Материалдар / Ашық сабақ "Халыққа білім беру" 9 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Халыққа білім беру" 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге пайдалануға болады, бірнеше әдіс-тәсілдері бар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
613
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 1917-1941 жылдардағы Қазақстан

Пәні: Қазақстан тарихы

Тақырыбы: Халыққа білім беру

Мектеп: № 60 жалпы орта мектеп

Мұғалімнің есімі: Р.Ж.Туртбаева

Күні: 05.12.17ж.

Сабақ № 25

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сынып: 9 а,ә,б

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

1920-1930 жылдардағы мәдени құрылысты білу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Жоғары оқу орындарын біледі, мамандар даярлауды талдайды


Оқушылардың басым бөлігі:

Ғылыми-зерттеу мекемелерін, ғылымның дамуын қорытындылайды

Кейбір оқушылар:

Қазақ кеңестік өнерінің дамуына баға береді

Бағалау критерийі

Қаламыздағы жоғары оқу орындарын атап өтеді.

Тілдік мақсат

Оқушылар: Мәтінді оқиды, бір-біріне айтып өзара ортақ шешім шығарып, түйінді ойды айтады, яғни айтылым болады


Негізгі сөздер мен тіркестер:

Факультет, репрессия

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

1928 жылы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институты ашылып, 1935 жылы оған Абай есімі берілді.

Құндылыққа баулу

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік

Пәнаралық байланыс

География, қоғам, математика

Әдіс-тәсілдер

Лездік сұрақтар, Ой қозғау, Мен білетін мәлімет, Ойлан тап.

Алдыңғы білім

Халыққа білім беру

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

3 минут





7 минут

Сәлемдесу.

Оқушыларды түгендеу. Топқа бөлу сандар арқылы.

Бағалау парақшасын таратамын, топтар өз қызметін бөліп алады.

Өтілген тақырыптар бойынша "Лездік сұрақтар" әдісі арқылы сұраймын. Әр қайсысы білгеніне қарай жеке-жеке жауап бере отырып, ұпай жинайды.

1. 1918 жылы кеңестік білім жүйесінің негізгі қағидалары: тегін оқу, ұлдар мен қыздарды ірге оқыту, діни пәндерді оқу бағдарламасынан алып тастау.

2. Бірыңғай еңбек мектебі туралы Декларация қашан қабылданды? 1918 жылы.

3. Сауатсыздықты жою туралы Декретке қай жылы қол қойылды? 1919 жыл.

4. 1920-1921 жылдары Қазақстанда қанша мыңға жуық сауатсыздықты жою пунктері болды? 2,5 мың.

5. 1920-1921 жылдары бұндай пунктерде қанша мыңдай адам білім алды? 70 000.

6. Қазақстанда қай жылы 2,7 мыңнан астам мектеп болды? 1925 жыл.

7. Қазақ тілінде оқулықтар жазыла бастады, оны кімдер жазды? А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, С.Сейфуллин.

8. Алгебрадан қазақ тіліндегі бірінші мектеп оқулығын құрастырған ғалым? Қ.Сәтбаев.

9. Географиядан қазақ тіліндегі бірінші мектеп оқулығын құрастырған алаш зиялысы? Ә.Бөкейханов.

10. Қазақстан тарихы оқулығын құрастырған профессор? С.Асфендияров.

11. Есеп туралы, оқу туралы оқулықтар қай жылы басылып шықты? 1921 жыл.

12. 1928 жылы қазақ мектептері үшін қанша оқулық басылып шықты? 30-дан астам.

13. А.Байтұрсынов қандай оқулықты құрастырып шықты? Қазақ әліпбиі.

14. А.Байтұрсынов қай жылы қазақ әліпбиін құрап шықты? 1924 жыл.

15. Кахграмчека қай жылы құрылды? 1921 жыл.

16. Жалпыға міндетті жеті жылдық білім беру қашан енгізілді? 1931 жыл.

17. 1939 жылғы санақ бойынша қанша пайызы сауатты болды? 91 пайызы.

18. 1928 жылы қанша кітапхана жұмыс істеді? 236. Оқушыларды ауызша мадақтап, смайлик арқылы бағалаймын. Бағалау парақшаларына белгілеп отырады.


1. 1,2,3 сандар

2. Бағалау парақшалары






2. Сұрақтар топтамасы
































Смайликтер

3 минут

"Ой қозғау" әдісі арқылы жаңа сабақты ашу мақсатында бейнебаян көрсете отырып, тақырыпты ашамын. Қаламызда қанша оқу орындары бар?

Олар қалай аталады? Ауылдағы жалғыз мемлекеттік мекеме қалай аталады? деп сұрақ қоя отырып сабақтың тақырыбын ашамын.

Бейнебаян

Сұрақтар топтамасы

Ортасы

17 минут

Топтастыру: Конверттен әр топтың басшысы сөздерді алу арқылы (Абай Құнанбаев, Санжар Асфендияров, Жұмат Шанин) топтың атауын беремін. Әр топ оқып шығып, "Мен білетін мәлімет" әдісі арқылы әрқайсысы оқығаны бойынша бір-бір мәлімет айтып береді.

1. А.Құнанбаев тобы. Жоғары оқу орындары, мамандар даярлау.

2. С.Асфендияров тобы. Ғылыми-зерттеу мекемелері, ғылымның дамуы.

3. Жұмат Шанин тобы. Қазақ кеңестік өнерінің дамуы.

Топ бірін-бірі бағдаршам арқылы бағалайды

1. Конверт

2. Конверттен А. Құнанбаев, С. Асфендияров, Ж. Шанин сөздері бар парақтар.

Бағдаршам.

Аяқталуы

Бекіту

Құзырлылық қалыптастыру

5 минут

"Ойлан тап" әдісі арқылы есептерді шығара отырып, мәлімет береді.

1. 27000+400(9*6)=27454 Жоғары білімі болған

2. (7*3)+1000+450+450=1921 Жұмысшы факультеті

3. 3000-1050-16=1934 С.М.Киров ат. МУ

4. 100+(7*3)+6= 127 Мектеп саны

5. 2100*700=3 ЖОО

6. (2100*700)+9=12 ҒЗИ

Дұрыс жауап берген оқушыны мадақтау сөздер айта отырып, смайлик беріп ынталандырамын.



Есептер топтамасы.

Смайлик

Бағамдау-бағалау

Рефлексия

2 минут


Білім ағашы арқылы кері байланыс жүргіземін.

Бағалау

2 минут

Жүйелеп нақты сабаққа қатысу белсенділігіне қарай бағалаймын

Топ басшылар бағалау парағын толтырып мұғалімге тапсырады (жинақтау, бағалау)

Келесі оқу

1минут

Халыққа білім беру

Күнделік

Қосымша ақпарат: www.tarih.spring.kz сайтынан алынған қосымша материалдар

Саралау- сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері




Әр тапсырма сайын кері байланыс аламын

Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау

Рефлексия

Сабақ бойынша рефлексия:

- Сабақ \оқу мақсаттары шынайы ма?

- Бүгін оқушылар не білді?

- Сыныптағы ахуал қандай болды?

- Мен жоспарлаған саралау шаралары сәтті болды ма?

- Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

- Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!