Материалдар / Ашық сабақ "Еспенбет дастаны"

Ашық сабақ "Еспенбет дастаны"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныптар бойынша І жартыжылдық есебі. 2016 – 2017 оқу жылына жоспарланған І тоқсанда жұмыстар жоспар бойынша атқарылды. Мемлекеттік бағдарламаға сай мектеп жұмыстарын жоспарлау, әдістемелік жұмыстарын бекіту, мотивациясы жоғары және мотивациясы төмен оқушылармен жұмыс жоспары, үйірме жоспары түзілді. 1–4 сыныптар аралығында сабақтарға қатысу, оқу жылдамдығын тексеру, жұмыс дәптерін және бақылау дәптерлерін тексеру жұмыстары жүргізілді. Әдістеме бірлестігінде І тоқсанда 1 отырыс өткізілді. Бастауыш сыныптар бойынша барлығы 398 оқушы оқиды. Оның 221 қазақ сыныптар, 189 орыс сыныптарында оқиды. 2 үйде оқытылатын оқушы бар, 1 Сайфидинова С. 4 «Б» қазақ сыныбында, Ержанова А. 3 «Г» орыс сыныбында оқиды. Жалпы 2-4 сыныптар арасында ____ үздік, __ екпінді. Бастауыш сыныптар бойынша:
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қырқүйек 2018
547
1 рет жүктелген
693 ₸ 770 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

А. Баймұлдин атындағы ЖОББ мектебінде «Білім кілті - бастауышта» атты бастауыш сынып апталығының өткізілуі бойынша есеп

Бастауыш сынып апталығына бастауыш сынып оқушылары мен мұғалімдері ерекше көңілмен дайындалды. Апталық кезінде өткізілетін ашық сабақтар мен іс-шаралардың жоспары құрылып мектеп директоры К.Ш Шомановпен бекітілді. Әр бастауыш сынып мұғалімі 1 ашық сабақ, 1 сыныптан тыс іс-шара өткізуге тиісті еді. Апталық қарсаңында бастауыш сынып оқушылары оқитың мектептің 1 қабаты тақырыпқа, мерекеге сай шарлармен, апталықтың атымен, түрлі әдемі суреттермен, қабырға газеттермен, гүлдермен безендірілді. Балалар үшін апталық қызықты өту үшін таңертеңгілік жаттығуды әуенмен өткізуді ұйымдастырдық. Бастауыш сынып апталығы 12-ші ақпан күні төртінші сабақтан кейін болатын үзілісте апталықтың ашылуын өткізуден бастадық. Ашылу салтанатына барлық бастауыш сынып оқушылары қатысып, өнерлерін көрсетті. 1-сынып оқушылары оқу-білім туралы жаттаған өлең жолдарын айтып, апталықты бірінші болып ашты. 2-3 сынып оқушылары ән айтты, 4-сынып оқушысы А. Маненова Ы. Алтынсаринның «Кел, балалар, оқылық» өлеңін мәнерлеп оқып берді. Дәл осы күні, сыныптан тыс уақытта Елемесова Т.Т. «Тапқыр болсаң, талас жоқ» атты сайысты өткізді. Оқушылар 3 топқа бөлініп, білімдерін көрсетті. Оқушылар үлкен қызығушылық танытып, ойынға белсене қатысты. Әділ-қазылар алқасы бағалағаннан кейін топтардың жинаған балдары бойынша жеңімпаз топ анықталды. Ойын соңында 3 топ та мадақтамалармен марапатталды. Сержан Жанболат (санатсыз) 2- сыныпта қазақ тілі пәнінен «Зат есім» тақырыбына ашық сабақ өткізді. Сабаққа мектеп директоры Шоманов К.Ш., оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары Ибраева Г.К., тәрбие жөніндегі орынбасары Байшукиров Е.Ш., ДҒӘЖО Кайсенова Д.К. қатысты. Жас маман Сержан Жанболат сабақта жаңа технологияларды қолданып, сабаққа қойған мақсатқа толық жетті. Сабаққа қатысып отырған әкімшілік пен білікті ұстаздар «жақсы» деген бағаға тоқталды. Жас маман Исаханова А.А. (санатсыз) 3-сыныпта әдебиеттік оқу пәнінен Б. Соқбақпаевтің «Қамқорлық» тақырыбына ашық сабақ жүргізді. Сабаққа ӘБ жетекшісі мен бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Сабақ жоспарын «Блум» таксаномиясына салған. Сабақ мақсатына жетті. Мұғаліснің өзіндік ұстауы, сөйлеу мәдениеті, балалармен қарым-қатынасы жақсы. Ховдабай Жайнагуль (1-санатты) 4-сыныпта ашық сабақ жүргізді. Сабақ қойылған мақсатына толық жетті. Сабақ барысында қызықты әдіс-тәсілдерді қолдана білді. Оқушылар еркін сөйлейді, ойларын толық жеткізеді. Жеке-дара және жұптық жұмыстыр болды. Оқушылардың сөйлеу ырғағы, өзіндік ұстауы, сабаққа деген қызығушылығы, тапсырма орындау кезіндегі ұқыптылығы, өзара қарым-қатынастары өте жоғары деңгейде. Елемесова Т.Т. (санатсыз) 1-сыныпта дүниетану сабағынан ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан Республикасының рәміздері». Сабаққа қойған мақсатына толық жетті. Балалар өздерін еркін ұстайды. 1 оқушы (Аманкелдіұлы Ақжол) бірнеше әріптерді дұрыс айтпайды. Тіл қоры да төмен. Түсінгенін, ойын толық жеткізе алмай қиналады. Мұғалім сабаққа түрлі әдіс-тәсілдерді қолданды. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын оята алады.

Әр бастауыш сынып мұғалімі сыныптан тыс іс-шаралар өткізді. Сержан Жанболат «Білгіштер бекеті» атты іс-шара өткізді. Аталмыш іс-шараға 1-4 сынып оқушылары қатысып, 3 топқа бөлінді. Сайысты бастамас бұрын әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтті. Әр топ әділ бағаларын алып жеңімпаз анықталды. Әр топ мадақтамалармен марапатталды. «Мақал-мәтелдер» сайысын жас маман Исаханова А.А. өткізді. Бұл сайысқа 1-3 сынып оқушылары қатысты. Әділ-қазы алқасы болып 4-сынып оқушыларын тағайындады. 5 кезеңнен құралған сайыс қойылған мақсатына жетті. Әр топ Отан, Жер, Білім туралы мақал-мәтелдерін айтып жарысты. 16 ақпан күні апталықтың жабылу салтанаты өтті. Апталықты жабу салтанатын бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Елемесова Т.Т. жүргізді. Ол апталық бойы сыныптардың рейтингін санап, әр сыныпты марапаттады.



ӘБ жетекшісі: Елемесова Т.Т.









Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!