Материалдар / Ашық сабақ "Ғажайып бояулар әлемінде" 5 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Ғажайып бояулар әлемінде" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ сайыс ретінде өткізіледі.Оқушылар екі топқа бөлініп жарысады.Бұл сабақта бояулар түрлері туралы айтылады.Бұл материал ұстаздарға және оқушыларға сабаққа үлгі ретінде қолануға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1507
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы: «Ғажайып бояулар әлемінде» .Бояулар түрлері
Мақсаты: Оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр - сырын жан - жақты үйрету. Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру. Өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру. Өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Түрі: дәстүрлі емес
Әдісі: топтық сайыс, сұрақ - жауап, топпен жұмыс, тақырыпқа сурет салу.
Көрнекілігі: Өнер жайлы нақыл сөздер, слайдтар, суреттер.
Құрал - жабдықтар: плакат, қарындаштар, қайшы, желім, акварель бояулары, қылқалам.
Сайыстың барысы:
Армысыздар құрметті ұстаздар, сайысымызға қатысушы жас өркен!
Бүгінгі бейнелеу өнері сабағынан 6 «А»сынып оқушылары арасындағы «Ғажайып сурет әлемі» атты сайыс сабағына қош келдіңіздер.


Ортамызда екі топ сайысқа түспеді.Оқушыларды екі топқа бөлемін.
І топ «Бояулар»
ІІ топ «Қарындаш»


Өнер десе өртеніп жанып тұрар,
Сусындап сол өнерден қанып тұрар.
Сегіз қырлы, бір сырлы сайыскерлер,
Кез келді өзін - өзі таныстырар, — дей келе сайысқа түспекші екі топпен танысайық.
I – топ. «Бояулар» тобы:
Көрікті ашық бояумыз.
Өнерге ғашық баламыз.
Бәрінің өңін келтірер
Сурет болмас бояусыз.
Топ мүшелері:
II – топ. «Қарындаш» тобы:
Біздің есім «Қарындаш»,
Өнерсіз бала қарны аш.
Сайысқа келген достарым,
Сурет сал, міне қарындаш.
Топ мүшелері:
Өнерпазды жарау аттай баптасын,
Халқымыздың асыл мұрасын сақтасын.
Өнерімен танылып бүлдіршіндер,
Ел сенімін еңбекпенен ақтасын, — деп сайыстың түрлерімен таныстырып өтейін.
Бояулар,қарындаштар демекші балалар бояулар туралы не білесіңдер?

Бояу дегеніміз сурет салудағы басты құрал,суреттегі түс сурет салатын материалдармен орындалады: акварель,гуаш, майлы бояулар,акрил бояулар сангина,сия,тушь, бор,

Гуашь – бояудың бір түрі. Оны акварель сияқты қағазға тигізбес бұрын әуелі суға езіп алған жөн. Бірақ оның акварельден негізгі айырмашылығы қағаз бетіне мөлдіреп түспей, қалың қою болып жағылады. Өйткені гуашьты ақ ұнтақ қосып әзірлейді.

Майлы бояулар - өсімдік майларымен /жаңғақ, кендір, көкнәр/ майларымен араластырылған бояулар.

Сайыс кезеңдері:
1. «Сан сұраққа саяхат» сұраққа жауап беру.
2. «Топ басшылар» сайысы.
3. «Суреттің жанрын тап»
4. Сөздерден түс аттарын шығару.
5. Сурет салу сайысы (топпен жұмыс)
6. Жұмбақ шешу.
Кезеңдермен таныс болсақ сайысымызды бастайық.
І кезең. «Сан сұраққа саяхат» сұраққа жауап беру
Әр топқа бес сұрақтан қойылады. Соған жауап берейік.
І топқа:
1. Бейнелеу өнері дегеніміз не? (Айналамыздағы өмір көріністерін жазықтықта әрі кеңістікте бейнелеу арқылы суреттейтін өнер түрі)
2. Табиғат көрінісін бейнелейтін шығарма. (Пейзаж)
3. Түстер неше түрге бөлінеді және қандай? (2 - ге, жылы және суық)
4. Қарындаш дегеніміз не? (Сырты ағаштан, өзегі графиттен жасалған сурет салу құралы)
5. Аспан мен жердің қиылысатын сызығын не дейміз? (көкжиек сызығы)

ІІ топқа:
1. Бейнелеу өнерінің түрлерін ата. (кескіндеме, графика, мүсін, сәулет өнері, қолданбалы сәндік өнер)
2. Адам келбетін бейнелейтін жанр қалай аталады? (портрет)
3. Суға тез еритін бояу. (Акварель)
4. Қалам, тушьпен салынған өнер не деп аталады? (графика)
5. Натюрморт деген не? (Жансыз заттар бейнеленген көркем шығарма)
II кезең
«Топ басшылар» сайысы.
Топ басшысы өзіне көмекші алады. Берілген суретті салу керек. Көмекшісінің көзі байланады. Топ басшысы көмекшісіне хабарлап тұрады. Мысалы: жоғары, төмен, оңға, солға т. б
III кезең.
«Суретті құрастырып жанрын тап»
Екі топқа сурет қиындылары беріледі. Олар суретті құрастырып тез тауып, көрсетуі қажет.
IV кезең.
Сөздерден түс аттарын шығару.
І топқа:
ЛЫЗЫҚ (ҚЫЗЫЛ), АҚРА (ҚАРА), ДІРГІЛКӨ (КӨГІЛДІР), ЫРҚОҢ (ҚОҢЫР), РҰС (СҰР)
ІІ топқа:
ЛЫСАЖ (ЖАСЫЛ), ЫРСА (САРЫ), КӨКСИЯ (СИЯКӨК), ГІНКҮЛ (КҮЛГІН), ҒЫШҚЫЗ (ҚЫЗҒЫШ)
V кезең. Сурет сайысы (топпен жұмыс)
Әр топ өздерінің талантты және тату екендіктерін көрсетеді. Сиырдың суретін салу керек. Біреуі басын, екіншісі - денесін, үшіншісі – алдыңғы аяғын, одан кейін артқы аяғын, құйрық, мүйізін т. б. Суретті салу топқа бір мезгілде беріледі. Сиырды жақсы салған топ марапатталады.(музыка қосылады)
VI кезең. Жұмбақ шешу.
Екі топқа жұмбақтар айтылады. Шешуін қағаз бетіне сурет арқылы түсіреді.
Мен арамын, арамын,
Қара орманға барамын.
Қимастан бір бұтағын,
Қара орманды тарадым. (шаш пен тарақ)
Қалқиып ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян)
Күні - түні сөйлеймін,
Өлең айтам, билеймін.
Бәрін - бәрін көрсетем,
Бірақ ойлай білмеймін. (теледидар)
Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды. (ағаш)
Сан ойлантады, сан мұңайтады,
Үндемей - ақ әңгіме айтады. (кітап)
Рефлексия:

1.Бояу дегеніміз не?

2.Қандай түрлері болады?
3.Майлы бояу неден алынады?
Сайысты қорытындылау.

Сайысқа қатысушы топтарды марапаттау.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!