Материалдар / Ашық сабақ: Ғасырлар даналығы, Халықтың мәдени мұрасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: Ғасырлар даналығы, Халықтың мәдени мұрасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары:Бөлім-1 Ғасырлар даналығы Тақырыбы:"Халықтың мәдени мұрасы" 3-сынып.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Ақпан 2022
536
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары


Бөлім:1

Ғасырлар даналығы

Мұғалімнің аты-жөні, тегі

Аргимбаева Бакыткуль Канатовна

Мерізімі:

04.11.2021ж

Класс: 3

Оқушылар саны: 10

Қатыспаған оқушылар: 0

Сабақтың тақырыбы

3

Халықтың мәдени мұрасы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту

мақсаттары

Туған өлкесінің тарихына,өз халқының тарихи тамырына, халқының мәдени мұрасына ықылас таныта алады.

Құндылық

Дұрыс әрекет

Қасиеттер

әдептілік, сыйластық, қонақжайлық

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың ата-баба мұрасы, салт-дәстүр қадір қасиетін түсіндіре отырып, жалпыадамзаттық Дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері

Білімділік:

Дамытушылық:

Тәрбиелік:




  • Оқушылардың рухани халық мұрасы түсінігін кеңейту;

  • Оқушылардың сыйластық қасиеттерін дамыту;

  • Оқушыларды әдептілік, қонақжайлылыққа тәрбиелеу.


Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері / Уақыт

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

(1 мин)


1.Жағымды көңіл күй (1-3 мин)

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысуын тексереді.

5«Т» ережесін еске түсіре отырып сабақты бастайды


"Тыныс алу» жаттығуын өткізеді

Оқушылар сабаққа дайындығын көрсетеді.

Оқушылар тыныс алып, жағымды күйге келіп, терең ойлауға бейімделеді.

Оқулық, мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал,

(Красивая музыка)

https://youtu.be/-Q1x4FxDcPo

2. Алдын ала берілген үй тапсырмасын тексеру (әңгімелеу) (3-5 мин)


Серік Нұғыман «Бәсіре» мәтінін оқып келу.

Мұғалім сұрақтардың көмегімен «Бәсіре» мәтіннің мазмұнын ашады.

Сұрақтар:

Бәсіре әңгімесін оқи отырып, нені түсіндің?

Халқымыздың қандай салт- дәстүрлерін білесіздер?

Салтты сақтау неліктен өсиет етіледі?

Ата салтын құрметтеу қандай қасиеттерді дамытады?

Өзіңнің отбасың қандай салт- дәстүрлерді сақтап жүр?

Мұғалім сұрағына жауап бере отырып, «салт-дәстүр», ұғымын түсінеді. Оқушылар ойларын ортаға салып айтады.

Оқулық, № 3 сабақ 20-бет.

3.Жағымды ой-пікір (дәйексөз)

(3-4 мин)

Есті кісі ерегіспейді,
Көпшіл адам бөлек ішпейді.

Кенен Әзірбаев

Мұғалім дәйексөзді тақтаға жазып қояды.

-«Есті кісі» деп кімді айтамыз?

-«Көпшіл адам» деген кім?

- Дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер?


Оқушылар дәйексөзді 2-3 рет қайталайды. Дәптерге жазады.


Ғаламтор желісі.


4. Оқиғалар айту

(әңгімелесу)

(4-8 мин)


Мұғалім «Қонақ пен қонақжайлылық». туралы айтып береді.

«Қонақ пен қонақжайлылық».

Ділдә Матайқызы

- Қонақ үй иесін асқанына қарап емес, сасқанына қарап бағалайды. Қонақты жылы жүзбен қарсы алу керек. Аталарымыз қырықтың бірі Қызыр деп, келген қонағын төріне шығарып, алдына барын тосатын болған.

Қонақжайлылық қанымызға сіңген қасиет. Қонаққа тоң-теріс мінез көрсету әдепсіздікке жатады. «Кей келін үйіне бара қалсаң, мына шал тағы келе жатыр ма деп торсаң қағады. Бұл – ырысыңның кеткені. Кей балалар қонаққа мал союға ерінеді, бұл – аузыңның кепкені» деген екен Бөкен би.

Қонақ келсе есікке,

жүгіріп шық, кешікпе.

Қарсы алмасаң қонақты,

«Кесір болар несіпке» деген де нақыл бар. Қонақтың ырыздығын Тәңір жеткізеді. Әрі қазақта «Жоқ десең жоғаласың, бар десең оңаласың» деген жақсы сөз бар.

Қонақтың да бірнеше түрі бар.

Арнайы қонақ деген – алыстан ат терлетіп келген жақын туыс, нағашы, жиен, құда-жекжат, сыйлас дос-жолдас. Бұл – нағыз сыйлы қонақ.

Өзің танымайтын, білмейтін, алыс шалғайдан жолаушылап жүріп, атбасын тіреген қонақты құдайы қонақ дейді.

Ерігіп, үй-үйді аралап, ауыл-ауылды кезіп, ет жеп, қымыз ішіп, бөстекі әңгіме теріп жүретіндерді қыдырма қонақ дейді.

Түтін шыққан үйді жағалап, қарнын тойдырып алған соң тайып тұратын да қонақ болады. Ондайды қылғыма қонақ дейді.

Қонақтың аты – қонақ, ақ-адал астарыңды алдына ұсынып, қабағына қарағандарың жөн.


Сұрақтар:

1. Қонақты қалай қарсы алу керек?

2 Қонақтың қандай түрлері туралы айтылған?

3. Адамдар қонақжайлылығын қандай іс-әрекетімен көрсетеді?

4. Отбасында қонақты қалай күтесіңдер? Әңгімелеп айтып беріңдер.


Оқушылар мәтінді тыңдағаннан кейін, мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып, сыйластық, қонақжайлық қандай қасиет екенін ұғынып, өз ойымен бөліседі.








«Ұрпағым саған айтам...»

кітабы



5.Жобалау қызметті:

-

-

-

6.Шығармашылық жұмыс

(12-15 мин)


Оқушыларға 3 тапсырма біріктіреді

1-тапсырма

Қонақ жай түрлерін дәптерге жазып алады.

Арнайы қонақ-

Құдай қонақ-

Қыдырма қонақ-

Қылғымы қонақ-

2-тапсырма

«Әдеп» «сыйластық» туралы мақал-мәтел жазады.

3-тапсырма

« Өздерінің отбасында ұстанатын салт-дәстүрлерді» тізбектеп жазады


Оқушылар тапсырманы орындай отырып, бүгінгі сабақтан алған білімдерін бекітеді. Ата салтын сақтау адамның асыл қасиеттері екенін түсінеді

«Балбырауын» күйі қойылады.

https://youtu.be/SvDxz81xu1M

баяу әуен.


7.Үй тапсырмасы

(1-2 мин)

Алдын ала берілген үй тапсырмасы:

«Шежіре» кітабын жасауды тапсырма етіп береді.

Оқушылар үй тапсырмасын жазады.

Ата-анасының көмегімен орындайды.

8. Топпен ән айту

(2-3 мин)



Мұғалім оқушылармен бірге «Әке-ана» әнін орындайды.

Әбдіжаппар Әлқожа


Оқушылар мұғаліммен бірге ән шырқайды.

Экранға өлеңнің мәтіні көрсетіледі.

https://yandex.kz/video/preview/1084132327824338329

9. Сабақтың қортынды сәті (1 мин)

Бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттер арқылы ата салттын сақтап, қадірлеуді естен шығармауды айтып, мұғалім сабақ үшін рақмет айтады.

Оқушылар рефлексия жасайды.

Баяу композиция қойылады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!