Материалдар / Ашық сабақ: Гаметогенез. Адам гаметогенезінің сатылары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: Гаметогенез. Адам гаметогенезінің сатылары

Материал туралы қысқаша түсінік
Гаметогенез –жыныс жасушаларының түзілу процесі. Жыныс жасушаларының барлығын гамета деп атайды. Жыныс жасушалары гаплоидті храмасома жиынтығынан тұрады. Аналық жұмыртқа жасушасының түзілуі оогенез, ал аталық жыныс жасушаларының түзілуі спермотогенез деп аталады. Гаметалар түзілуіне қатыспайтын барлық қалған жасушалар сомалық жасушалар деп аталады. Барлық омыртқалылардың эмбриондарында дамудың ерте сатысында белгілі бір жасушалар болашақ гаметалардың бастаушылары ретінде бөлінеді. Мұндай бастапқы жыныс жасушалары дамып келе жатқан гонадаларға (жыныс бездері, аналық омыртқалыларда аналық бездер, аталық омыртқалыларда аталық без) енеді, онда митоздың көбею кезеңінен кейін мейозға ұшырайды және жетілген гаметаларға айналады. Содан кейін жұмыртқа жасушасы мен сперматазоидтің қосылуы эмбрионның даму процесіне бастама береді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2022
3087
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледж

(білім беру ұйымының атауы)

Cабақ жоспары

Гаметогенез. Адам гаметогенезінің сатылары.

(сабақ тақырыбы)

Модуль /пән атауы: Биология

Дайындаған педагог: Оспанова Ақниет Ұғыбайқызы


1.Жалпы мәліметтер:

Курс, оқу жылы, топ: 1-курс, 2022 жыл, А-22-1 тобы

Сабақ типі: теориялық


2. Мақсаты, міндеттер:

2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі

- Адам гаметогенезінің сызбасын талдап үйренеді.

- Сперматогенездің ерекшеліктерімен танысады.

- Оогенез кезеңдерін сипаттайды.


3. Сабақты жабдықтау:

3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

Интерактивті тақта оқулықтар, дидактикалық материалдар, анықтамалықтар т.б

3.2 Техникалық құралдар, материалдар


4. Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)

  1. Студенттерді түгендеу, назарын сабаққа аудару.

  2. Топқа бөлу, сергіту сәті


NISMATH.ORG, QAZMATH.ORG бойынша топқа бөлу.

Сергіту сәті «Нейрожаттығу» (Көрсетілген қолдар арқылы студенттер жұптасып, жаттығу жасайды).


Үй тапсырмасы (13 минут)

1. «Бес қадам» ойыны

2. «Тілек тамшылары» әдісі (Зонтик бойына тамшыларға жазылған сұрақтар ілінеді).

«Бес қадам» ойыны

  • Өсімдіктердің қандай түрлері бар?

  • Өсімдіктерге қандай көбею түрлері тән?

  • Митоз қандай фазалардан тұрады?

  • Жануарлармен өсімдіктердің көбеюінің айырмашылықтары қандай?

  • Оогенез бен сперматогенезді қандай белгілері бойынша салыстыра аламыз?

  • Жыныс бездерінің түзілуі неше кезеңнен тұрады?


«Тілек тамшылары» әдісі

  • Гамета дегеніміз не?

  • Партеногенез грекше қандай мағынаны білдіреді?

  • Қосарлана ұрықтану дегеніміз не?

  • Қосарлана ұрықтануды кім, қай жылы ашты?

  • Гүл бөліктерін атаңыз?

  • Жапырақта қандай процесс жүреді?

  • Өсімдік даму барысында органикалық және бейорганикалық заттарды қайдан алады?


Жаңа сабақ (20 минут)

Гаметогенез –жыныс жасушаларының түзілу процесі. Жыныс жасушаларының барлығын гамета деп атайды. Жыныс жасушалары гаплоидті храмасома жиынтығынан тұрады. Аналық жұмыртқа жасушасының түзілуі оогенез, ал аталық жыныс жасушаларының түзілуі спермотогенез деп аталады. Гаметалар түзілуіне қатыспайтын барлық қалған жасушалар сомалық жасушалар деп аталады. Барлық омыртқалылардың эмбриондарында дамудың ерте сатысында белгілі бір жасушалар болашақ гаметалардың бастаушылары ретінде бөлінеді. Мұндай бастапқы жыныс жасушалары дамып келе жатқан гонадаларға (жыныс бездері, аналық омыртқалыларда аналық бездер, аталық омыртқалыларда аталық без) енеді, онда митоздың көбею кезеңінен кейін мейозға ұшырайды және жетілген гаметаларға айналады. Содан кейін жұмыртқа жасушасы мен сперматазоидтің қосылуы эмбрионның даму процесіне бастама береді.

Сүтқоректілердің ұрығының белгілі бір жасушалары қандай себеппен жыныс жасушаларына айналатыны анық емес, бірақ, кем дегенде организмде бір жұмыртқаның цитоплазмасының қандай да бір компоненті анықтаушы фактор болып табылатыны белгілі: дрозофилада цитоплазманың арнайыланған аймағы – жұмыртқаның артқы полюсінде орналасқан құрамы, түйіршікті РНҚ-ға бай полярлық плазма. Жұмыртқаның осы бөлігінде пайда болатын және құрамында полярлық түйіршіктері бар жасушалар бастапқы жыныс жасушаларына айналады және ақырында гаметалар дамитын гондаларға ауысады. Егер полярлық плазманы жұмыртқаның алдыңғы полюсіне енгізсе, онда сомалық болуы тиіс жасушалар жыныс жасушаларына айналады.

Әдетте гаметогенезді төрт кезеңге бөледі:

  1. Бастапқы жыныс жасушаларының түзілуі және гонадаларға ауысуы;

  2. Гонадаларда жыныс жасушаларының митоз арқылы көбеюі (оогенез);

  3. Мейоз нәтижесінде әр жасушадағы хромосома санының екі есе азаюы;

  4. Гаметалардың ақырғы жетілуі және саралануы, олардың ұрықтандыратын немесе ұрықтана алатын қабілеті бар сперматозоидтер мен аналық жыныс жасушаларына ацналуы.

Ұрықтың гонадалары бастапқыда оларда пайда болған бастапқы жыныс жасушаларының салыстырмалы түрлде аздаған санын қамтиды. Бірақ гонадаға енгеннен кейін жыныс жасушалар белсенді бөліне бастайды және олардың саны күрт артады. Жасушалар митоз процесі арқылы бөлінеді. Митоз процесі екі еншілес жасушаларға тұқымқуалаушылық ақпараты бар хромосомалардың бірдей жиынтығын беруді қамтамасыз етеді.

Адам гаметогенезінің кезеңдері:

  1. Көбею кезеңдері. Гаметалар түзілетін диплоидті жасушаларды сперматогониялар және ооганиялар деп атайды.

  2. Өсу кезеңі. Жасушалардың көлемі ұлғаяды және аталық пен аналық жыныс жасушалары бір реттік сперматоциттер мен овоциттерге айналады.

  3. Жыныстық жетілу кезеңі. Екі тізбекті бөліну жүреді – редукциялық және эквационды бөліну.

  4. Түзілу кезеңі немесе спермиогенез.

Сперматогенез –аталық жыныс жасушаларының түзілуі. Сперматогенездің ерекшеліктері: 1. Жетілу кезеңінде бір жасушадан төрт бірдей гаплоидті жасуша түзіледі;

2.Түзілу кезеңінде бұл жасушалардың ядросы мен цитоплазмасы тығыздалады, осының арқасында олардың өлшемдері кішірейеді.

Оогенез – аналық жұмыртқа жасушасының түзілуі. Оогенездің ерекшеліктері:

1. Жетілу кезеңінде бір жасушадан бірдей емес төрт гаплоидті жасушалар түзіледі: толық жетілген бір жұмыртқа жасушасы және үш ұсақ полярлы денешік;

2.Түзілу кезеңінде жұмыртқа жасушасына тек сыртқы қабаттың бір бөлігі айналады, ал полярлы денешіктер жойылады.

Сперматозоидтер мен жұмыртқа жасушаларының қалыптасуындағы айырмашылықтар олардың қызметімен түсіндіріледі: сперматозоидтер қозғалуы және жұмыртқа жасушаға хромосомалардың гаплоидті жиынтығын енгізуді қамтамасыз етуі тиіс, ал жұмыртқа жасушада өзінің генетикалық материалы және ұрықтың дамуына қажетті қоректік материал ретінде сарыуыз көп мөлшерде жинақталады.

Оогенез бен сперматогенезді салыстыру.

Оогенездің сперматогенезбен ұқсастығы бар, оогенез де бірнеше кезеңдерден тұрады: өсу, көбею, жетілу.

Сперматогенез және оогенез кезіндегі генетикалық процестердің негізгі ұқсастығына қарамастан, олардың арасында айтарлықтай айырмашылықтар да бар.

Біріншіден, түзілу кезеңі тек сперматогенезге тән, ал оогенез барысында болмайды.

Екіншіден, өсу кезеңі оогенезде сперматогенезге қарағанда ұзағырақ.

Үшіншіден, оогенездің жетілу кезеңінің полярлы денешіктердің бөлінуіне әкелетін бөлінулердің біркелкі болмауы сияқты өз ерекшеліктері бар.

Төртіншіден, әйелдердің ерекшелігі мейоздық бөліну құрсақта даму кезінде басталады, алғаш рет жыныстық жетілу кезінде аяқталады, ал соңғы рет – менопауза алдында болады. Ер адамдарда мейоз жыныстық жетілуге жеткенде басталады да, өмір бойына сақталады.

Бесіншіден, әйелдерде жетілген жыныс жасушаларының түзілуі цикл түрінде, жиырма сегіз күнге созылатын кеезңде өтеді, ал ер адамдарда бұл үзіліссіз жүреді.

Алтыншыдан, әрқайсысы мейоз нәтижесінде қызметі жағынан толыққанды төрт сперматозоид беретін сператогониялардан айырмашылығы – оогонияда тек бір ғана жыныс жасушасы түзіледі.

Жетіншіден, аталық және аналық жыныс жасушалары құрылысы мен қызметі бойынша қатты ерекшеленеді.

Сегізіншіден, жыныс мүшелерінің орналасуындағы айырмашылықтарына байланысты сперматогенездің түзілу барысына овогенезге қарағанда сыртқы ортаның ықпалы көп.


Сабақты бекіту:

«Төрт бұрыш» әдісі (4 минут)

  1. Гаметогенез дегеніміз не?

  2. Адам гаметогенезі кезеңдерінің ерекшелігі неде?

  3. Эквациялық бөліну қай кезде жүреді?

  4. Мейоз және митоз дегеніміз қандай көбею?

  5. Сперматогенез бен оогенез арасындағы айырмашылық саны нешеу?

Үйге тапсырма (1 минут)

Гаметогенез сөзіне ребус және сөзжұмбақ құрастыру.


Сабақ бойынша рефлексия (2 минут)

«Қолыңмен көрсет» тәсілі


Бағалау (2 минут)

Студент аты

Үй тапсырмасын сұрау

Мәтінмен жұмыс. Постер

Бекіту тапсырмасы

Мұғалімнің қорытынды бағасы


Бес қадам

Тамшылар













































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!