Ашық сабақ Гимнастикалық снаряд-тардағы жаттығулар жиынтығы (Гимнастикалық құрал-жабдықтармен жаттығулар жасау)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Гимнастикалық снаряд-тардағы жаттығулар жиынтығы (Гимнастикалық құрал-жабдықтармен жаттығулар жасау)

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтағы тиімді әдіспен өту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім

3-бөлім Гимнастика арқылы танымдық дағдыны құрастыру

Педагогтің аты-жөні

Абдиев Багдат

Күні:

23.12.2022ж

Сынып:11


Сабақтың тақырыбы

Гимнастикалық снаряд-тардағы жаттығулар жиынтығы (Гимнастикалық құрал-жабдықтармен жаттығулар жасау)

Оқу мақсаттары

11.1.4.4. Сапалы орындауды жақсарту үшін жаңа қозғалыс қабілеттерін дамыту

Сабақ мақсаттары

Қимыл-қозғалыс әрекеттерін орындауды жақсарту үшін өзінің және өзгелердің біліктіліктерін бағалау

Бағалау критерийі

Өзінің және өзгенің қимыл-қозғалысын анықтайды

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: әріптeстік және топтық гимнастикалық тапсырмаларды, сондай-ақ композициялық қозғалыс әрекеттерін сипаттай және талқылай алады.

Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: орын ауыстыру, тепе-теңдік, айналу, алға аударылып түсу, артқа аударылып түсу, домалау; кең адым, отырып секіру және 360 градусқа бұрылып ыршып түсу, домалау, снарядтар, көтеру, алып жүру, қою, байланыс, реттілік, вариациялар, топ қалыптастыру, міндет, қауіп-қатер, қауіпсіздік

Талқылауға арналған сұрақтар:

- «Бағдарлама» сөзі нені білдіреді?

- «Унисон» және «реттілік» сөзімен біз нені мегзейміз?

- бағдарламаны құрастыру кезінде унисон және реттілік тәрізді композициялық құралдардың көмегімен қарым-қатынасты өзгерткен неліктен маңызды?

- гимнастика сендерді қалай дамытады?

- сендер қандай траектория бойынша қозғала аласыңдар?

- үлкен гимнастикалық снарядтарды пайдаланумен қандай қиындықтар мен тәуекелдер байланысты?

- басқа топтардың жұмысын бақылау кезінде сындарлы ұсынымдар беру неліктен маңызды?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.

Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды

Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады

Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді

Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады

Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Ұялы телефон, планшет, ноутбук

Бастапқы білім

Бөрене үстіне қойылатын кедергілерден аттап жүгіру

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру

Кезеңі

Қызығушылықты ояту

8 мин


Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

«Қолмен белгі беру»





















«Ауызша бағалау» әдісі

























«Бір минуттық эссе»























Ысқырық, фишкалар, бор




Сабақтың

ортасы

30 минут

Осы жұмыс түрін өткізген кезде мұғалім ұсынылғандардың ішінде күрделі элемент мұғалімнің бақылауымен орындалуы, бірақ сыныптың барлық оқушыларын визуалды бақылаудан айырылмау үшін, топтар жаттығуларды орындаған кезде бірізділік жасау қажет. Жарақаттануды болдырмау үшін, барлық оқушылар мұғалімнің көз алдында болатын жерде жұмыс істеу. Орындау кезінде оқушылардың қателіктерін есте сақтап қалмау үшін түзетіп отыру.

Гимнастикалық бөренеде тепе-теңдік жаттығуларын орындаңыз.

1. Екі қолды екі жаққа соза қарлығаш бейнесін жасаңыз;

2. Қолды жайып, аяқтың ұшымен жүріңіз;

3. Жартылай отырып, өкшені көтеріп бұрылыңыз;

4. Тізені жоғары көтере жүріңіз;

5. Басына зат қойып, гимнастикалық бөрене үстімен жүріңіз.

(Ж, Т, Ф) Тірек секірулер.

Сыныпты шағын топтарға немесе жұптарға бөлу және өз беттерінше келесі элементтермен жұмыс істеуді ұсыну. Екпін алып секіріп тірек секіру және бүгіліп ыршып түсу, дәл солай солға (оңға) бұрылумен. Биіктігі 90 см кедергі арқылы сол (оң) қолға және оң (сол) аяққа тіреумен бүйірге секіру.



Дескриптор

- тепе-теңдік жаттығуларын орындайды;

- қарлығаш бейнесін жасайды;

- қолды жайып, аяқтың ұшымен жүреді;

- жартылай отырып, өкшені көтеріп бұрылады;

- тізені жоғары көтеріп жүреді;

- басына зат қойып, гимнастикалық бөрене үстімен жүреді.

Сабақтың

соңы

7 минут

Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.


Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.

Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды


Ысқырық

Үй тапсырмасы

Жалпы дамыту және бой жазу жаттығулары






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.03.2023
579
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі