Материалдар / Ашық сабақ "Геометриялық фигуралар"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Геометриялық фигуралар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ "Геометриялық фигуралар"
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қараша 2018
580
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні: Бастауыш сыныпта математиканы оқыту әдістемесі
Сабақтың тақырыбы: Геометриялық материалды оқыту әдістемесі.
Білімділік мақсаты: Геометриялық ұғымдар туралы теориялық білімдері негізінде геометриялық материалды оқыту әдістемесін меңгерту.
Дамытушылық мақсаты: Ұжымдық қарым-қатынас орната отырып топ ішінде жұмыс жасау, тыңдау, өз қызметін және топ мүшелерінің қызметін талдауда сауатты сөйлеу, бірігіп шешім қабылдау қабілеттерін қалыптастыру. 
Тәрбиелік мақсаты: Геометриялық фигураларды түрлендіру, талдау, салыстыру, шешім шығару және тарату, математикалық тілде сауатты сөйлеу, проблеманы шешу қабілеттерін дамыту.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың әдісі: Оқу ақпаратын модульдеу, сөздік, көрнекілік, практикалық түсіндірмелі-иллюстративті, проблемалық.
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: АКТ, ұжымдық және топтық оқыту, дамыта оқыту. 
Пәнаралық байланыс: Педагогика, психология, технология, жаңа педагогикалық технологиялар.
Оқыту құралдары: Бастауыш сыныпта математиканы оқыту әдістемесі пәнінен ЭӘЖ, 1-4 сыныптарға арналаған математика оқулықтары, электрондық оқулықтар, компьютер, интерактивтік тақта, проектор, ватман, маркер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқытушының қызметі: 
а) амандасу; 
ә) түгендеу.
Студенттің қызметі:
а) амандасу;
ә) кезекшілік міндетін атқару;
Күтілетін нәтиже:
Жинақталады, сабаққа дайын болады.

ІІ. Жаңа материалды меңгертуге дайындық.
Оқытушының қызметі: 
Проблемалар шешу:
-Бастауыш мектептегі математиканы оқыту әдістемесі пәнінің мазмұнын логикалық құрылымдау, алгоритмдеу әдістерін көрсет. 
-Неге олай бөлінген және кімнің әдістемесі, енді алгоритмдеу этаптарын көрсетейік.
Студенттің қызметі:
Сұрақтарға жауап беру арқылы өткен материалды еске түсіреді.
-Бастауыш мектептегі математиканы оқыту әдістемесі пәнінің мазмұнын логикалық құрылымы 4-модульден тұрады:
арифметикалық ұғымдарды оқыту әдістемесі, алгебралық ұғымдарды оқыту әдістемесі, шамаларды оқыту әдістемесі және геометриялық ұғымдарды оқыту әдістемесі. 
-Бастауыш сыныптардағы математикалық ұғымдар қарастырылу мақсатына сәйкес алгоритмдеу арқылы модульдерге бөлінген. Бұл әдістеменің авторы п.ғ.д., профессор Құрманалина Шалқыма Хайроллақызы, ғылыми жұмыстарының нәтижесі ретінде жасақтаған бастауыш сыныпта математиканы оқыту әдістемесі пәнінен ЭӘЖ осының дәлелі. 
-Мысалы алгебралық ұғымдарды оқыту әдістемесін алатын болсақ, ең алдымен санды өрнек, құрамында әріпі бар өрнек ұғымдары берілсе, кейін санды теңдік, теңсіздік, теңдеу ұғымдары беріледі. 
Ал арифметикалық ұғымдарды оқыту әдістемесінде сандарды санау, оқу, жазу, салыстыру; арифметикалық амалдар қолдану; бөлшек және үлес; мәтінді есептермен жұмыс ұғымдары қарастырылады. Шамаларды оқыту әдістемесінде ұзындықты, салмақты, ауданды, уақытты, көлемді оқыту қарастырылады. 
Күтілетін нәтиже:
Өткен материалды естеріне түсіреді. Бастауыш мектептегі математиканы оқыту әдістемесі пәнінің мазмұнын логикалық құрылымдайды, алгоритмдеу этаптарын көрсетеді. 
Оқытушының қызметі: 
-Дұрыс, рахмет! Ал енді тақтаға қарап, әдемі сандықшаларға төменде берілген ұғымдарды алгоритмдеу арқылы салайық.
Студенттің қызметі:
Интерактивтік тақтада төменгі бөлігіндегі орналасқан ұғымдарды сандықшаларға орналастырады. 
- Онға дейінгі сандар нумерациясы арифеметикалық ұғымдарға жатады. 
- 100 көлеміндегі сандарды ауызша қосу және азайтудың ондықтан аттамай ауызша қосу мен азайту тәсілі арифметикалық ұғымдарға жатады. 
- Бұл сурет бойынша қалдықты табуға берілген жай есеп құрастыруға болды. Мазмұнды есеп арифметикалық ұғымдарға жатады. 
- Бұл – санды өрнек. Алгебралық ұғымдарға жатады. 
- Бұл – әріпті өрнек. Алгебралық ұғымдарға жатады. 
- Бұл – теңсіздік. Алгебралық ұғымдарға жатады. 
- Бұл – теңдеу. Алгебралық ұғымдарға жатады. 
- Жүк машинасы қапшықтармен картоп тиеп алған. Картоптың салмағы тоннамен, килограммен өл енеді. Бұлар шама ұғымына жатады. 
- Қазанға құйылып жатырған су. Судың сыйымдылығы литрмен өлшенеді. Литр шама ұғымы а жатады. 
- Суретте 3 сағ., 5 мин., 35 сек. көрсетіп тұр. Сағат, минут, секунд уақыт өлшем бірліктері шама ұғымына жатады. 
Оқытушының қызметі: 
-Өте жақсы. Cіздер өздеріңізге таныс арифметикалық, алгебралық ұғымдар мен шамаларды оқыту әдістемесіне байланысты тапсырмаларды толық орындадыңыздар. Байқасаңыздар бізде атауы жасырылған бос сандық бар. Қалай ойлайсыздар ол сандықта нелер орналасуы мүмкін? Оны білу үшін сандықтың ішінде не жасырылғандығын қарайық. 
Студенттің қызметі: (Жасырылған геометриялық фигураларды тартып шығарады).
Оқытушының қызметі: 
-Дұрыс айтасыңдар бұл сандық бізде геометриялық ұғымдарға арналған сандық екен. Бүгінгі сабағымыз осы геометриялық ұғымдарды оқыту әдістемесі тақырыбына арналады.
Студенттің қызметі:
-Геометриялық фигуралар. 
Күтілетін нәтиже:
Тапсырманы берілген нұсқаулыққа сәйкес орындайды. 
ІІІ. Жаңа материалды меңгерту.
а) Жаңа материалды оқушылардың өз бетімен меңгеруі
Оқытушының қызметі: 
Бастауыш сыныпта геометриялық ұғымдар бөлек тақырып болып қарастырылмайды. Арифметикалық және алгебралық материалдармен тығыз байланыста қарастырылады. Оны біз бүгінгі сабағымыздың барысында білетін боламыз.
-Қазір бәріміз төрт топқа бөлініп отыра қояйық. Сіздерге берілетін келесі тапсырма алдарыңызда жатқан бастауыш сыныптың математика оқулықтарынан сыныптар бойынша қарастырылатын геометриялық ұғымдарды алдымыздағы кестеге түсіреміз.
1) п.ғ.д., профессор Ш.Х.Құрманалина бастаған авторлық топ жасақталған, 2014 жылғы «Атамұра» баспасынан шыққан оқулық
а)Сынып 
б)Бет нөмірі
в)Геометриялық ұғымдар
Студенттің қызметі:
Оқытушының айтқандарын тыңдап отырады. Топ өзбетімен жұмыстанады, кестелерді нұсқау бойынша толтырады.
1-топ
пед .ғыл .док., профессор Ш.Х.Құрманалина бастаған авторлық топ жасақталған, 2001 жылғы «Атамұра» баспасынан шыққан оқулық
Сынып Бет нөмірі Геометриялық ұғымдар
1 12 Сызық. Түзу сызық. Қисыз сызық. 
1 13 Нүкте. Сәуле. Бұрыш. 
1 14 Кесінді. 
1 23 Үшбұрыш.
1 30 Төртбұрыш.
1 32 Бесбұрыш.
1 36 Алтыбұрыш.
1 128 Геометриялық фигуралар.
2-топ
п.ғ.д., профессор Ш.Х.Құрманалина бастаған авторлық топ жасақталған, 2014 жылғы «Атамұра» баспасынан шыққан оқулық
Сынып Бет нөмірі Геометриялық ұғымдар
2 7 Сынық сызық. Тұйықталған, тұйықталмаған сынық сызық. 
2 18 Көпбұрыш.
2 20 Тік және тік емес бұрыш.
2 70 Тік төртбұрыш.
2 74 Шаршы. 
2 83 Тік, сүйір, доғал бұрыш.
3-топ
п.ғ.д., профессор Ш.Х.Құрманалина бастаған авторлық топ жасақталған, 2014жылғы «Атамұра» баспасынан шыққан оқулық
Сынып Бет нөмірі Геометриялық ұғымдар
3 112 Текше (куб). 
4-топ
п.ғ.д., профессор Ш.Х.Құрманалина бастаған авторлық топ жасақталған, 2014 жылғы «Атамұра» баспасынан шыққан оқулық
Сынып Бет нөмірі Геометриялық ұғымдар
4 104 Тік бұрышты параллелепипед. 
4 147 Дөңгелек және шеңбер. 
Күтілетін нәтиже:
Әр сыныптың оқулығынан геометриялық ұғымдарды кестеге түсіреді. Геометриялық ұғымдар туралы түсініктерін жүйелейді. 
Оқытушының қызметі: 
Бастауыш мектеп оқытылатын геометриялық ұғымдарды қандай үлкен топтарға біріктіруге болады?
Студенттің қызметі:
Сызықтар, дөңгелек және шеңбер, бұрыштар, көпбұрыштар. 
Оқытушының қызметі: 
Ал, енді осы аталған топтарға байланысты ұғымдарды біріктіріп, кластер құрастырайық (4 топқа аталған геометриялық ұғымдарды бөліп беріп, кластер құрастыру тапсырылады: 1-топқа сызықтар, 2-ші топқа дөңгелек және шеңбер, 3-ші топқа бұрыштар, 4-ші топқа көпбұрыштар).
Студенттің қызметі:
Топтар өзбеттерімен плакатқа кластер сызады, жұмыс аяқталған соң әрбір топ өз жұмысын қорғайды, толтырылған кестемен салыстырылады, қажетінше өзгерістер енгізеді.
1-топ 
2-топ 3 –топ 4-топ
Күтілетін нәтиже:
Кластер құрастырады, сипаттамаларын салыстырады және сәйкес қорытынды жасайды. Өз ойларын ұсына отырып түсіндіреді. 
Оқытушының қызметі: 
-Біздер геометриялық ұғымдардың сыныптар бойынша бөлінуімен таныстық. Енді тақтадағы келесі тапсырмаға назар аударайық. Геометриялық фигуралардан мазмұнды сурет құрастыра отырып, ол ұғымның қай сыныпта меңгертілетіндігі және орыс, ағылшын тіліндегі аудармаларын айтуымыз қажет. 
Студенттің қызметі:
Геометриялық фигураларды атай отырып ғимараттың суретін құрастырады. Фигураның қай сыныпта оқылатындығын, орыс, ағылшын тілдеріндегі аталуын айтады.
-Бұл - кесінді. Онымен ғимаратымыздың іргетасы деп есептейміз. Кесінді орыс тілінде – отрезок, ағылшын тілінде - segment. 1-сыныпта сызықтың екі жағын нүктемен шектеу арқылы түсіндіріледі. 
-Ғимаратымыздың бірінші, екінші қабаттарын және есігін тіктөртбұрыштан құрастырамыз. Тіктөртбұрыш-прямоугольник- rectangle. 2-сыныпта суреттер ішінен барлық бұрыштары тік болатын төртбұрышты табу арқылы түсіндіріледі.
-Үшбұрышты ғимаратымыздың шатыры деп аламыз. Үшбұрыш-треугольник- triangle. 1-сыныпта 3 саны мен цифры тақырыбында қабырғалары, бұрыштары мен төбелерін санату арқылы үшбұрыш туралы түсінік беріледі.
-Шаршылар біздің терезелеріміз. Шаршы-квадрат- square. 2-сыныпта тіктөртбұрыштардың ішінен қабырғалары тең тік төртбұрыштарды анықтау арқылы танысады. 
-Күн – дөңгелек. Дөңгелек-круг-circle. 4– сыныпта циркульдің көмегімен шеңбер сызып, оны қиып алу арқылы түсіндіріледі. 
-Сәуле-луч-ray. 1-сыныпта нүкте мен түзу туралы білімдері негізінде меңгертіледі. 
-Күннің көзі – нүкте-точка-point. 1-сыныпта қарындаш немесе қалам ұшының қағаз бетіне қалдырған іздері арқылы түсінік беріледі. 
-Күннің мұрны мен аузы тұйықталмаған қисық сызық-незамкнутая кривая линия-curve line. Екі нүктені қосатындай етіп әртүрлі тәсілмен сызықтар сызу арқылы түсіндіріледі.
-Аспанда ұшып жүрген құстар бұрыштарға ұқсайды. Бұрыштар-углы- corners. 1-сыныпта тік және тік емес бұрыштар туралы түсінікті көрнекі материалдарды қолдана отырып практикалық жұмыс орындау арқылы берілсе, кейіннен тік, сүйір, доғал бұрыштар меңгертіледі. 
Күтілетін нәтиже:
Геометриялық ұғымдардың қай сыныпта қарастырылатындығын, оқыту әдістемесін, олардың орыс, ағылшын тіліндегі аудармаларын айта отырып орындайды. 
Оқытушының қызметі: 
- Өте жақсы, біздің ғимаратымыз өте әдемі шықты. Мұқият назар аударайықшы, мен бұл ғимаратты көрген сияқтымын.
Флипчарттан колледждің суретін шығару.
Студенттің қызметі:
Бұл әдемі ғимарат біздің колледжге ұқсайды.
IҮ. Жаңа материалды бекіту .
а) мұғалімнің басшылығымен бекіту
Оқытушының қызметі: 
-Сонымен біз бастауыш сыныпта ең көп қарастырылатын геометриялық ұғымдарды анықтап, жұмыс жасадық. Ал енді геометриялық фигуралардың оқыту әдістемесі туралы толық ақпаратты ЭӘЖ көмегімен алып, өздеріңізге бекітілген геометриялық ұғымды меңгертуге байланысты сабақтың кезеңін құру тапсырылады. 
Студенттің қызметі:
ЭӘЖ-мен өзбетіндік жұмыс.
Өздерінің жұмыстарын ұсынады. Қалған топтар тыңдайды, талдайды. Өз ойларын айтады, түзетулер енгізеді. 
ә) өзбетімен бекіту, «сабақ ішіндегі сабақ»
Оқытушының қызметі: 
Ал енді сіздердің жұмыстарыңызға назар аударайық.
Студенттің қызметі:
Студенттердің жұмыстары №3 қосымшада берілген.
Күтілетін нәтиже:
Ақпаратты мазмұнды қайнар көздерден бөліп алады. Сабақ кезеңін құру үшін қажетті ресурстарды атайды, алынған ақпараттар арқылы берілген тапсырманы орындайды. 
Ү. Үйге тапсырма. Қорытындылау.
Оқытушының қызметі: 
Жаңа геометриялық ұғымды меңгертуге байланысты берілген тақырыпқа сабақ жоспарын құрастыру. Топтарды бағалау. 
Студенттің қызметі:
Үй тапсырмасын алады. Бағаланады.
Күтілетін нәтиже:
Геометриялық ұғымдарды оқыту әдістемесі туралы білімдерін сабақ жоспарын құрастыра отырып жүйелейді



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!