Ашық сабақ Есептер шығару 8-сынып

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Есептер шығару 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Еріген заттың массалық үлесі мен ерітіндінің белгілі массасы бойынша еріген заттың массасын есептейді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді:_____________________

Бөлім:

8.3С Ерітінділер және ерігіштік

Педагогтің аты-жөні:

Бериккалиева Н.Б

Күні:

12.03.2024

Сыныбы:8Ә

Қатысушылар саны Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы:

Есептер шығару

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.3.4.5-еріген заттың массалық үлесі мен ерітіндінің белгілі массасы бойынша еріген заттың массасын есептеу

Сабақтың мақсаты:

Еріген заттың массалық үлесі мен ерітіндінің белгілі массасы бойынша еріген заттың массасын есептейді.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

Сәлемдесу. Жағымды атмосфера қалыптастыру.

Сыныпты топқа бөлу.

Топқа «Ерітінді», «Еріген зат» және «Еріткіш» бар қима қағаздар беріледі. Әр оқушы қима қағаздарды таңдау арқылы ұқсас құралдармен 3 топқа бірігеді.

1 топ: «Ерітінді»

2 топ: «Еріген зат»

3 топ: «Еріткіш»


Ой шақыру сатысы .

Үй тапсырмасын сұрау:

«Кім жылдам» әдісі сұрақ-жауап арқылы алдынғы тақырыптағы ұғымдар мен анықтамаларды еске түсіру; ·

1. Судың адам өміріндегі маңызы?

2. Ерітінді дегеніміз не?

3. Қаныққан  және қанықпаған  ерітінділер дегеніміз не?

4. Судың қандай үш жағдайы болады?

5. Ішінде күміс бұйым салынған сумен жуса жара тез жазылады,оның себебі неде?

6. Судың құрамы, формуласы.

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Дескриптор: Жалпы – 2 балл

-заттың суда ерігіштігін ажыратады -ерігіштік кестесін қолданады

Оқулық, жұмыс дәптері


Жаңа сабаққа кіріспе


Оқытушы: Бүгін біз еріген заттың массалық үлесі бойынша есептер шығарамыз.


Еске түсіру: 15% 200 ерітінді дайындау үшін қанша тұз қанша су қажет? Орта мектебін бітірген соң мамандық таңдауға тура келеді. Егер медбике болсаңыз, сізге күнделікті жұмыс барысында әр түрлі ерітінділер дайындайсыздар.

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Дескриптор: Жалпы – 2 балл

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Топтық жұмыс


Ерітіндінің маңызды сипаттамасы – ертіндідегі еріген заттың массалық үлесі немесе концентрация. Ол еріткіштегі еріген заттың салыстырмалы құрамын көрсетеді.

Еріген заттың массалық үлесі - ерітінді массасына еріген зат массасының қатынасы. Массалық үлесі % өлшенеді :

1 топ: «Ерітінді»

Массалық үлесі 20%-дық ас тұзының

(NaСІ) 50 г ерітіндісін дайындау.


2 топ: «Еріген зат»

30г тұзды 170г суда еріткенде түзілетін

ерітіндідегі тұздың массалық үлесі қандай болады?


3 топ: «Еріткіш»

Массасы 20 г тұзды 180г суда еріткенде түзілген

ерітіндідегі тұздың массалық үлесін есептеңдер.

Тапсырма

Алдар Көсе гүлдеріне тыңайтқыш беру үшін натрий нитратының 2% ті ерітіндісін дайындау керек. Ол үшін тұз бен судан қанша гр алу керектігін бірге есептеңіз.

Тапсырма

Гүлдана әжей көп мөлшерде тұздық алу үшін 120г тұзды 1,4кг суда ерітті. Алынған ерітіндінің массалық үлесін есептеңіз.

Тапсырма

Тұмау кезінде мұрынды шаю кезінде натрий хлоридінің 9% ерітіндісін қолданады. 100 мл суда еритін тұз массасын есептеңіз.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі Дескриптор: Жалпы – 2 балл

ерітіндінің массалық үлесін есептейді

Оқулық, жұмыс дәптері


Жеке жұмыс


Әр жұп тапсырмаларды анықтап, бір-біріне көмектеседі

Мұғалім әр жұптардың жұмысын бағалайды.

1. Жараны зарарсыздандыру үшін 5% марганцовка (KMnO4) ерітіндісін қолданылады. 200 г ерітінді даярлау үшін марганцовка мен судың массасысын есептеңіз?

2. Үй дәрі қобдишасында 3 % «жасыл дәрі» ерітіндісін табуға болады. 10,25 г ерітінді даярлау үшін спиртте ерітетін бояғыш зат массасын есептеңіз?

3. Терінің ақ және тегіс болуы үшін бет пен қолға тұзды монша қолданады. Массалық үлесі 1% және 500 г тұз ерітіндісін даярлау үшін тұз бен су массасын есептеңіз?

Дескриптор: Жалпы – 2 балл

Есептер шығарады

Оқулық, жұмыс дәптері


Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия


Рефлексия «Нені үйрендім» әдісі


Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың

«Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

Оқушылар арасында өзара бағалау жүргізіледі. Оқушылар орындап болған соң, өз жауаптарды түсіндіріп, бағалау критерийлері бойынша бағалау жүргізіледі.

Үйге тапсырма

Барлығыңызда үйде дәрі қобдишасы болады. Осы дәрі қобдишасынан ерітінді күйінде кездесетін дәрілік препараттарды табыңыз. Соған есеп құрастырып оны шығарыңыз

«Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.11.2024
197
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі