Материалдар / Ашық сабақ «Халық даналығы – рухани байлық көзі»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ «Халық даналығы – рухани байлық көзі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі танудан сабақ беретін мұғалімдерге керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қырқүйек 2018
977
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзін – өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: №34 көп салалы мектеп-гимназиясы

Мерзімі: 06.04.2018 жыл 28 сабақ

Мұғалім: Жаңбырбайқызы Айгерім Сыныбы: 8 «Ә»

Оқушылар саны: 28

Сабақтың тақырыбы: «Халық даналығы – рухани байлық көзі».

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: ұлтжандылық, адамгершілік, мейірімділік

Мақсаты: Оқушыларға бабалардан қалған асыл өнегенің тура жолға бағыттайтындығын ұғындыра келіп, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Халық даналығы арқылы адамгершілік қасиетінің мәнін ұғындыру;

  • Оқушылардың ұлттық мәдениетке, ата-баба дәстүріне деген ұлтжандылық сезімдерін арттыру ;

  • Өз ұлтының өнегесі арқылы мейірімді бола білуге, ұлтжанды азамат болуға, адамгершілік қасиетке тәрбиелеу.

Ресурстар: (слайд, плакаттар)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

5 Т – ережесі:

  • Тәртіп.

  • Талап.

  • Тыныштық.

  • Тазалық.

  • Татулық.
    Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Оқушылардың көңіл - күйіне назар аудару. Жасырынған сандар арқылы 3 топқа бөлемін.


Тыныштық сәтi. Жайлы, баяу музыка қойылады.

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыныздар, денелерінізді түзу ұстаныздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолынызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көрініз: Күн нұры сіздің төбенізден өтіп, кеудеңізге қарай бойланып барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойынызды, әр сезіміңізді, эмоцияныз бен тілек – қалауынызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыныз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәуле шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралдарына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузынызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарынызға бағыттаныз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты көреді. Сіздің басыныз түгелдей нұрға бөленіп, басынызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің дененізден шығып, жан-жағынызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарымызға, мұғалімдеріңізге, достарынызға, таныстарынызға бағыттаныз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаныз, олардында жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан – жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаныз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмың». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінеде отыра тұрыныз..Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жірегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаныз.Жаймен көзінізді ашуға болады.

Сұрақтар:

1. Тыныштық сәті ұнады ма?

2. Қандай әсерде болдыңыздар?

3. Ішкі тыныштыққа жете алдыңыздар ма?

Түйін: Олай болса бойымыздағы жақсы қасиеттерді нұрландырып, бар жақсылықтарды жүрегімізде сақтай отырып сабағымызды бастайық!

Ескерту

Үй тапсырмасын тексеру. (4 мин)

105-106 беттегі Ел аузынан тараған «Жанқұтты шешеннің батасы» шығармасы бойынша сұрақ қою.

Сұрақтар:

1.Абайдың жауабынан нені байқауға болады?

2.Дүние үмітке сүйенеді дегенді қалай түсінесіңдер?

3. «Көздің көрмесі бола ма?» дегенге Абай қалай жауап берді? Және оның қалай ұқтыңыздар?

4. Абайдың Жанқұтты шешеннен сұраған сұрақтарын ата?

5.Жанқұтты шешен Абайға берген жауабында қандай қасиеттерді айтты?

6. Шешен Жанқұтты мен Абайдың өнеге сөздерін неге жатқызамыз?


Дәйексөз (3 мин)

Дүниеде қазақ деген ұлт біреу, демек оның ұлттық болмысы, кәсібі,салт-санасы, әдет-ғұрпы – барша қазаққа тән, оның ғажайып мол рухани қазынасы да бөліп – жаруға жатпайтын ортақ байлық.

Н.Ә.Назарбаев

(Дәйексөзді ұлдарға, қыздарға және топпен айтқызу)

Сұрақтар

1. Дәйексөздің мағынасы туралы ойларымен бөлісу?

2. Өз өмірімзде біз рухани дүниелерді қолданып жүрмізбе?


Мұғалім сыйы (7 мин)

«Бабалар өсиеті» (бейнебаян)

Сұрақтар:

  1. Қандай құндылықтарды рухани байлық дейді?

  2. Игілік дегенді қалай түсінесіздер?

  3. Адамға ең қажетті игілік не деп ойлайсыздар?

  4. Абу-Насыр Әл-Фарабидің «Білімді ұрпақ - ел тірегі» деген сөзін қалай түсінесіздер?

  5. Жүсіп Баласағұнидың «Ұқсаң ата сөзі – құттың өзі ғой» сөзінен не ұқтыңыздар?

  6. «Бабалар аманаты» деп нені ұқтық?


Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс. (5-7 мин)

І топ: Домбыраның суретін салыңыздар және домбыраның қасиетін түсіндіру? (постер қорғау)

ІІ топ: «Туған тілім-рухани асыл қазынам» (өлең шығару)

ІІІ топ:Үлкен кітап суретін салып ішіне бүгінгі сабақтан қандай ой түйдік және қандай құндылық пен қасиеттерді естерінде қалғанын жазу? (схема арқылы топ болып өз ойларымен бөлісу)


Топпен ән айту. (5мин)

Мен қазақпын

Сөзі: Нұржан Өмірбаев

Әні: Жарасхан Төлебай

1)Қазақ болып тумағанда нетер ем?
Бұл жалғаннан бақыт таппай өтер ем
Желдей жүйрік жылқы мінбей жалғанда
Аламанда ат оздырмай кетер ем
Қазақ болып тумағанда нетер ем
Өкінішпен өртенер ем өте мен
Қасиетті домбыраны қолға алмай 
Қоңыр үнді әуелетпей кетер ем
Қайырмасы:
Мен қазақпын 
Бойымдағы қан қазақ
Мен қазақпын 
Мен шырқайтын ән қазақ
Бір қазақтың 
Бақыты мен бағына
Барша үнімен 
Қуанса екен бар қазақ
Мен қазақпын 
Түрім қазақ тіл қазақ
Мен қазақпын 
Мен айтатын жыр қазақ
Сүйеу болсын тіреу болсын
Мың қазақ
Сүрінгенде бүлінгенде бір қазақ
2)
Қазақ болып тумағанда нетер ем?
Қалай басқа байрақтарды көтерем
Жеті бірдей қазынамнан айрылып
Жеті атамды жаттай алмай кетер ем
Қазақ болып тумағанда нетер ем?
Қонақ жайлық жайын білмей өтер ем
Қымыз шұбат қазы-қарта құрт майсыз
Қадір қашып қарным ашып өтер ем .


Үй тапсырмасы. (2 мин)

111-112 беттегі Р.Нұрпейісовтің «Менің әкем» өлеңін оқып келу.

Өз ата-бабаларыңыздан қалған атакәсіп жөнінде әңгіме жазып келіңіздер.


Соңғы тыныштық сәтi. (1 мин)

(Баяу музыуа ойнап тұрады)

Бүгінгі сабақта алған игі қасиеттерді жүрегімізге сақтап алайық.

Тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде,

Тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде.

Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!



Мұғалім:_______________А.Жаңбырбайқызы


Мектеп директоры:_____________________О.Х.Хуандыкова





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!