1. Сөздікпен
жұмыс (сөздерді оқу,
қайталау)
ғарыш –
космос
ғарышайлақ –
космодром
ұшу –
летать
жасанды Жер серігі – спутник
Земли
кешен –
комплекс
құрылыс –
строительство
радиоқабылдағаш –
радиоприемник
жүзеге асыру –
обеспечивать
қондырғылар –
сооружения
2. Топпен
жұмыс
1-тапсырма. Сөйлемді оқып,
аударыңдар
Ғарышайлақ – ғарыштық ұшу аппараттарын
құрастыру, дайындау, олардың ұшуын жүзеге асыруды қамтамасыз
ететін, инженерлік қондырғылармен жабдықталған
кешен.
Космодром - это комплекс,
оснащенный инженерными сооружениями, обеспечивающий сборку,
подготовку и реализацию полета космических летательных
аппаратов.
(топ бірін-бірі
бағалайды)
2-тапсырма. Бейнефильмді қарап, қажетті мәліметтерді
дәптерге жазыңдар. Тыңдалған мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңдар.
Әр топ сұрақтарға ауызша жауап
береді.
(топ бірін-бірі
бағалайды)
3. Сергіту сәті «Орныңды
ауыстыр»
4. Ережемен жұмыс
«Күрделі зат
есімдер»
Біріккен зат есімдер
- кемінде екі түбір морфемадан бірігу арқылы жасалған зат
есімдер: белбеу, бәйтерек,
қолбасы
Қосарланған зат есім
- екі түбір морфемадан қосарланып жасалған зат
есімдер: ата-ана, бала-шаға,
ел-жұрт, жауын-шашын
Тіркескен зат
есімдер - кемінде екі я онан астам түбір сөздерден әр қилы жолмен
тіркесу арқылы жасалған зат есімдер:
сауда орталығы, ауыл шаруашылығы, күн
тәртібі
Қысқарған зат
есімдер - бірнеше сөзден құралып қысқарған зат
есімдер: ҚР, БҰҰ, ҚазМҰУ, пединститут, см, мм, га,
Мб
4. Оқулықпен
жұмыс
2-тапсырма.
104-бет
Берілген мәтіннен күрделі зат есімдерді тауып, олардың
жасалу жолдарына талдау
жасаңдар.
(оқушылар кезекпен тақтаға шығып тапсырманы
орындайды)
Ақтөбе, Қызылорда стансыларында перронға шығып, таза ауада
болдық.
Арал теңізі қазіргі кезде экологиялық апатты аймаққа
айналып отыр.
Сізге көп рақмет, бала-шағаңыз аман
болсын.
Қазақстан Республикасы – БҰҰ-ға мүше елдердің
бірі.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Тілге деген көзқарас, шыңдап
келгенде, елге деген көзқарас» деген
еді.
Қосымша
тапсырма:
А) Берілген сөйлемдегі сөздерді сөз құрамына қарай
талдау
Б) Сөйлемге синтаксистік талдау
жасау
Колхозшылар орденді
алды.
Колхозшылар – деректі, күрделі, жалпы зат
есім
Колхоз – күрделі қысқарған түбір (сложное существительное,
состоит из двух
основ)
Шы- зат есімнен зат есім тудырып тұрған
жұрнақ
Орден (ді) – деректі, жалпы зат
есім,
-ді- табыс септік
жалғауы
Алды – болымды, сабақты, негізгі етістік: ал – түбір, ды –
жедел өткен шақ
жұрнағы.
|