Материалдар / Ашық сабақ: "Германия"

Ашық сабақ: "Германия"

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық тарих пәні мұғалімдеріне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қаңтар 2021
503
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Германия.


Сабақтың мақсаты:

А) білімділік: Фашистік Германияның әлеуметтік, экономикалық дамуы және ішкі, сыртқы саясаттары туралы оқушыларға қажетті мағлұматтар беру.

Ә) дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін дамытып, тарихи оқиғалар мен құбылыстардың мәніне өз бетінше, шолу жасай алатын, өзіндік көзқарасы қалыптасқан азамат болып шығуына әсер ету.

Б) тәрбиелілік: Оқушыларды бейбітшілік сүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу.


Сабақтың әдісі: Блум таксономиясы арқылы тақырыпты толық меңгерту.


Сабақтың түрі: Өткен материалдармен байланыстыра отырып түсіндіру.


Сабақтың көрнекілігі: 1. Соғыс көріністері туралы бейне фильм, 2. плакаттар, 3. фотосуреттер, 4. маркерлер, 5. Интернет материалдары, 6. стикерлер


Сабақтың барысы:

А) Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабақ барысына аудару, сабақ мақсатымен таныстыру, топқа бөлу.


Үй тапсырмасын сұрау

Италия


Үш топтан үш оқушы тақырып маңыздылығын ашып көрсетеді.

.

«Ойлан тап»

  1. Италияда экономикалық дағдарыс қай жылдары болды?

  2. Италян фашизмінің басшысы кім?

  3. Муссолини қай жылы үкімет басына келді?

  4. Италия Ватикан мемлекетінің тәуелсіздігін қай жылы мойындады?

  5. Фашистер өлтірген социалистік партияның басшысы кім?

  6. Италия 1935 жылы қай елді жаулап алды?

  7. Фашистік үкімет Албанияны қай жылы басып алды?

  8. Италияның басты одақтасы?

  9. Мюнхен конференциясы қай жылы өтті?



Негізгі бөлім.

Жаңа тақырып: Германия.

Жаңа тақырыпқа кіріспе жасау. Блум таксономиясы бойынша сабақты алты бөлімге бөліп түсіндіру.


Білу. Оқушылар осы тақырып бойынша бұрыннан білетін мәліметтерін ортаға салады.

Германия

Гитлер

Фашизм

Соғысқұмарлық

Фашистік Германия туралы бейне фильмнен үзінді көрсету.


Түсіну.

«Жигсо» стратегиясы бойынша мәтінді бөліктерге бөліп беру.

«Әлемді шарлау» стратегиясы бойынша топтардың мүшелері өзге топтағы сыныптастарымен бірлесе отырып, мәтіннің өзге бөліктерін талқылайды.


Қолдану

«Постермен жұмыс»

1-топ. Германияда фашизмнің пайда болуы

2-топ. Экономиканың соғыс қажетіне бағытталуы

3-топ. Германияның сыртқы саясаты

Талдау.

Әр топтан көшбасшылар шығып постерді қорғайды

Жинақтау

Сұрақтар шеңбері

  1. Германияның халықаралық аренадағы бірінші міндеті?//

  2. Антисемитизм дегеніміз не?//

  3. Гитлер қай жылы үкімет басына келді?/ 1933ж/

  4. Гитлер түрмеде қандай кітап жазды, не туралы?/ «Менің күресім» /

  5. Фашистер билікке келу үшін 1933 жылы қандай арандатушылық әрекет ұйымдастырды?/рейхстагты өртеді/

  6. «Өмірдің қайнар көзі» бағдарламасы бойынша аналар мен балаларға қандай жағдай жасалды?//

  7. 1933-1938 жылдар арасында неміс экономикасы қалай дамыды?//

  8. Австрия Германияға қай жылы қосылды?//

  9. Гитлердің өмірбаяны туралы айтып бер?//

  10. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Германия қай елдермен одақтасты?/Жапония, Италия/

  11. Германияда жаппай әскери міндеткерлік қай жастан енгізілді?/1935 жылы/

  12. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Герман қарулы күштері қанша болды?/ /

  13. Қай жылы Гитлер өз қолына рейхсканцлердің, президенттің, бас қолбасшының билігін алды?//



Бағалау

«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы өзара бағалау.


Цифрлы диктант.

  1. Гитлердің басшылығымен неміс жұмысшы партиясы қай жылы құрылды? /1919 жылы/

  2. Гитлер қай жылы дүниеге келді? /1889 жылы/

  3. Қай жылы фашистер Рейхстагты өртеуді ұйымдастырды? //

4 Қай жылы Германия экономикалық қуаты жағынан Еуропада екінші орынға ие болды? /1938 жылы/

5.Қай жылы Германия Саар облысын өзіне қосып алды? /1935 жылы/

6.Қай жылы Германияда 18-43 жасқа дейінгі ер адамдар үшін әскери міндеткерлік енгізілді? /1935 жылы/



Рефлексия



Сабақты қорыту.

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: Германия

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ