Материалдар / Ашық сабақ Г дыбысы мен әрпі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Г дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Балаларға «Г г» дыбысы мен әрпін таныту, баспа түрін жаздырып үйрету, «Г г» дыбысына байланысты сөздер ойлату, сөйлем құрату.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Сәуір 2019
435
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Г г дыбысы мен әрпі ШҚО Тарбағатай ауданы Кіндікті ауылы

(Ашық сабақ)

« Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі»

КММ бастауыш мектеп мұғалімі


Нұрғалиева Айнұр






Сабақтың тақырыбы:

«Г г» дыбысы мен әріпі

Сабақтың мақсаты:

  1. Балаларға «Г г» дыбысы мен әрпін таныту, баспа түрін жаздырып үйрету, «Г г» дыбысына байланысты сөздер ойлату, сөйлем құрату.

  2. Тіл байлықтарын кеңейтіп, қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру, әдемі жазуға дағдыландыру.

  3. Өзара сыйластыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.


Мазмұнына байланысты міндеттер:

а/ «Г г» дыбысы және әріпімен танысады;

ә/ «Г г» дыбысына байланысты сөзжұмбақ пен ребус,жұмбақ шешу.

б/ «Г г» әрпін баспа түрін алдарындағы тақтада жазып үйренеді;

в/ Балапан дәптерінен «Г г» әріпінің жазба түрін нүктелердің үстінен бастырып, элементтерін жазып үйренеді.


Топтық үрдісіне байланысты міндеті:

  1. Балалар бір-бірінен үйренеді, көреді.

  2. Топта ақылдасып, бір-біріне сұрақтар бойынша жауап беруге көмектеседі.

  3. Тапсырмалар орындаған кезде топтастарына қарап үйренеді, қарым-қатынас жасайды.


Көрнекілігі:

«Г г» әріпінен сөздер бейнеленген суреттер, кеспе әріптер, кәмпиттер, стикер, сөзжұмбақ,ребус,Маша қыз бен Аю ойыншығы,сиқырлы қобдиша,түймедақ кескіні,жеміс-жидек муляжы,слайд.


Құрал- жабдығы:

Интерактивті тақта , қобдиша, балапан дәптер, оқулық, кәмпиттер.


Сабақтың типі:

Жаңа материалды меңгерту сабағы.


Сабақтың түрі:

Ойната отырып, дамыта оқыту сабағы.


Әдіс-тәсілдер:

Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, сөздік жұмысы, ойын ойнату.

Сабақ барысы:I.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды шаттық шеңберіне тұрғызу.

Алдымыздан кезіккен,

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен,

Иіліп сәлем береміз.

Оқушыларды 2 топқа бөлу.

1-топ:Кызғалдақ тобы.

2-топ:Бәйшешек тобы.

II.Өткен сабақты қайталау.

-Өткенде қай дыбыспен таныстық?

-Үү дыбысымен.

-Үү дыбысы қандай дыбыс?

-Жіңішке дауысты дыбыс.

Ережені еске түсіру.

Дыбыс деген не?

Әріп деген не?

Музыка үні естіледі:

Мұғалім сұрайды:Мына әуен сендерге таныс па?

Балалар:Ия Маша мен Аю мультфильмінің әуені.

Мұғалім: Маша мен Аю бізге қонаққа келіпті.Сендерге арнап тапсырма дайындап әкеліпті.Ал,кәне тапсырмаларын орындайық.

III.Білімдерін жан-жақты тексеру.

Ойын:

«Кім шапшаң?»

Шарты:Түймедақ гүлінің артындағы отбасы мүшелерінің атын тақтаға жазу.

2-топқа тапсырма:Ребус шештіру.

Сұрақ.

1-топқа:Қанша жыл мезгілі бар?

2-топқа:Жыл мезгілдерін ата.

IVМақсат қою.

Сабақтың тақырыбымен мақсатымен таныстыру.

V.Жаңа сабақ.

Сөзжұмбақ шешу.

1.Жетіден кейінгі сан

2.Түнде ұшатын құс

3.Ешкінің төлі.



Г




Ү




Л





Гүл дегенде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?(Г г дыбысы)

Бүгінгі біздің танысатын әріпіміз....

Хормен атйу(Г-г-г)

Айтылуына қарай қандай дыбыс?

Дауыссыз дыбыстарды көк текшемен белгілейміз.

VI.Жаңа білімді меңгергенін тексеру.

1.Г дыбысына байланысты суреттер көрсету.

2.Буынға бөлу , дыбыстық талдау жасату.

Гүл -1 буын,1-дауысты,2-дауыссыз дыбыс бар.

Гүлді сендер жақсы көресіндер ме?

Мерекеде ,мейрамдарда ата-аналарымызға,ұстаздарға,достарымызға не сыйлаймыз?

Ендеше ұстаздарымызға,достарымызға гүл сыйлаймыз.

Оқушылар өздері қиып жабыстырған гүлдерін қатысып отырған мұғалімдерге табыстайды.

Дәптермен жұмыс.

1.Тақтада жазу.

2.Ауада жазу.

3.Көзді жұмып жазу.

4.Дәптерге түсіру.

Сергіту сәті.

Интербелсенді тақта арқылы музыка ырғағымен билеп орындайды.

Мұғалім: Маша Қыз бен Аюдың бізге әкелген сиқырлы қобдишасы бар екен.Ішінде не бар екен ашып көрейікші.Ішінде жұмбақ жұмбақ жасырулы екен.Қане, ашып оқиық.

Аналарды сыйлайтын,

Аралар бал жинайтын.

Бұл немене балалар,

Үзуге адам қимайтын?( Гүл)

Дидактикалық ойын: Не қайда өседі?

Көрнекілігі: Жеміс-жидектер муляжы.

VII.Қорытынды бөлім.

«Стикердегі диалог» әдісі.Оқушыларға стикер үлестіріледі. 1- топ дауысты дыбыстарды жазып,2- топ дауыссыз дыбыстарды жазып тақтада ілулі тұрған қызыл және көк түсті парақшаларға апарып жабыстырады.

Оқушыларды бағалап, қай топтың алды екенін анықтап мадақтау.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!