Жаңа тақырыпты
түсіндіру.
Графикалық ақпаратты аналогты
және цифрлық нысандарда ұсынуға болады.
Аналогты нысанда ұсынылған
графикалық ақпаратқа қағазға салынған суреттер, кескіндер, қағазға
шығарылған фотосуреттер және т.б. жатады.
Цифрлық
нысанда ұсынылған графикалық ақпаратқа компьютердегі суреттер,
кескіндер, фотосуреттер және т.б. жатады.
Графикалық ақпаратты
бейнелеудің екі әдісі бар.
Бірінші әдіс
бойынша, графикалық объктілер кескінділер, векторлар (бағыттаушы
сызықтар), нүктелердің жиынтығы ретінде салынады. Суреттерді
компьютерде осылай ұсыну жолын векторлық графика деп
атайды.
Көрсетілім.
Векторлық сурет- қарапайым кесінділер мен доғалардан тұратын
графикалық объект.
Екінші әдіс
бойынша, графикалық объектілер қатарлар мен бағандарда орналасқан
түсі мен жарықтылығы әртүрлі нүктелер (пиксельдер) жиынтығы ретінде
салынады. Суреттерді компьютерде ұсынудың бұл әдісін растрлық
графика деп атайды.
Пиксель- растрлық кескіннің ең
кішкентай бөлінбейтін бөлігі. Пиксель түсі мен жарықтылығы
кескіннің қалған бөлігіне тәуелсіз орнатылуымен
ерекшеленеді.
Дискреттеу дегеніміз- үзіліссіз
кескіндерді белгілі бір кодтар арқылы пиксельдер тобына
түрлендіру.
Кескінді дискреттеу барысында
ол кодталады, яғни әр ұяшыққа мән беріледі. Бұл әдісті сурет
үлгілерін мозаикалық кескінде салумен ұқсатуға болады.
Топтық жұмыс.
1-тапсырма.
Торкөз
параққа өздерін ұнататын, күзде пісетін бір жемістің векторлық және
растрлық суретін қолмен салындар. Екі суреттің қайсысы оңай
салынады? Бейнелерді саластыр.
Дескриптор:
-торкөз
параққа векторлық сурет салады;
-торкөз
параққа растрлық сурет салады;
- бейнелерді
саластырады.
ҚБ: жұлдық /5балл/
Жеке жұмыс.
2-тапсырма
Растрлық суретті екілік кодпен
бейнеле.
Дескриптор:
-растрлық суретті екілік кодпен
бейнелейді.
ҚБ: жұлдыз /2 балл/
3-тапсырма
Ақ-қара түсті растрлық
суреттің екілік коды берілген.Осы екілік кестедегі 1 цифры жазылған
торкөздерді параққа түсіргенде ненің кескіні
шығады?
0
|
1
|
0
|
0
|
1
|
0
|
0
|
0
|
1
|
0
|
0
|
1
|
0
|
0
|
0
|
1
|
0
|
0
|
1
|
0
|
0
|
0
|
1
|
1
|
1
|
1
|
0
|
0
|
0
|
0
|
0
|
0
|
1
|
0
|
0
|
0
|
0
|
0
|
0
|
1
|
0
|
0
|
Дескриптор:
-екілік кодпен берілген
суреттті параққа түсіреді;
ҚБ: жұлдыз /3балл/
|