Материалдар / Ашық сабақ "Ғарышқа саяхат" 7 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Ғарышқа саяхат" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ "Ғарышқа саяхат" 7 сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Шілде 2024
124
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Бөлім:

10-бөлім: Ғылыми фантастика

Педагогтің аты-жөні

Cұраған А.

Күні:

20.05.2024 ж.

Сынып: 7 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ғарышқа саяхат.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

7.2.4.1 идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;

7.4.4.5 оқшау сөздердің қызметін түсіну, ажырата білу

Сабақтың мақсаты:

(бағалау критерийлері)

идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдайды;

оқшау сөздердің қызметін түсінеді, ажырата біледі.

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

2-3 минут


Сәлемдесу, оқушыларды тіркеуден өткізу. Құжат беру.

Психологиялық ахуал.

«Мен ғарышқа ұшамын...»

Топқа бөлу. «Асықтар» әдісі арқылы топқа бөлінеді.

1-топ «Ғарышкерлер»

2-топ «Ғаламшар»

Амандасады, сабаққа назарын аударады.







Оқушылар ұшақ макетінің алдына келіп оқшау сөздерді қолдана отырып бүгінгі сабақта неге қол жеткізетіндері жайлы ата-анасына, достарына, өзіне уәделерін айтады.


Ынталандыру сөздерін қолдану «жақсы», «жарайсың», «өте жақсы»

Суреттер

Сабақтың басы:

5 мин



5 мин

Өткен сабақты еске түсіру

«wordwall.net» қосымшасы





Қызығушылығын ояту







Сабақ мақсатымен таныстыру.

Сөйлемдегі оқшау сөздің қай түрі екенін анықтаңыз.


Дескриптор:

  • Cөйлемдерді мұқият оқиды.

  • Оқшау сөздің түрін ажыратады.


Видеоны мұқият көріңіздер, сұрақтарға жауап беріңіздер.

Сұрақтар:

Тұңғыш рет ғарышқа қай жерден аттанды?

Қандай рекордтар ашылды?

Күн бір тәулікте неше рет шығады?

Ғарышта ең көп болған ғарышкер?

Бұл қай стиль?

Қандай жанр?


Оқушылар сабақ мақсатымен танысады.

Ынталандыру сөздерін қолдану «жақсы», «жарайсың», «өте жақсы»

Интербелсенді тақта

https://wordwall.net/ru/resource/73534189






https://youtu.be/MnxDgN6_mWU?si=6yZeu51VWMZ6EONh






Сабақтың ортасы:



7 мин










5 мин














7 мин













10 мин












Мәтін алды тапсырма. Оқылым. Айтылым. «Джигсо» әдісі

Топтық жұмыс.





Тілдік бағдар: стиль



Мәтінмен жұмыс. «Салыстыру» әдісі













Жазылым алды тапсырма. Жеке жұмыс




Жазылым. Дәптермен жұмыс.

1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Топта талқылап келесі топқа айтып беріңіз.


Дескрипттор:

  • Мәтінді оқиды

  • Топта талқылайды

  • Басқа топтарға айтып береді.


Публицистикалық және көркем әдебиет стильін еске түсіреді.


2-тапсырма. Мәтіндерді оқып, оларды тақырыбы, құрылымы, стилі, мақсатты аудиториясы, тілдік ереркшелігі тұрғысынан салыстырыңыз.


Дескриптор:

  • Мәтіндердің тақырыбын анықтайды;

  • Мәтіндердің мақсатты аудиториясын анықтайды;

  • Мәтіндердің стильдерін анықтайды;

  • Стильге тән тілдік құрылымдардан мысалдар кетіреді;


3-тапсырма. Қысқа әңгіме жазудың басты элементтерін қолданып, кестені толтырыңыз.


Дескриптор.

  • Кейіпкерлерін анықтайды;

  • Не туралы сипаттайды;

  • Шиеленіс тудырады;

  • Оқиға орны суреттейді

  • Оқиғалар реті көрсетеді;

  • Шешімі жазады.


4-тапсырма. "Марсқа саяхат" тақырыбында жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай оқшау сөздерді орынды қолдана отырып, шағын әңгіме жазыңыз. Сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерінің дұрыс қойылуын ескеріңіз.

А деңгейлі оқушыға:

Тірек сөздер: алақай, қап, ұштық, ғарышкер, балақай, пай-пай, уһ


Дескриптор:

  • Жанрлық ерекшелігін ескереді;

  • Әңгіменің құрылымын

сақтайды;

  • Оқшау сөздерді орынды

  • қолданады;

  • Тыныс беліглерінің дұрыс қойылуын ескереді

«Одағай сөздер» арқылы бағалау

«Бәрекелді»

«Қап»

«Жарайсыңдар»





«Шапалақ» әдісі














Өзін-өзі бағалау

«Бағалау парағы»









Өзін-өзі бағалау

«Бағалау парағы»





Презентация








Қосымша №1


















Қосымша №2












Дәптер

Сабақты қорытындылау

3 мин

«Менің алған әсерім»

Оқшау сөздерді қолдана отырып әсерлеріңізді, көңіл-күйлеріңізді жазыңыздар.

Дескриптор:

  • Одағайларды қолданады

  • Каллиграфия сақтайды.

Shape1

Сабақтың соңы:

(2 мин)


Рефлексия әдісі

«Classroomscreen» қосымшасы

Үй жұмысы: Әңгімені толықтыру

Оқушылар көңіл-күйіне паспортқа жазып, оқу арқылы кері байланыс береді.

Бүгінгі сабақта менің...

  • Алақай

  • Қап

  • Әттеген-ай

Үй тапсырмасын жазып алады.

Ынталандыру сөздерін қолдану «жақсы», «жарайсың», «өте жақсы»

Интербелсенді тақта





Сабақтың мақсаты:


7.2.4.1 идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;

7.4.4.5 оқшау сөздердің қызметін түсіну, ажырата білу





Салыстыру


1-мәтін


2-мәтін



Тақырыбы



Кімдерге оқуға арналған?






Қандай стильде жазылған?








Стильге тән тілдік

құрылымдардан мысал келтіріңіз


1-мәтін

Планетаның табиғаты өте қызық екен. Кеменің үлкен телеэкранынан ойлы-қырлы сарғыш алқап көрінді. Бір ғажабы кілемнің түгіндей ғана шөп тәріздес бірдеңе ескен тақыр дүние. Тек оқта-текте ғана арқан жіп сияқты шубалған ағаштар бой созып шайқалады. Мәриям теледүрбімен жан-жақты түгел шолулап қарап шықты. Көңілсіз де қорқынышты. Алғашында қарайған тас сияқты бірдеңелер қарауытып жатыр еді, кейін олардың бәрі зым - зия болып ұшып кетті. Олардың жаны бар хайуанаттар екені айдан анық. Сезім мүшелері де ерекше дамыған. Томпаңдаған борсық тәрізді.

Бұл планетаның қос Күні де біздің жақтың Күніндей кішкентай екен деп ойлады Мәриям. Сол сәтте оның жүрегі дүрсілдеп өзінің үйреншікті жерін сағынды. Планета атмосферасы жөңкіліп жүрген сүлік тәрізді «құстарға» толы. Кәдімгі бір мұхит сияқты дөңбекшіп, шалқып, толқын атып жатқандай. Әредік-әредік жарқылдап от шығады. Бейнебір бұлтсыз күнгі найзағай іспетті.

Шындығына келсек, космонавтар мұндай жағдайға душар боламыз деп мүлде ойламаған-ды. Үстеріндегі скафандрларының биотокқа қарсы күресер қорғанышы жоқ.

Алып шыққан биомагнит аппаратының қуаты да мына планетада түкке аспай қалды. Мәселе биологқа келіп тірелді.

Экипаж мүшелері Турановтың аузына қарады. Биолог ғалым «Байқоңыр-12» қонғаннан кейін планета табиғатынан көптеген үлгілер жинап зерттеулер жүргізген болатын. Ол орнынан тұрды да биоанықтауыш электрондық машинадан соңғы информацияларды алды. Өңінде сабырлылық, терең ойлылық нышаны сезіледі. Мәриям Турановтың жүзіне мұңая қарап отыр.


2-мәтін

Қазақстан аумағында орналасқан «Байқоңыр» ғарыш айлағы ғылымның ең озық саласы үшін 60 жылдан бері қалтқысыз қызмет етіп келеді. Адамзат өкілі Юрий Га­гарин ең алғаш алыс сапар­ға аттанған уақыттан бері қарайғы жарты ғасыр­дың ішінде барлығы 38 елден 545 ғарышкер біздің Бай­қоңырдан аттанып, ғарыш кеңістігінде болып қайт­қан екен. Аттары аңызға ай­налған сол тұлпар топтың мүшелері – қазақ ғарыш­керлері Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айым­бетов туралы шертетін тол­ғамды сыр аз емес. Біздің  тұңғыш ғарышкеріміз Тоқтар Әубәкіровтің 24 жыл бұрынғы ғарышқа сапары Қазақстан Тәуелсіздігінің алтын бас­тауы болды. Осы ұшуды жүзеге асыру үшін қаншама қиындықты еңсеруге тура келгені есімізде. Екінші ғарышкеріміз Талғат Мұсабаев – жалпы жиынтығы 341 тәулікке созылған 3 ғарыш экспедициясына қатысты. Ол – ашық ғарыш кеңістігіне 8 рет шығып, 42 сағаттан астам уақыт болған тұңғыш қазақ. Айдын Айымбетов  тәуелсіз Қазақстанның үшінші ғарышкері атанды







Бағалау парағы


Тапсырма реті

Бағалау критерийі

Ульяна

Камила

Амелия

Ясмина

Каролина

Анатолий

Санжар

Аурика

Анастасия

1

1-тапсырма

Жаңа сөздерді бекіту

  • Сөздерді оқиды – 1 б

  • Сәйкестендіреді – 1 б










2

2-тапсырма

«Сұрақ бізден, жауап сізден»


  • Мәтінді тыңдайды – 1 б

  • Қайталайды – 1 б

  • Түсінеді– 1 б

  • Үлгі бойынша жауап береді. – 1 б










3

3-тапсырма

«Сәйкестендір» әдісі

  • Оқиды– 1 б

  • Қайталайды – 1 б

  • Сәйкестендіреді – 1 б










4

4-тапсырма

Жазылым

  • Суреттерден сөйлем құрастырады – 1 б

  • Қатесіз жазады – 1 б

  • Әдемі жазады – 1 б










Қорытынды балл










Бағалау парағы

Аты-жөні: __________________


Тапсырма реті

Бағалау критерийі

Балл

1

1-тапсырма. «Джигсо» әдісі


  • Мәтінді оқиды – 1 б

  • Топта талқылайды – 1 б

  • Басқа топтарға айтып береді – 1 б


2

2-тапсырма

Мәтінмен жұмыс. «Салыстыру» әдісі


  • Мәтіндердің тақырыбын анықтайды – 1 б

  • Мәтіндердің мақсатты аудиториясын анықтайды;– 1 б

  • Мәтіндердің стильдерін анықтайды – 1 б

  • Стильге тән тілдік құрылымдардан мысалдар кетіреді – 1 б


3

3-тапсырма

Жазылым

Жеке жұмыс




  • Кейіпкерлерін анықтайды – 1 б

  • Не туралы сипаттайды– 1 б

  • Шиеленіс тудырады– 1 б

  • Оқиға орны суреттейді– 1 б

  • Оқиғалар реті көрсетеді– 1 б

  • Шешімі жазады– 1 б


4

4-тапсырма

Жазылым. Дәптермен жұмыс

  • Жанрлық ерекшелігін ескереді– 1 б

  • Әңгіменің құрылымын

сақтайды– 1 б

  • Оқшау сөздерді орынды

қолданады– 1 б

  • Тыныс беліглерінің дұрыс қойылуын ескереді– 1 б


Қорытынды балл
























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!