400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Этюдпен жұмыс "

Материал туралы қысқаша түсінік
музыка мектеп мұғалімдеріне қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы
Сабақтың тақырыбы: «Этюдпен жұмыс»Сабақтың мақсаты:Білімділік: Этюд арқылы оқушының аспапта ойнау техникасын жітілдіру, орындаушылық шеберлігін шыңдау. Дамытушылық: Гамма,этюдтар үйрету арқылы оқушының шығармалар ойнауға қызығушылығын арттыру.Тәрбиелік: Оқушының музыкалық шығармаға деген сүйіспеншілігін арттыра отырып,сол шығармаларды дәріптей білуге тәрбиелеу.Көрнекілігі:домбыра,плакат.Сабақтың барысы:I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушының сабаққа әзірлігін тексеру,назарын сабаққа аудару.II.Үй тапсырмасын тексеру. Гамма. В-dur штрихтарымен. Қазанғап «Учитель».III.Актуалдау: Домбыраның пернелерін оның тон және жарты тон дыбыстарын, қағыстардың түрлерін,музыка сауатынан – нотаны, позицияларды игеріп алғаннан кейін домбыра тарту техникасын өсіруге кірісу керек. Домбыра тарту техникасын өсіруге арналған жаттығулар: мажор, минор гаммалары, арпеджиолар, этюдтер.Жаңа біз үй тапсырмасында В-dur гаммасын ойнадық.

Мажор,минор гаммалары


Домбыра тарту техникасын өсіруге арналған жаттығу-р
Этюд






IV.Жаңа сабақ: Этюдпен жұмыс. Этюд деп домбырада немесе басқа музыка аспаптарында тартылатын, сол қол мен оң қолдың техникасын өсіру үшін арналған музыкалық жаттығуларды айтамыз.Бүгін біз Л. Хамидидің Этюд №3үйренеміз.Л. Хамиди 1906 жылы 17 шілдеде Қазан қаласына жақын орналасқан Бувари деревниясында кедей семьясында дүниеге келді. Өз ұлты татар болса да оның өмірі мен шығармашылығы Қазақстанмен біте қайнасқан. Л.Хамиди – Қазақстандағы вальс жанрының негізін салушы.Алғаш шығарған әндері- «Қазақ вальсі», «Бұлбұл». .V.Дамыту. Этюдті нота бойынша талдау. Тактімен жұмыс жасау.VI.Сергіту сәті. "Ойлан тап!" ойыны. Музыкалық сауатын шыңдау.Дыбыс ұзақтығымен динамикалық белгілерді карточкалар арқылы көрсету.VII.Бекіту.- Этюд дегеніміз не?- Л. Хамиди қай жылы,қай жерде дүниеге келген?- Домбыра тарту техникасын өсіруге арналған қандай жаттығуларды білесің?

VIII.Қорытындылау.Бүгінгі сабағымызда домбыра тарту техникасын өсіруге арналған жаттығулардың бірі этюдті ойнап үйрендік. Әуен мен бояларды, өзара үндестікті, байланысты,ұқсастықты көре біліп, музыканың өзіндік тілін біліп, эстетикалық тұрғыда қабылдай білуіміз керек.IX.Үйге тапсырма: Этюдті берілген жерге дейін дейін нота бойынша ойнау.X.Бағалау. Жақсы. Өте жақсы.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
2548
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі