Материалдар / Ашық сабақ "Ғажайып қыс"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Ғажайып қыс"

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыка тыңдау арқылы , музыканың төрт түрлі жанрларын ажыратуға үйрету. Музыканың көңіл-күйін, темпін, характерін, дыбыстық динамикасын анықтауға үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Желтоқсан 2021
434
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің «Ерке – Нұр» бөбекжай – балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны









«Ғажайып қыс»

(ашық ұйымдастырылған оқу қызметі)








М.А.Д «Арман» тобы


Музыка жетекшісі:

Мұратова Дариха Жұмаділдәқызы.










Қаскелең қаласы

2021-2022 оқу жылы.


Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Ғажайып қыс»

Мақсаты:

3.Білімділік мақсаты:

а) Әр музыкадағы жанрды түсінуге бағыт жасау немесе тәрбиелеу.

б) Музыка тыңдау арқылы , музыканың төрт түрлі жанрларын ажыратуға үйрету. Музыканың көңіл-күйін, темпін, характерін, дыбыстық динамикасын анықтауға үйрету.

Дамытушылық:

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауаптар, суреттер, буклеттер көру, түсіндіру, тақпақтар оқу, компютерден электронды тапсырмалар мен оқу іс-әрекеттерге байланысты жұмыстар жүргізу.

Пайдаланған көрнекі құралдар; Балаларға арнайы тігілген ергежейлі қалпақтары, Жалқаубек костюмі мен құстарды атуға жасалған рагатка, мнема кесте, проектор, балаларға арналған түрлі аспаптар.


Тақырыбы: «Ғажайып қыс»

Армысыздар,құрметті қонақтар,бүгінгі біздің «Ғажайып қыс» атты ашық ұйымдастырылған оқу қызметіне қош келдіңіздер. Балалар қараңдаршы біздің бүгінгі оқу қызметіне көп қонақтар келіп отыр екен , ендеше қане, бәріміз сәлемдесейік.

Балалар: Сәлемдеседі.

Жұмбақ:

Шанамен сырғанап ойнайтын

Аққала жасап қуанып

Қар атысып жүгіріп, Шырша тойын тойлайтын

Бұл қай кез деп ойлайсыңдар?

Балалар: - Қыс.

Дұрыс айтасыңдар.

Қане, бәріміз бірге айтайық Қыс; Зима; Уйенті

(Осы кезде есік тықылдатып, қонақтар ергежейлілер келеді)

Ергежейлер: Сәлеметсіңдер ме ?

Балалар сәлемдеседі.

Ергежейлер: Біз Ақшақарды іздеп келдік. Ақшақарды сағындық. Және сендерге сыйлық алып келдік.

(Ергежейлердің қалпақтары және тәттілер)


Жетекші: Жарайсыңдар . Ақшақарда сендерді сағынды.Бізбен бірге қызықты оқу қызметіне қатысыңдар.

Бүгінгі біздің ұйымдастырылған оқу қызметі қыс мезгілі жайлы; Қыстың қызығы мен ғажайыптары.

Бәріміз бірге: Ақшақар; Белоснежка, Шнөу уайт

  1. Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай?

  2. Қыс мезгілінің айларын кім атап бере алады?

  3. Қазір қандай ай?

  4. Біз жақында қандай мерекені тойладық?

  5. Қыс мезгілінде ойналатын қандай ойындарды білесіңдер?

  6. Қыстап қалатын құстарды атау;

(Сауысқан, торғай, қарға, көгершінт.б) бұл құстар қыстың суығынан қорықпай, өз қоректерін тауып жейді екен.


(Осы кезеде ортаға бір бала торғайды таспен атып жүгіріп келеді.)

Жетекші: Балақай сен кім боласың?

Жалқаубек: Мен Жалқаубекпін ғой.

Жетекші: Жалқаубек торғайды атуға болмайды. Бұл қолыңдағы не? Біздің балалармен бірге құстарға қамқор болуды үйрен.

Айару:

Таспен атып торғайды

Ұя бұзуға болмайды

Құс өкпелеп кетеді

Бақшамызға қонбайды.


Бекарыс:

Құс ұясын бұзбаңдар

Балапанын алмаңдар

Құстар біздің досымыз

Обалына қалмаңдар


Нұрасыл:

Үйге кірші торғайым

Мен суықтан қорғайын

Үйшік жасап берейін.

Алдыңа жем себейін.

Күн жылынып, қар кеткенде

Босатамын көктемде.


Димаш:

Жылы жаққа ұшпайтын

Біздің жақта қыстайтын.

Жүрсе суық далада

Жем шашуды ұмытпа.


Жетекші: Балалар мен үйден мынадай ұя жасап әкелдім.Қазір далаға серуенге шыққанда ағаштарға іліп қоямыз. Сендерде үйге барғанда әртүрлі материалдардан ұя жасап ілулеріңе болады. Яғни біз құстарға қамқор болып, қыс мезгілінде сумен жем шашып тұруымыз керек.


2) Музыка тыңдау: «Қыс мезгілінің» дыбысы.(Аяз, боран, қардағы аяқ ізінің дыбысы.)


Айлин:

Қыс айы қаңтардан

Басталады жыл басы

Алып келді қыс қарды

Ұзақ күндер қысқарды.


Би; Ырғақтық- қимылдар жасау; (Ергежейлілермен бірге қалпақтарын киіп, би қимылдарын жасау)рдағы әндеріменкілдірімізң екіге бөлінетінін үй құстары ,жабайы құстар болып бөлінетінін))


Дауыс жаттығуын жасау.

Ма-ме-ми-мо –му....

«Ән» қайталау. «Ақшақар» әні.

(Аспаптармен балалармен қосылып орындау.)


ІV.Жаңа әнмен танысу. «Қыс қызығы»


V.Ойын: «Жақсы мен жаман/ойыны»

(Мнема кесте арқылы)


Қыс мезгілінде қар жауса жақсы ма?

Қарда шанамен ойнаған жаман ба?

Қыста қар атысып ойнаған жақсы ма?

Қыс мезгілінде даладан қар жеген жақсы ма?

Қыста суық тиіп ауырған жақсы ма?

Қыс болғанда жаңа жылды тойлаған жаман ба?

Жетекші:

Балалар біз ергежейлермен және Жалқаубекпен қоштасайық.

Қош сау болыңдар.

Жалқаубек сенде қайтатын шығарсың. Енді біздің балалардан біраз нәрсе үйренген боларсың. Құстарды атуға болмайды. Оларға қамқорлық жасап, қыстың күні жем шашып , ұя жасап беру керек. Қош сау бол .

VІ. Жаңа оқу қызметін қорытындылау:

1.Қазір қай мезгіл?

2.Балалар, қандай құстар қыстап қалады екен? /

3.Біздің оқу қызметімізге кімдер келді?

4.Музыка арқылы көңіл-күйді білуге болады ма?


VІІ. Үй тапсырмасы: Бағалау: Oқу қызметіне жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Сыйлық: ( Балаларға тәттілер ұсыну)
























































































2-бала: Бағдат 3-бала:Сая

Туған соң адам боп, Ата жолын жалғапты.

Білімсізден жаман жоқ Бауырласқан тәніміз,

Ел дәстүрін білмесең, Бұзылмаған антымыз.

Жұрт айтады надан деп. Кең даланың ежелгі

Ата-бабаң ардақты, Қазақ деген халқымыз.

Жамандыққа бармапты, Өзге ұлттай біздің де,

Ардақ тұтып үлкенді, Бар дәстүрмен салтымыз!

Кішіні құрмет тұтыпты.


Әже: -Жарайсыңдар балалар.

Ерден атай:

-Нәрестенің құлағына; Бисимиллаһир рахмани-рахим! Сенің атың Қамбар! 3 рет дауыстап атын айтады. «Қамбар»-деп баланың аты қойылады.

Тәрбиеші:

-Міне, нәрестенің аты да қойылды.Қазақ халқы ат қоюға үлкен мән берген.Белгілі бір мақсатпен қоятын болған. Өскенде бала өз атына лайықты азамат болсын деп тілек тілеген.

Бесікке салу рәсімі.

Тәрбиеші:

Балалар сендер қандай бесік туралы мақал-мәтелдер ,тыйым сөздер білесіңдер?

4-бала: - «Бос бесікті тербетпе»

5-бала:- «Ел болам десең ,бесігіңді түзе»

Әже: Бисимиллаһир рахмани-рахим! Алдыменен баламыздың денсаулығы мықты болу үшін тұзды суға салып,баланы суға түсіріп, майлап ,бесікке салайық.

Осы кезде музыка ойналып тұрады. «Ана әлдиі»

Баланы майлау:

Өс-өс балам, өсе бер,

Батыр балуан бол білекті.

Батыл бол талмас жүректі.

Аяқ-қолыңды созайын,

Саусағыңды жазайын.

Етті болсын балтырың,

Епті боп өс жарқыным.

Әже: Бесікке салмас бұрын; бесікті аластап алайық.

Алас,алас,пәледен алас,

Иесі келді пәледен қаш,

Алас,алас,пәледен алас,

Көзі жаманның көзінен алас,

Тілі жаманның тілінен алас,

Тыштыма жасу:- Бесіктің жасауымен танысайық. Сонан-соң, балалар ,бесіктің түбегіне қараңдаршыТышты ма,тышты ма?

Балалар:- Тышты,тышты.

Әже:-Қазақта 7-саны қасиетті сан,аталарыңның ержүректілігі,мықтылығы,күштілігі дарысын ,деп бесікке 7-киім жабамыз.

8-бала: Ал, балалар, енді баламыз ұйықтасын.Баланы ішкі бөлмеге жатқызайық.

-Балалар қазақта 7-саны киелі сан дейді .Сендер тағы 7-сан туралы не білесіңдер?

«Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер»

6-бала: 7-ата: Әке,бала,немере, шөбере,шөбшек,немене,туажат;


7-бала: 7-қазына: Ер жігіт,сұлу әйел, ілім-білім, берен мылтық, жүйрік-ат, қыран –бүркіт;

8-бала: 7-шелпек:


Тәрбиеші: -Ал, балалар, енді 7-күлше демекші қазақ халқы үшін дәмнен,дастарханнан үлкен нәрсе жоқ.Бір шаңырақтың астында, бір дастархан басында дәмдес болған адамдар өзара бір-бірімен ешқашан жамандыққа бара алмаған.

9-бала: Атамен әженің қолына су құю.


Тәрбиеші: «Таңғы асты тастама, кешкі асқа қарама»- демекші, қане, балалар наннан ауыз тиейік.

10-бала:

Қамбар бөпеміздің тәтесі Айгерім жасқа толып, бүгін тұсау кесу тойынада куә боламыз.

Әже: Тұсау кесу: Ала жіппен кесу.Өйткені балам адал болсын дегенім, барлық ұлтпен тату болып,тіл-көзден аман болсын ,- деп ала жіппен кесемін.

2-бала: Айгерімді жетектеп,алып келеді.


Барлығы:

1.-Қаз,қаз балам ,қаз балам, 2. -Қаз,қаз балам ,қаз балам,

Тақымыңды жаз балам, Қадам бассаң мәз болам.

Күрмеуіңді шешейін, Қадамыңды қарайын,

Тұсауыңды кесейін! Басқаныңды санайын.

-Осы кезде баланың алдына әртүрлі заттар қойылады.(Балға, қалам, кітап, ақша,машина рулі..)

-Бала өз таңдауын жасайды.

Тәрбиеші:

-Қазақтың той –думаны ойын-сауықсыз өтпеген.Ендеше болашақта

елін, жерін, қорғайтын балаларымыздың сіздің тойыңызға арналған әнін тамашалайық.

Ән:«Кішкентай балапан» әнін орындап берейік.

Би: «Қара жорға» биі.

11-бала:

-Ата - әжесінің аялы алақанында, айналайынмен өскен бала ,бәрін білгісі келіп, көргісі келіп құштарлана болашаққа қанат қағатын кезгеде жетті.Балалар Дидар бүгінде біз секілді 7-жасқада толып қалыпты.Биыл бізбен бірге мектепке барады екен.

Тәрбиеші: -Балалар бұл жаста қазақ халқы ер баланы сүндетке отырғызады. Бала мұсылман болады. Бұл қазақ халқы үшін өте үлкен той.

Ерден атай мен әжей: «Қазақта екі тойың қабат келсін»-деген қанатты сөз бар емес пе? Бүгін міне, той -тойға ұласып жатыр. «Ақ түйенің қарны жарылды ,деген бар емес пе?»

Ал, балалар ендеше,барлығыңда осы тойдың қонағы болыңдар.

Тәрбиеші:

-Ал, балалар біз Дидардың «мұсылман» болған тойына алып келген ұлтық киім сыйлығымызды құттықтап табыстайық.Ата-әже қабыл алыңыздар.

Ата-әже:

-Құтты болсын жаным! «Өмірің озсын, киімің тозсын.»

Тәрбиеші:

Біздің балалардың киім үлгісін тамашалайық.

Балалар Қамбарға тілек айтады:

Ерден атай:

-Менің балаларға бір ойыным бар.Соны менің немерем Дидармен бірге ойнасақ деп едім.Міне,бұл атты балам жетіге келгенде ,елімді жинап,бәйге беремін,-деп дайындап,бағып жүр едім.

Ойын:«Қыз қуу»

Тәрбиеші:

Ата-әже «Қазақ ,қазақ емес , нағыз қазақ домбыра» -дейді халқымыз,ендеше тағыда біздің балаларымыздың тойыңызға арналған ұлттық әртүрлі аспаптармен қосылып орындалатын әнін тамашалайық.

14-бала:

Байыптасаң өмір мен өнер егіз,

Ән-күй тыңдап рахатқа бөленеміз.

Бабалар аманатын аман сақтап,

Қазақтың ұлтық аспабымен ән саламыз!

Ән:«Домбыра сазы» әнін орындап берейік.

Ән: «Күміс құман-ай»

Құтты болсын тойларың, Тойың-тойға ұлассын,

Сәтті болсын ойларың Салған әннің қыр ассын

Баршаңызға бақытты, Сәнін берсін Сәкеннің .

Баршаңызға шаттықты Әнін берсін Күәлштің

Біз сыйлайық-ай! Туысқандар-ай!


Тәрбиеші:

-Біз бүгін көп қызықты тойды көріп көңіліміз көтеріліп, қуанып қалдық. Енді бақшаға қайтатын уақытымыз болды.

Әже: «Әке асқар тау, бал оның жалғасы»,-деп атам қазақ бекер айтпаған;

Атасы балаларға, өз немерелеріміз Қамбарға ,Айгерімге, Дидарға батаңды бере ғой.

Ерден атай: Бата береді.

-Оқуда алғыр болыңдар!

Қатарыңның алды болыңдар!

Қыдыр ата жолдасың болсын!

Еліміздің арқа сүйер азаматы болыңдар.

Ата-аналарың аман болып,

Бастарыңа бақыт қонсын,

Отбасымызға осы отырған баршамыздың,

Ырыс-құт береке берсін,

Халқымыз әрқашанда тыныш болсын!

Әумин!

Тәрбиеші:

Ал, балалар енді бақшаға қайтайық.

Оқу іс-әрекетті қорыту.

Бүгін біз қайда бардық?

Қандай қазақтың салт-дәстүрімен таныстық?

Қандай ұлттық ойын ойнадық?

Қасиетті 7-саны туралы не білдік? Т.б. сұраұтармен аяқтау.

Тәрбиеші мен балалар барлығы:

«Ата салтын сақтаймыз,

Ел үмітін ақтаймыз!»

Әсем музыкамен залдан шығу.





Әрекет

кезеңдері.

Тәрбиешінің

іс-әрекеті.

Балалардың

іс-әрекеті.

Мотивациялық қозғаушы.













Тақырыбы: «Өмір мен өнер егіз»

Армысыздар,құрметті қонақтар,бүгінгі біздің «Өмір мен өнер егіз» атты ашық оқу іс-әрекетімізге қош келдіңіздер!Балалар қараңдаршы біздің бүгінгі оқу іс-әрекетімізге көп қонақтар келіп отыр екен ,ендеше қане,бәріміз сәлемдесейік.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!