Материалдар / Ашық сабақ. Физикалық жүктеменің ағзаға әсері. Қысқа қашықтыққа жылдам жүгіріп өту 3 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ. Физикалық жүктеменің ағзаға әсері. Қысқа қашықтыққа жылдам жүгіріп өту 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа қашықтыққа жылдам қайталама жүгіру жаттығуларын орындайды
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Ақпан 2023
297
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Мектеп

Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы КММ

Мұғалімнің аты-жөні

Аманшин М.Б

Сынып

3 Ә

3 А




Күні






Қатысушылар саны:






Қатыспағандар саны:






Бөлім

5-бөлім Денсаулық және физикалық белсенділік

Сабақтың тақырыбы

Физикалық жүктеменің ағзаға әсері . Қысқа кашықтыққа жылдам жүгіріп өту

Оқу мақсаттары

3.1.5.1 - кеңістікте қозғалыс әрекеттерін орындау және анықтау.

Сабақ мақсаттары

Қимыл-қозғалыс әрекеттері арқылы өзгермелі жағдайға жауап қайтара білуге бейімделу

Бағалау критерийі

Жаттығу барысында қимыл-қозғалыс әрекеттерін орындайды

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: негізгі қозғалыс дағдыларын және әр түрлі ойындардағы қарым-қатынас дағдыларын көрсете алады.

Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: шабуылдау ойыны, шамадан тыс жүктелген ойындар, бейімделген ойындар, футбол добы, пластиктен жасалған доп, түрлі түсті таспалар, ысқырық, қағып алу, шабуылдаушы, қорғаушы, қарсылас, балдар, нысаналар, ережелер, тактика, стратегиялар, қарым-қатынас дағдылары: қарым-қатынас, бірлескен жұмыс, допты меңгеру, доптан айырылу, дене бөліктері: табан, аяқ бармақтарының ұштары, қол, табан, саусақтар, әзірлеу, жасау

Талқылауға арналған сұрақтар:

- жақсы пас жасау үшін біз не істеуіміз керек?

- мақсатқа жету үшін сендер командадағы мінез-құлықты қалай өзгерттіңдер?

- сендерге жиі пас беруге тура келді ме?

- команданың барлық мүшелерінің қатысуын қамтамасыз ету үшін тұрақты байланыс жүргіздіңдер ме?

- допты ұстап қалу үшін сендер қандай стратегияларды пайдаландыңдар?

- сендер командада қандай тактиканы пайдаланасыңдар?

- сен жеке ойынша ретінде, команда ойынын жақсарту үшін не істей аласың?

- сендердің командаларыңда допты қағып әкету дағдылары қаншалықты жақсы?

- ойында бастаманы кім көтерді, сен өзіңе бастама жүктедің бе?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.

Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды

Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады

Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді

Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады

Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады

Пәнаралық байланыстар


АКТ қолдану дағдылары


Бастапқы білім

Денсаулық және физикалық белсенділік

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Педагогтің әрекеті

Оқу ресурстары

Сабақтың

басы

10 минут

Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

Мұғалімнің немесе оқушының таңдауы бойынша жоспарланған ойынды өткізуге қажетті инвентарь.

Сабақтың

ортасы

25 минут

Оушыларлы сапқа тұрғызу,оқушыларға ең алдымен жаттығудың реттілігін көрсету.

Жаттығу:

1.Ең алдымен 10 м жүгіру жолағы өлшенеді.

2.Жүгіру жолағы өлшеніп болған соң оқушыларға тұру ережесін түсіндіру.

3.Жүгіру арқылы өлшеген белгіден фешканы алу арқылы,жүгіру сөресіне қойып және қайта жүгіру арқылы сөреден өту.

4.Жаттығуды рет ретімен толық орындау.


Саралау:

1. Қатысушылар еркін тәртіпте бір-бірінің артына тұрады. Жүргізуші бағанға немесе сапқа қарап, кері бұрылуы және кім кімнен кейін тұрғандығын атап шығуы тиіс.

2. Қатысушылар барлығы көрінетіндей сапқа тұрады.

Бір және екі қатарға оқушылардың дұрыс тұруын қадағалау, жаттығуды ережесі бойынша орындауын қадағалау.

Дескриптор

- жүгіру техника қауіпсіздігін сақтайды;

- жүгіру ережесін түсінеді ;

Сабақтың

соңы

5 минут

Сабақты қорытындылау:

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым. Деңгейі жоғары оқушылармен араластырып білім деңгейлерін көтердім.

Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру», «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақтың барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

-Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

-Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

-Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

-Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

-Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары жоспар бойынша нақты қойылған. Сабақ соңында барлық оқушы оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ соңында саралау жүргізіліп, сабақ қорытындыланды. Кіріспе бөлім 10 минут, негізгі бөлім 25 минут, қортынды 5 минут регламент сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ

Жалпы баға

Caбaқтың жақсы өткен eкi acпeктici (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқты жaқcapтуғa не ықпал ете aлaды (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқ бapыcындa cынып туpaлы нeмece жeкeлeгeн oқушылapдың жeтicтiк/қиындықтapы туpaлы нeнi бiлдiм, кeлeci caбaқтapдa нeгe көңiл бөлу қaжeт?

_____________________________________________________________________________________________________




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!