңа ақпаратпен толықтырады. Осылайша үш түрлі постер жасалады. Постерлер галереяга орналастырып, сынып оқушылары толығымен танысады.

Критерийлер:

  • қалқанша безі мен ұйқы безі жұмысының бұзылу себептерін түсіндіреді

  • микседема, кретинизм, Базедов аурулары мен қант диабетінің

туындау себептері

белгілері

салдары

алдын алу шараларын түсіндіреді

Дискриптерлер:

  • Аурудың атауы

  • Сипаттамасы

  • Себептері

  • Белгілері

  • Алдын алу жолдары

  • Ауру белгілері анық байқалатын суреттер.

Жұптық жұмыс барысында қолдауды қажет ететін оқушыныға көмек

Сергіту сәті аналарды, аруларды құттықтау

ҚБ “Бас бармақ” арқылыөзін-өзі бағалау

  1. тапсырма «Тепе-теңдік дөңгелегі»  әдісі арқылы кестені толтыр

Қол шапалақ арқылы бағалау

2 -тапсырма суретпен жұмыс

Көру арқылы жақсы қабылдайтын қушыларға

Бармақ арқылы бағалау

3-тапсырма тест жұмысы

Қолпаштау арқылы бағалау

Жұпта саралау арқылы

1 - қосымша







3-15 слайдтар

27-36 мин

Оқушылардан қалыптастырушы бағалау жұмысын орындау сұралады.

4- тапсырма«Т »кестесін толықтыр.Кестенің оң жақ бөлігінде берілген сөздерді пайдаланып, сөйлемдерді толықтырыңыз.

2- қосымша


Сабақтың соңы

37-40 мин







Кері байланыс

Мен енді білемін ................................................

Маған ұнағаны...................................................

Менің түсінбей қалғаным........................................

Мен жақсы түсіндім.............................................

Мен келесі сабақта........................... білгім келеді.



Үй жұмысы

Бағалау

16слайд








Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Оқушылардың өздігінен ақпарат жинауы барысында қабілеті жоғары оқушыларға қосымша ақпараттар табу ұсынылады. Мысалы, инсулин туралы кітапша жасап болған жұптар глюкагон туралы өз ойларын қоса алады.

Саралау қосымша тапсырма орындау, көмек мөлшері арқылы іске асырылады.

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Сабақта жұмыс парағында жасалып жатқан жұмыс бағаланады.

Жазбаша қалыптастырушы бағалау жұмысы жүргізіледі. Қалыптастырушы бағалауға мұғалім кері байланыс жасайды.

Қиындық көріп отырған оқушыларды анықтап, көмек ұсынады.

Оқушылардың жасаған постер галереяға ілініп, бағаланады.


Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Оқушылардың еркін жұмыс жасауына жағдай жасалады. Галереяны аралау барысында еркін қозғалуына мүмкіндік беріледі.

Оқушылардың сабақ барысында қауіпсіздігінің сақталуына мұғалім көңіл бөліп, қажет болған жағдайда ескертедіСабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.
















































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.00.2020
532
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12