Ашық сабақ "Геометриялық денелердің проекциялары".

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Геометриялық денелердің проекциялары".

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жаңадан мұғалімдік қызметке орналасып жатқан оқытушыларға көмек. Әдістемелік нұсқау ретінде беріліп отыр.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық сабақтың тақырыбы: Геометриялық денелердің проекциялары.

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларды геометриялық денелердің сызбаларын жазықтық бетінде проекциялауды үйрету.

2.Ұқыптылыққа, нақтылыққа, тазалыққа, еңбек сүйгіштілікке тәрбиелеу.

3.Ойлау, елестету қабілеттерін дамыту және байқағыштық қабілетін арттыру.

Көрнекілігі: Сызба плакат, геометриялық денелер.

Пәнаралық байланыс: геометрия, бейнелеу өнері.

Сабақ барысы:

Сабақтың түрі: тәжірибелік – танымдылық сабақ жұмыс істеу.

. Ұйымдастыру кезеңі;

Амандасу және сабаққа дайындығын тексеру.

Жұмыс орындарын әзірлеу, топқа бөлу.

Сабақтың тақрыбын жариялау.

. Ұй тапсырмасын тексеру

  • Проекция қай елдің сөзі, оның қазақша баламасы?

  • Алдынғы, үстінгі сол жақ, оң жақ, астыңғы, артқы көріністер жалпы қалай аталады?

  • Нәрсенің неше есе үлкен немесе неше есе кіші екенін көрсететін шама?

  • А3 форматының өлшемі?

  • Проекциялардың профиль жазықтығындағы кескінді қалай аталады?

  • Проекциялау дегеніміз?



III.Жаңа сабақ

Геометриялық денелер дегеніміз кеңістіктің немесе жазықтықтың қисық беттері мен шектелген тұйықталған бөлігі.

Барлық геометриялық денелер екі топқа бөлінеді, олар көпжақтылар(текше, призма, параллепипед, пирамида) және айналу денелері (цилиндр, конус, шар).

Текшені проекциялау:

Текшенің жазықтықтағы проекциясын салу үшін оның төбелері арқылы , , жазықтықтарына перпендикуляр проекцияланушы сәулелер жүргізу керек.Барлық үш проекцияда текшенің проекциясы шарша түрінде бейнеленеді.Текшенің өлшемдерін түсіру үшін шаршының шартты белгісін пайдаланылады,ол кескінделген нәрсенің табанында шаршы болатынын көрсетеді.Осы белгінің жанына шаршының қабырғасының өлшеміне сәйкес сан қойылыды.

Тікбұрышты параллелепипедті проекциялау.

Тікбұрышты параллелепипедті текше сияқты проекцияланады.

Параллелепипедтің проекциялары проекциялары үш тіктөртбұрышты болады.

Параллелепипедтің сызбасында оның үш өлшемі: ұзындығы, ені және биіктігі көрсетіледі.

Шарды проекциялау.

Шардың барлық проекциялары диаметрлері шардың диаметріне тең болатын үш дөңгелек. Әрбіір проекцияда қиылысатын екі осьтік сызық жүргізілген. Шардың өлшемінің алдына диаметрдің шартты белгісін Ꝋ қояды.

Цилиндр және конусты проекциялау.

Цилиндр мен конустың табандарына жататын дөңгелектер проекцияның горизанталь жазықтығына параллель орналасқандықтан олардың осы жазықтыққа проекциясы да дөңгелек болады. Цилиндрдің фронталь және профиль проекциялары – тіктөртбұрышты , ал конустік теңбүйірлі үшбұрыштар.

Графикалық жұмыс. Әр топ МЕСТ ескере отырып қиық конустың пирамиданың және үшбұрышты призманың проекцияларын елестету арқылы сызады.

«Кім жылдам?» топ аралық сайыс

Әр топ карточка арқылы дұрыс жауабын айтуы керек .

IV Бекіту. Дұрыс алты жақ ,

Атын ойлап тап. (Куб)

Оқушы жәшік құрады,

Үш өлшемнен тұрады.(параллелепипед)

Табандары көп бұрыш,

Жақтары тіктөртбұрыш(тік призма)

Египетте қаланған,

Пифагордан нәр алған( пирамида)

Геомериялық дене,

Шелекке ұқсас немене( қиық конус)

Ұн елесен елек,

Су тасысан шелек( цилиндр)

Үрлейтін затпен аттас,

Атын ешкім таппас( шар)

V Үйге тапсырма : Жаттығуға арналған тапсырма.

Геометриялық денелер тобының сызбасын жетіспейтін проекциялары мен толықтырып сызу керек. Мұндағы, текшенің өлшемдері –20x20 параллелипипедтің өлшемдері-10x20x40, Шардың өлшемі 20.

VI.Бағалау

VII.Рефлексия;Фразаны аяқта

Бүгінгі сабақта менің білгенім....

Маған қызықты болғаны.....

Мен мынаны түсіндім.....



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.05.2018
1189
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі