Білім беру саласы: Коммуникация.
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Ертегілер әлемі.
Мақсаты: Балаларға ертегілер әлеміне еніп, жақсы көңіл күй сыйлау.
Оларға қызықты тапсырмалар орындата отырып, тақпақтар, жұмбақтар,
ертегілер арқылы тілін дамыту. Үстел үсті және шарлар театры арқылы
сөздік қорын молайтып, диалогты сөйлеу мәдениетін әрі қарай дамыту.
Логикалық ойлауын жетілдіріп, адамгершілік тәрбиесіне баулу.
Билингвиалды компонент: қыс-зима-winter, ертегі-сказка-fairy
tale.
Барысы: Балаларды шеңберге тұрғызу.
Шаттық шеңбер:
Үлкен шеңбер құрайық,
Алақанды ұрайық.
Күлімдесін күн де,
Күлімдейік біз де.
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық,
Таза ауаны салайық,
Жүрек жылуын салайық,
Енді бәрін қонақтарға сыйлайық.
Жұмбақ:
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып, бет домбығып,
Сырғанап балалар ойнайды.
Айтыңдаршы бөбектерім,
Бұл қай мезгілде болады?
Балалар: Қыс мезгілінде.
Сұрақ-жауап:
Тәрбиеші: Дұрыс, балалар. Ал қазір қандай жыл мезгілі?
Балалар: Қазір қыс мезгілі.
Т: Балалар қыс деген сөзді үш тілде айтып көрейік. Менің артымнан
қайталандар: қыс-зима-winter.
Т: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін айтып беріңдерші.
Б: Қыста күн салқын болады, аяз болады, қар жауады, боран болады
және т.б.
Т: Қыс мезгілінде неше ай бар?
Балалар: Қыс мезгілінде үш ай бар. Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Т: Қазір қандай ай?
Балалар: қазір ақпан айы.
Т: Қыс мезгілі туралы тақпақ білесіңдер ме?
Тақпақ:
Қыс айлары көңілді,
Ақ қар жапты өңірді.
Үйренеміз жалықпай,
Коньки, шаңғы тебуді.
(Балалар бірге айтады)
Т: Жарайсыңдар, өте ақылды екенсіңдер.
(Тәрбиеші есік қасында хатқа назар аударады)
Т: Балалар, қараңдаршы бізге біреу хат әкелген. Кәне, ашып оқиық.
Кімнен екен?
Хатты ашып оқиды: Сәлеметсіз бе! Мен Машамын. Мен туралы
ертегілерден естіген боларсыңдар. Мен, қысқы орманға серуендеп
барғанмын. Ал мені Қыс ханшайымы ұстап, өзінің қарлы үйіне қамап
қойды. Мында өте салқын.Үйіме барғым келеді. Атам мен әжемді
сағындым. Мені құтқарыңдаршы!!!
Т: Машаны құтқарамыз ба? Қысқы орманға барамыз ба? Ертегілер
әлеміне енеміз бе?
Балалар. Иә!!!
Т: Балалар,ертегі сөзін үш тілде айтып көрейікші:
ертегі-сказка-fairy tale. Жарайсыңдар!
Т: Ендеше, бәріміз автобуспен қысқы орманға барамыз. Кәне,
кеттік!
(«Ертегілер» әні қосылып, безендірілген қысқы орман алаңқайындағы
орындықтарға барып отырады)
Т: Балалар, міне біз де қысқы орманға келіп қалдық. Қысқы орман
әдемі ме?
Балалар: Иә!
(Осы кезде Қыс ханшайымы алаңқайға
келеді)
Қыс ханшайымы (ашулы дауыспен айтады): Кім? Кім менің қарлы
патшалығыма келген?
Т: Балалар, кәне, Қыс ханшайымымен амандасайық.
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Қыс ханшайымы: Амансыңдар ма! Менің патшалығыма қайдан келдіңдер?
Не істеп жүрсіңдер?
Т: Қыс ханшайымы, біз Машаны іздеп жүрміз.
Қыс Хааншаймы: Ха ха ха! Жалғыз өзі орманда серуендеп жүр екен. Мен
оны үйіме кілтеп қойдым. Енді ол менің үйімді жинап, маған қардан
дәмді тағамдар пісіреді.
Т: Балалр, орманда немесе көшеде жалғыз серуендеп немесе ойнап
жүруге бола ма?
Б: жоқ.
Т:Қыс ханшайымы, Машаны кешірші, оны жіберші, ол кішкентай қыз ғой.
Атасы мен әжесі жылап жатқан болар.
Қыс ханшаймы: Ммм, егер сендер менің тапсырмаларымды орындай
алсаңдар, жіберемін.
Т: Балалар, тапсырмаларды орындаймыз ба?
Б: ИӘ!
Бірінші тапсырма: «Жұмбақтар жасыру»
Айназ: Суда мұз бар, Жерде қар бар.
Боран боп соғады, Бұл қай мезгілде болады? (Қыс)
Жалт-жұлт етеді,
Ұстасан еріп кетеді. (Қар)
Перизат: Қыста ғана болады,
Ұстасан қолың тонады. (Қар)
Қолы жоқ сурет салалды,
Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз)
(Жұмбақтардың жауабын тапқан сайын, слайдта сызықтармен жабық
тұрған шалқанның суреті ашылады)
Т: Балалар, ненің суреті шықты?
Б: шалқанның.
Қыс ханшайымы: Дұрыс, ендеше келесі екінші тапсырма «Шалқан»
ертегісін сомдау.
Т: Балалар, «Шалқан» ертегісін үстел үсті театры арқылы сомдаймыз.
Кәне, еріктерімен айтындар, қай кейіпкерді сомдайсыз. (автор, ата,
әже, немере қыз, күшік, мысық, тышқан)
Т: Жарайсыңдар, балалар! Ертегіні өте жақсы сомдадыңдар.
Балалар, шаршаған боларсыңдар, кәзір серігіп алайық. Орнымыздан
тұрайық.
Сергіту сәті:
Боран соғады оң жақтан,
Боран соғады сол жақтан.
Қар лақтырып ойнасақ,
Су өтеді қолғаптан.
Қыс Ханшайымы: Жарайсыңдар, ал сендер ертегілерді білесіңдер
ме?
Балалар: Иә!
Үшінші тапсырма: «Ертегінің атын тап?»
Слайдта көрсетілген ертегі суретіне қарап, қай ертегі екенін айту
керек.
Қыс ханшайымы: Жарайсыңдар! Ертегілерді жақсы біледі екенсіңдер,
рахмет!
Т: Төртінші тапсырма мына жұмбақты шешкенде белгілі болады:
Қашып кеткен атадан,
Қашып кеткен әжеден.
Орманда кеше жүр еді,
Домалап шықты алдымнан. (Бауырсақ)
Төртінші тапсырма: «Бауырсақ» ертегісін шарлар арқылы сомдау.
(Шарға кейіпкерлердің суреті жапсырылады, балалар қолдарына ұстап
ойын түрінде сомдайды)
Ата, Әже, Бауырсақ, Қоян, Қасқыр,Аю,Түлкі.
Т: Керемет, балалар, өте жақсы сомдадыңдар! Енді бесінші тапсырмаға
назар аударайық. Жеке жұмыс.
Бесінші тапсырма: «Лақтарға дұрыс жол тап» («Жеті лақ» ертегісі
бойынша).
Шарты:Лақтарды анасына апаратын жолдың үстінен сызып бастыр. Егер
жолдан қателессен, лақтар қасқырға барып, қасқыр лақтарды жеп
қояды.
(Балалар үстел жаңына барып сызады. Бір бала тақтаға келіп
көрсетіп, сызады)
Қыс ханшайымы: Жарайсыңдар, қандай ақылды балаларсыңдар.
Тапсырманың бәрін жақсы орындадыңдар. Ендеше мен Машаны
жіберейін.
(Есіктің арғы жағынан Машаны лестіріп келеді)
Маша: Рахмет, сендерге балалар! Сендер көмектеспегенде не істер
едім. Тонып, қамауда жүрер едім. Қыс ханшайымы, сізге де рахмет.
Мен енді үйімнің қасынан ешқайда кетпеймін. Балалар, сендер де
орманға, көшеге жалғыз ойнап бармандар, жарай ма!?
Менің сендерге сыйлығым бар, Жанна Мұратқызына берейін, ол сізге
кейін береді. Мен атам мен әжемді сағындым, үйіме қайтайын. Сау
болыңдар!
Т: Біздің қайтатын уақытымыз болды. Қыс ханшайымы, балаларға енді
ұрынба, сау бол!
Балалар: Сау болыңыз, қыс ханшайымы!
Т: Балалар, автобуспен балабақшаға қайтайық.
(Бәрі бірінің артынан бірі жүріп қайтады)
Қорытынды: Сұрақ-жауап:
Біз қайда бардық?
Кімге көмектестік?
Қандай тапсырмалар орындадық?
Сендерге оқу қызметі ұнады ма?
(Балалар жауап беріп, өз әсерлерін айтады)
|