Материалдар / Ашық сабақ Гидросфера және оның құрамдас бөліктері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ Гидросфера және оның құрамдас бөліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
"Гидросфера және оның құрамдас бөліктері" тақырыбында география сабағында ашық сабақ болып өтті. Бұл сабақта географиялық тапсырмалар орындалды
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2021
506
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бөлім

3.3 Гидросфера

Педагогтың аты-жөні


Күні


Сынып:7

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Гидросфера және оның құрамдас бөлігі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.3.1- гидросфера және оның құрамдас бөліктерін сипаттайды

Сабақтың мақсаты


Гидросфераның құрамдас бөліктерін анықтау

Табиғаттағы су айналымын түсіну

Бағалау критерииі

Гидросфера құрамын түсінеді;

Гидросферадағы су айналымын талдайды

Құрлық сулары мен мұхиттарды анықтауда картаны қолдана алады;

Гидросфераның маңызына баға береді

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру

кезеңі

Қызығушылықты ояту

8 мин


Сәлемдесу. Сыныпты түгендеу.Сыныпта көңілді атмосфера қалыптастыру. Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Барлығы бірге тақтада көрсетілген өлеңді айтады:

Қайырлы күн достым,

Қайырлы күн болсын!

Бейсенбінің күні

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз,

Кілең ондық болсын!

Оқушыларға кіру билеттерін тарату арқылы 3топқа бөлу.

І топ: «Тынық» тобы

ІІ топ: «Атлант» тобы

ІІІ топ: «Үнді» тобы

Өткен тарауды қорытындылауға «миға шабуыл» әдісі арқылы сұрақтар беріледі:

  1. Атмосфера дегеніміз не?

  2. Климат дегеніміз не?


Оқушы өз жұбын табады

Әдіс арқылы қайталау

Сұрақ жауап орындайды


«Кіру билеттері»






http://bestreferat.kz/extra_rkd/show/59



Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ


Әр топ өз аттарымен аталатын мұхиттарды картадан көрсету қажет: Тынық, Атлант, Үнді. Қосымша Солтүстік мұзды мұхит

Топтарыңыздың атаулары арқылы бүгінгі сабағымыздың тақырыбын табамыз...

-Бұл сөздер сіздерге тақырып туралы қандай ой шақырады?

-Қазақстандағы қандай өзен, көлдер, теңіздерді білеміз?

Сұраққа жауап алғаннан кейін, сабақтың мақсаттарымен таныстырамын.

Жаңа тақырыпты ашу үшін видеоролик көрсетіледі.

«Бастағы қалпақ» әдісі арқылы топ басшысын сайлаймын.(Әуен қосылады, әр топтағы 1білім алушының басына қалпақты кигізіп кетемін. Ол екінші оқушыға кигізіп, ары қарай жалғасады. Әуен тоқтап, қалпақ кімнің басында қалса сол топ басшысы болып сайланады) Топ басшысы топтық жұмыстарды ұйымдастырады.


1-тапсырма: Топтық жұмыс

(Берілген мәтінді оқиды, постер жасайды, қорғайды)

«Тынық» тобы: Гидросфера – топтастыру стратегиясы

«Атлант» тобы: Судың қасиеті – жүзім шоқтары кластері

«Үнді» тобы: Табиғаттағы су айналымы – тірек-сызба

2-тапсырма: «Мюнстерберг» әдісі арқылы топпен біріге отырып мәтін шығару

Геосергіту: «Австралиялық жаңбыр»

3-тапсырма: Файнворд әдісі

Оқушылар берілген жәшікшелердің ішінен гидросфераға қатысты атаулар мен терминдерді анықтайды. Анықтаған ірі өзендер мен көлдерді картадан анықтап құрлықтар бойынша топтастырыңдар

Мәтінмен жұмыс

Мәтінді «Түртіп алу » әдісі арқылы талдайды.

  • белгілі

+ жаңа ақпарат

? түсініксіз

Постер қорғау (дайындалуға 4 мин, қорғауға әр топқа 1минуттан)

Мәтін бойынша оқушыларға сұрақтар қойылады.

Сұрақ-жауап

1.Суреттегі «Табиғаттағы су айналымы» тізбегін түсіндіріңдер

3.Гидросфера қандай бөліктерден тұрады?
4. Гидросферадағы басты тұщы су көздерін ата?
5. Үлкен және кіші су айналымын түсіндір
6. Су айналымының маңызы қандай?

Картамен жұмыс

Карточкаларда гидросфералық объектілердің атаулары бойынша картадан табу

Файнворд әдісі .Қосымша 4

Оқушылар берілген жәшікшелердің ішінен гидросфераға қатысты атаулар мен терминдерді анықтайды. Анықтаған ірі өзендер мен көлдерді картадан анықтап құрлықтар бойынша топтастырыңдар

Ғаламшар үшін гидросфераның маңызын бағалаңдар

  • Адамзатқа

  • Өсімдіктерге

  • Жануарларға

Тақырыпқа сай берілген түсініктерді дамыту арқылы, мәтіндегі тапсырмаларды орындау барысында ой өрісін жетілдіру арқылы бәсекелеседі













Берілген сұрақ жауапты орындайды

Сұрақ жауап арқылы сұраққа жауап береді, логикалық ойлай білуі мен сыни көзқарасы таныта білу дағдылары қалыптасады









Дескрипторлар:

- Оқушы гидросфераға қатысты атаулар мен терминдерді таба алады.

- Анықтаған ірі өзендер мен көлдерді картадан анықтап құрлықтар бойынша топтастыра алады.


Смаликтер арқылы

ҚБ өзін өзі бағалау







































ҚБ «Бәрекелді,әттеген-ай»




Бағалау парақшасын толтырады.



ҚБ Бағдаршам


Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК

Сабақтың соңы

Қорытынды

Ой толғаныс.

Рефлексия




Кері байланыс.

«Түйін сөз» стратегиясы

1- қадам: 10 – ға шейін сандар қиындыларын әзірлеймін.

2- қадам: Оқушыларға бір санды таңдауға тиіс екенін түсіндіремін.

3- қадам: Оқушылардың сан мен олардың сабақ туралы ой – пікірлерін ұштастыра айтатынын түсіндіремін.

4 – қадам: Олар бүгінгі сабақта не түсінді? Бүгінгі сабақ қандай жаңалықтарға толы болды? Алдағы сабаққа ұсынысы қандай?Оқушылар осы сұрақтарға жауап береді.

Мысалы, Бір дегенім – білім. Бүгін меннақыл сөздердің мағынасын ашып,орынды қолдануды білдім.

Екі дегенім- ертеңге сенім.Осындай нақыл сөздер тұрғанда қазақтың баласы ұлттың тілін,дінін құрметтеп өтеді.Келесі сабақта нақыл сөздерден кітапша жасап әкелсек деген ұсынысым бар.


Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.


Рефлексия парағы














































«Қарашоқат ЖОББМ» КММ











АШЫҚ САБАҚ


ТАҚЫРЫБЫ: Гидросфера және оның құрамдас бөлігі

7-сынып










География пәні мұғалімі: А.Б. Сейілова
















2021-2022 оқу жылы







Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!