Материалдар / Ашық сабақ Ең қуатты күш - сенім 9 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Ең қуатты күш - сенім 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
- «сенім» ұғымының мәнін ашу;оқушылардың адамдардың бір-бірімен сенімді қарым-қатынас жасауы туралы түсініктерін кеңейту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қаңтар 2021
533
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектебі: №40 жалпы орта білім беретін мектебі

Мұғалім: Биимбетова Гульзат Аманбаевна

Сыныбы : 9

Сабақтың тақырыбы: Ең қуатты күш-сенім

Сабақтың мақсаты: оқушылардың адамдардың бір-бірімен сенімді қарым-қатынас жасауы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділігі: - «сенім» ұғымының мәнін ашу;

Дамытушылығы: - өз замандастарымен сенімді қарым-қатынас құра білу қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелілігі: - өзіне, өзгеге, қоғамға сенім білдіруге үйрету.

Тәрбие сағатының өткізу формасы: еркін, ойын түрінде, сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Барысы:

Оқушылармен амандасу  /амандасу түрі өз еркіңде қол  алысу,ауызша амандасу т.б/

Қайырлы күн,балалар!

Балалар, біз бүгін «Ең қуатты күш-сенім» тақырыбында тәрбиелік әңгіме жүргізгелі отырмыз.Әңгімемізді бастамас бұрын,алдынғы буын аға ұрпақтың сенім туралы айтқан ұлағатты сөздеріне көз жүгіртейік.Жазушы ағамыз І.Есенберлиннің «Сенім! Бұл бір ұлы күш!Әсіресе,жаны таза адамға өзгенің көрсеткен сенімі бойына қайрат,қиялына қанат береді. Сол сенімді ақтаймын деп қандай қиындық болса да қарсы тұра алады,ақтап шығуға жанын аямайды»деген сөзі өмірдің өзегі де,негізі де шын мәнінде сенімнен тұратынын аңғартады. «Сенім –құдіретті күш! Дәрігердің емдік іс-әрекетіне толық сенсең ауруыңнан толық жазыласың; ертеңгі мақсатыңа сенсең,қандай қиындық болса да,әрекеттеніп,мақсатыңа жетесің; әлеуметтік келешегіңе сенсең,сол бақытқа өзің де барлық адамдармен бірге ұмтыласың.Сенімің берік болсын» деп Әдібай Табылдиев айтқан екен.


Адамның өз-өзіне, өзгелерге сенім білдіруі оның өмірге деген үміті мен қызығушылығын арттырады. Өзіне–өзі сену адамның өз құндылығын түсініп, мақсат-мүддесіне жетуіне көмектеседі.

Айналадағы адамдардың сенім білдіруі адамның жауапкершілігін арттырып, өз мүмкіндіктерінді табасындар. (5мин)


Тыныштық сәті ұйымдастырылады. (Жеңіл әуен қосылады) Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Кімге сенім артатыны туралы өз ойларын жетілдіріп ортаға салады. (2мин)


Негізгі бөлімі

Оқушыларға сұрақ беру /сұрақтар алдын ала қағаздарға жазылып беріледі/ Сұрақтар.


Оқушыларға сұрақ:


  • Сіз үшін «сенім» дегеніміз не?

  • Сенімнің маңыздылығы неде?

  • Өзіңе сенім артқан кезде қандай сезімде боласың? 

  • Қандай адам сенімге ие бола алады? 

  • Адамдардың барлығына сене беруге бола ма? Неге? 

  • Адамдар сенімді кісіге қалай қарайды? 


Мұғалім:

Сенімділік- адамның бойынан табылатын жақсы қасиет болып табылады. Сенім -адамның белгілі бір түсініктеріне сәйкес қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі.Өз қажеттілігін орындау жолында адам дүниетанымдық көзқарасында,табиғат пен қоғам заңдылықтары жөніндегі ұғымдарына өмір тәжірибесіне сүйене отырып іс-әрекет жасайды.


Сенімді болу дегеніміз – ол сөзіне берік болу, тосқауыл мен ескертусіз өзіне уәде еткенді жасау. Сенімді кісі жанымызда болғанда біз өзімізді еркіндікте, барлығы ойдағыдай болатынына сенімді боламыз. Сенімді кісі уәде берсе, соны істейді және дәл уақытында орындайды.



Күнделікті өмірде адам баласы сан түрлі қуанышты немесе келеңсіз жағдайларға ұшырасып жатады. Осы жағдайларда шығу немесе жағдайға байланысты тиімді шешім қабылдау адамның өз-өзіне сенімділігіне де байланысты. Тұлғаның өз-өзіне сенімсіздігінің басты ерекшелігі - әлеуметтік іс-әрекетте жеке өзін көрсетуден қашқақтау болып табылады. Оның ойынша, өз ойын, жетістіктерін, қалаулары мен қажеттіліктерін білдіру жағымсыз, не мүмкін емес, не оның құндылықтар жүйесінде маңызы жоқ. Ал өз-өзіне сенімділігі жоғары адам дауыс ырғағы қатты, серіктесінің көзіне тіке қарай алатын, өз ойын анық және нақты білдіруге қабілетті. Өзіне сенімді адамдар өз сенімін, қалауын, көзқарасын еркін білдіре алады.

Бұл қабілеттер өздігінен қалыптасады немесе адам дүниеге сенімді болып келеді деуге болмайды.

Өйткені өз-өзіне сенімділік барлық әлеуметтік ортамен қарым-қатынаста қалыптасады.

Әрбір адамның танымдық жолы ата-анаға, ұстаздарға, кітаптарға деген сенімнен басталады. Тек кейінгі тәжірибе ғана, өзінің сенімін білімге айналдыра отырып бұрынғы алған ақпараттың қаншалықты дұрыстығына көз жеткізеді, сенімі күшейеді (немесе әлсірейді). Бұл жолда сенім мен білім толық бір нәрсеге айналады, адам өзінің әр түрлі ісәрекет саласында бірте бірте өседі, дамиды.

 (дәріс- әңгімелесудің жалғасы).

Шын мәнінде біз неге сенеміз, біз үшін сенім объектісі , мойындаймыз, ұмтыламыз, мақсатымыз не болып табылады, барлығы өзімізге байланысты. Сондықтан, сенім ұғымы бізге жақын, «руханилық» ұғымымен бара-бар, тең деп айтуға болады.


Өзіне деген сенім - жетістікке жетуге күш береді.

Ертең барлығы жақсы болатынына сеніңіз.


Бейнероликтен үзінді көру. Ар-намысты арқалаған рухты батыр Бауыржан Момышұлы

https://dknews.kz/inner-news.php?id_cat=23%20&&%20id=126913

Батырдың көзқарасынша, сенім қамалы – адамдық пен адалдыққа апаратын ұлы күш іспеттес. Сенім бар жерде үміт те бар. Бұл турасында ол былай тұжырым жасайды: «Сен – ата-анаңның үмітісің. Сен қайталанбас тұлғасың, өз өміріңнің белсенді жасаушысысың, сондықтан өзіңе ғана сен».

Осылайша осы ойы арқылы жастардың бойындағы сенімнің маңыздылығын, сонымен қатар өзіне әрі ата-анасының тәрбиесіне берік адам ешқашан арсыздыққа бармайтындығын меңзейді.


Берілген қанатты сөздердің мағынасын аш


Ойын тапсырма:Жылдам әрі тез сөйлемді аяқта.

 Не істеуге болмайды? 1.Уәдені  /бұзуға болмайды/ 

2.Ойланбай  /уәде беруге болмайды/

3.Бастаған істі /жартысында қалдыруға болмайды/

 Не істеуге болады? 

1.Сенімге  /ие болуға болады/ 

2.Өзіңе /сенуге болады/

 3.Айналадағы адамдарға /сенім артуға болады/

 Әр ойыннан соң балаларды мадақтап отыруды ұмыпау керек.


«Сенімділік» жаттығуы


Алдарыңызға берілген екі беттен тұратын жүрекшенің бір жағына жағымды, бір жағына жағымсыз қасиеттеріңізді жазыңыздар. Жағымсыз жақтарыңызды ешкім көрмесін, жыртып қоқыс жәшігіне тастаңыздар, жағымсыз жақтарыңыз осымен кетсін.Ал жағымды жақтарыңызды жүрек жақ кеуделеріңізге іліп қойыңыздар. Енді сіздердің бойларыңызда жағымды қасиеттер ғана қалды.



Бекіту. Бейнеролик көру.



Жүректен жүрекке

Жүректен жүрекке айдарында оқушылар шеңберге жиналып өздерінің кімге сенім артатыны туралы өз ойларын параққа жазып, кезекпен айтып шығады.


Құрметті Оқушылар! Өмірде ақ пен қараның қатар жүретіні бәрімізге мәлім. Менің мақсатым сенім арқылы адалдықтың, ақтық пен пәктіктің әрқашан да жеңіп шығатынын сіздерге жеткізу жылулық, бақыт, денсаулық мейірім, күлкі сыйлаймын.


Қорытынды бөлім

Сенім-адамға керек ең ұлы күш.Сенім арқылы арманыңа мақсат қойып оңай жете аласың.
Осы күш бойыңнан жоғалмаса, ең бақытты адам-"сіз" болғаныңыз.
Себебі, осы өміріңізге ризасыз,бәріне шынайылық пен үлкен сеніммен қарайсыз.
Сенім арқылы жолыңызда тұрған кедергілер тез шешімін табады.
Ал, егер сенімсіздік бойыңызды жаман ауру іспетті жаулап алса, олда өзіңізге байланысты.
Әр адам ең алдымен өзін жақсы көрсе айналасындағы адамдарға да жақсы көзқарас пен сеніммен қарайды.
Осымен балалар,сабағымыз аяқталды. Әрдайым есте ұстаңдар: Өзіне-өзі сенімділік туа біткен қасиет емес,демек,оны адам өзінің бойында дамытуы тиіс. Сенім-жетістіктің кілті,ал сол кілт балалар әрқайсыңның қолыңда…




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!