Ашық сабақ Ғаламдық экологиялық проблемалар 1 курс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Ғаламдық экологиялық проблемалар 1 курс

Материал туралы қысқаша түсінік
оқытушылар үшін сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дүниежүзілік ғаламдық және экологиялық проблемалар мен жасыл экономика

Сабақтың мақсаты: 

Білімділік: Студенттерге ғаламдық проблемалар және олардың пайда болу себептері туралы түсінік қалыптастыру;
Дамытушылық: Студенттердің өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай алуға жетелеу.
Тәрбиелілік: Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, студенттердің дүниетанымын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ

Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап, талдау, ой туғызу, топпен жұмыс.

Көрнекіліктері: интерактивті тақта, постерлер, Дүниежүзінің физикалық картасы,    глобус, оқулық, бағалау парағы, суреттер.

Әдіс-тәсілдер: СТО, дарынды және таланты студенттермен жұмыс, көшбасшылық, оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану, жекелей, топтық жұмыстар, шығармашылық тапсырмалар.


Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру сәті: Сәлемдесу, кабинет тазалығын және студенттердің сабаққа қатысуын, дайындығын тексеру. Студенттерді суреттер құрау арқылы топқа бөліп, назарларын сабаққа аудару

Алдын - ала даярланған 6 түрлі ғаламдық өзгерістер жиынтығын құрастыру арқылы топтарға жайғастырылады. Топ басшылары, бағалаушылар сайланады.

1 топ. Бейбітшілік сақтау проблемасы

2 топ. Ғаламдық экологиялық проблемасы

3 топ. Жасыл экономика

    Географиялық диктант.

Біз өмір сүріп отырған ғаламшар … .

Қоршаған орта туралы ғылым … деп аталады.
Жер ғаламшарының  тіршілік тараған аймағы … .

Жердің су қабығы … .

Халықтың саны құрылысы, өсуі туралы зерттейтін ғылым … .

  

 ІІІ.Жаңа сабақ

«Миға шабуыл» стратегиясы

1.Біз қандай ғаламшарда өмір сүрудеміз? (Жер)

2.Видео арқылы өтілетін тақырыпты ашып алу.

Студенттерге сұрақтар қою арқылы ой-пікірлерін білу.

ІҮ. Мағынаны тану. «Ортақ нәтижеге жету» стратегиясы

Студенттер өздеріне бөлінген тақырыптар бойынша постерлерге өз ойларын түсіріп, қорғайды.

Ү.Тапсырмалар.

1 тапсырма. Графикалық диктант. Студенттер иә, жоқ жауаптарын беру арқылы график сызу.

  1. Ғаламдық проблемалар деп бүкіл дүниежүзін, бүкіл адамзатты қамтитын, оның қазіргісі мен болашағына қауіп төндіретін және өзінің шешілуіне бірігіп күш жұмсауды, барлық мемлекеттер мен халықтардың біріккен әрекетін талап ететін проблемаларды атайды. (иә)

  2. Ғаламдық проблемаларға дауылдың соғуы, күннің бұлттануы, табиғат байлықтарының пайда болуы жатады.         (жоқ)

3.Табиғи ортаның ластануы, озон қабатының жұқаруы, ормандар аумағының қысқаруы экологиялық проблемаға жатады.         (иә)

  1. Жер шарындағы халықтың өсуі, өндірістің қарқынды дамуы пайдалы қазбаларға деген сұранысты жылдан –жылға кеміту үстінде. (жоқ)

5. Дамушы елдердегі адам санының өсуі өңделетін жер көлемінің азаюына және азық – түлік тапшылығына себепші болады. (иә).

6. Мұхит суының ластануы және оның биологиялық өнімділігінің төмендеуі ғаламдық проблемаға жатпайды. (жоқ)

2 тапсырма. Мұнда ешқайсының атауы көрсетілмеген 7 ғаламдық проблемалар аталған.


1-проблема: Жыл сайын 11 млн га. Астам алқаптың орманы жойылуда. Орман алқаптары 1950ж құрлықтың 15 %- ын, алса, қазір 7 % - ын ғана құрайды. Ғаламшар алдағы онжылдықта – ақ оттегінің басты көздерінің бірінен айырылуы мүмкін.

2- проблема: Жиналатын қалдықтар көлемі ұдайы өсіп келеді. Егер қажетті шаралр қолданылмайтын болса, 10-15 жылдан кейін қалдықтар Жер бетін 5 м қабатпен жуып қалатыны есептеп шығарылған.

3-проблема: Әр түрлі отынды жағудың нәтижесінде жыл сайын атмосфераға 20.млрд. т көмір қышқыл газы шығарылады. Атмосферағы көмірқышқыл газы ның мөлшері біртіндеп өсіп келеді. Ол соңғы 100 жыл ішінде 10%- дан астам артқан. Бұл атмосферада жинақталған газ жлуды сыртқа шығармайтын мамық тәрізді қалың қабат түзе отырып, жылудың ғарыш кеңістігіне шығуына кедергі жасайды, сөйтіп климаттың жылынуына әкеп соқтырады. Климат зерттеушілердің болжауы бойынша, ол келесі ғасырдың ортасына қарай 2-5 º С құрайды.

4-проблема: Автомобильдердің пайдаланылған газдарымен қоса, атмосфераға зиянды заттардың көптеген мөлшері шығарылады, оның үстіне, олардың ауаны ластаудағы үлесі ұдайы өсіп келеді.

5-проблема: Жер шары халқының әр төртінші тұрғыны таза ауыз суға мүлде зәру, қалған басым бөлігі сапасыз суды пайдалануға мәжбүр болуда.

6-проблема: ХҮІІ ғасырдың басынан ХХ ғасырдың соңына дейін сүтқоректі жануарлардың 63 түрі, құстардың 94 түрі, және басқа омыртқалы жануарлардың 250 түрі Жер бетінен мәңгі – бақи жойылып кетті. Бүгінгіде тірі ғзалардың жойылып кету процесі қатер төндіретін жағдайға жетті: әр күн сайын өсімдіктер мен жнуарлардың 3 түрі жойылуда.

7-проблема: Қазіргі уақытта жыл сайын 6 млн. Газ өңделетін жер шөлге айналды. 20 млрд. Га жер өзінің өнім беру қабілетінен айрылды.Сонымен қатар, шөлдердің көлемі де ұлғайып келеді. Сахара шөлі жыл сайын оңтүстікке қарай 30 км жылжуда.

3 тапсырма. Сәйкестендіру:

Бүкіл дүниежүзін, оның қазіргісі мен болашағына қауіп төндіретін және өзінің шешілуіне бірігіп күш жұмсауды, барлық мемлекеттер мен халықтардың біріккен әрекетін талап ететін проблемаларды атайды.

1.Ғаламдық проблемалар

Қоғам мен табиғаттың қарым – қатынасының  

2.Экологиялық проблема

Айналадағы ортаны сақтаудың проблемасы.

Мұнайдың, табиғи газ бен отын қорының шектеулігі

3.Шикізат проблемасы

Соғысқа жол бермеу, ядролық қарудан бас тарту,

4.Бейбітшілікті сақтау проблемасы

Әскери шығындарды болдырмау проблемасы

Мұнай өндіру, оны тасымалдау, судың ластануы,

5.Мұхит проблемасы.


4 тапсырма « Біздің алдымызда жалғыз жол бар – ол тұрақты дамитын қоғам орнату»

Сендердің алдарыңда « суретті фильм » кадрлары тұр. Оны сендердің жазбаша дыбыстаңдар және жоғарыда келтірілген мағлұматтарды пайдалана отырып, оған атау ойлап табыңдар.

Қажетті құралдар: фильм жасау үшін плакаттар, түрлі – түсті фламастер мен маркерлер.

5 мин.


Биологиялық өнімнің төмендеуі

11бет. ҮІ.Үйге тапсырма беру. «Ғаламдық өзгерістер» тақырыбында презентация дайындау.

(Көлемі 3-4 бет). Тақырыптыоқу.

12 бет.  Бағалау

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.01.2019
2994
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі