Материалдар / Ашық сабақ .Халық əнімен жұмыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ .Халық əнімен жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыка мектеп мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қаңтар 2019
955
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ашық сабақ: «Халық әндерінің ерекшелігі» 2-сынып оқушысы Бекмұратова Аяулым.

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыға халық әндері туралы түсінік бере отырып,әнді аспапта ойнау шеберлігін арттыру.

Дамытушылығы: Оқушының нота сауаттылығын,ойлау және есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелілігі: Оқушыны халық мәдениетін сүюге,құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Буклет.плакат .

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушының сабаққа әзірлігін тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру: Қол жүргізу мақсатында D-dur гаммасын штрихтарымен ойнату.

Мұғалімнің сөзі: Біз бұған дейін шағын әндер , этюдтер ойнап үйрендік. Қобыз аспабына лайықталған халық әндері де бар. Мына сөздерден қалып қойған әріптерді орнына қою арқылы,халық әндерінің аттарын оқимыз. Осы әріптерден жаңа сабақтың тақырыбы шығады.

«А ,,,ау Керім», «,,,қдариға», «,,,әтипа», «Маус,,,мжан», «,,,амажай»,

«С,,,улем-ай», «Ақжай,,,ақ», «Ел,,,гай» .

Аталған әндердің барлығы халық әндері.Осылардың ішінен «Сәулем-ай», «Гүлдерайым» әндерін бүгінгі сабағымызда үйренетін боламыз.

Жаңа сабақ: Алдымен халық әні дегеніміз не?

Халық әні деп- әнді шығарған адамның аты еленбей ұмыт қалып,ел аузына кең таралып кеткен туындыны айтамыз.Дегенімен оны шығарған авторы болады,орындаушылар арқылы ауызша дамып кеткендіктен негізгі авторы ұмытылып халық әні болып кетеді.

Халық әнінің ерекщелігі: Халық арасында кең таралған. Бала кезімізден тыңдап өскендіктен құлаққа таныс естіліп тез жатталады.Осындай халық әндерінің бірі «Сәулем-ай» әнін үйренетін боламыз. «Сәулем-ай» аты айтып тұрғандай қызға арналған ән.

Қазақ халқы қыз баланы ерекше құрметтеп «Қыз бала қонақ» деп төрден орын беріп сыйлаған.Бұл әнде қазақ халқының салт дәстүрін берік ұстаған инабатты да ибалы, сұлу да сымбатты қыздардың мінезін суреттеген.

Ән D-Dur танальностінде 3/4 өлшемде әндете көңілді орындалады деп түсіндіріп,алдымен өзім ойнап көрсетемін. Әнде лига фермато штрихтары кездеседі.Фермато дегеніміз нотаны орындаушының қалауы бойынша созуды айтамыз деп түсіндіріп, оқушымен өте жәй темпте санатып талдау жасаймыз.

Ән өте қиын емес, түсінген боларсың деп ойлаймын,сондықтан тағы бір халық әнін үйренейік.

Халық әні «Гүлдерайым» бұл ән де дәл осы тақырапта,G-dur танальносте 2/4 өлшемде екпінді әндете орындалады.Оқушыға әнді өзім ойнап көрсетіп,өте жәй темпте талдау жасаймыз.

Сергіту сәті: Бүгінгі сабақта уйренген «Гүлдерайым» әнін эстрада сүйемелдеумен тыңдату.

Бекіту: Халық әні дегенді қалай түсінесің?

Фермато дегеніміз не?

Бүгінгі үйренген әндер қай тональносте орындалады?

Қорытындылау: Біз бүгінгі сабағымызда халық әндері туралы мағлұмат алып, олардың ойналуын үйрендік. Сөзімді қорыта келе өнер деген қиындығы мен қызығы мол жолда, өзіне қазақтың киелі аспабын серік еткен, өнердің биік шыңына шығатын , жүрегі қазақ деп соғатын ұрпақ тәрбиелейтініме сенімім мол.

Үйге тапсырма беру: «Сәулем-ай» әнін аяғына дейін қарап келу.

Бағалау: Өте жақсы

Жақсы.











Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы саз мектебі.











«Ашық сабақ»



Тақырыбы «Халық әндерінің ерекшелігі»

2-сынып оқушысы Бекмұратова А.





Өткізген: Алданова Г.Қ.















2018-2019 оқу жылы





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!