Жаңа сабақ. Мағынаны тану.
Халықтың және діни құрамы Қазақстанның халқы — көптеген ұлттардың
бірлестігі. Халық сезі көп мағынаны білдіреді (көп халық келді,
халық айтады, қазақ халқы, біз Қазақстан халкымыз...).
Сондықтан, ғалымдар этнос, жеке халық (ұлт) түсінігін
қолданады. Ал онымен байланыстының бәрін этникалық (ұлттық) деген
терминмен атайды (мысалы, этникалық (ұлттық) аумақ). Әрбір ұлттың
өз тарихы, тілі, мәдениеті, тарихи отаны болады. Ұлттың бір бөлігі
өз елінен басқа жерде тұруы да мүмкін. Оны
- диаспора (гр. - «шашылған») деп
атайды.
Халықтардың шығу тегін, әркелкі орналасуын, мөдениеті мен
тұрмыс жағдайын жеке ғылым - этнография немесе этнология
зерттейді.
Қазақстан әлемдегі
көп
ұлтты мемлекеттердің бірі. Онда тегі, тілі, мәдениеті әр түрлі,
бірак тарихи тағдыры ортақ 130 ұлт пен ұлыстың өкілі (этностар)
тұрады.
Олар:
(орыстар, украиндар,
белорустар мен молдавандар);
-
3)
алыс шет елдерде тұратын адамдар тобы (немістер, поляктар,
еврейлер, корейлер,
гректер).
Қазақтар - елдің
байырғы тұрғындары және мемлекетті
қалыптастырушы этнос, ал
қалған халықтардың өкілдері Қазақстанға әр түрлі себептермен жәнө
белгілі бір тарихи кезеңдерде көшіп келгендер. Осыған байланысты,
республика халқының көп ұлтты (полиэтностық) құрамы - жаппай
көші-қонның нәтижесі.
Тестпен
жұмыс.
1 . Этнос
дегеніміз...
А) илану Ә) тіл әулеті Б) халықтарды
зерттейтін ғылым
В) жеке бір халық
Г)
конфессия
2. Мемлекеттен сырт жерде қоныстанған
этностың бір бөлігі:
3. Қазақстанның ұлттық этникалық
құрамы:
А) бір ұлтты ә) екі ұлтты б) бір текті
в)дұрыс жауабы жоқ г) көп
ұлтты
4. Халық саны жағынан екінші орындағы ұлт
өкілдері
А) өзбек ә) Орыс б) неміс в)
украин
5. Қазақтар қандай тіл тобына
жатады
А) алтай ә) түркі б) славян в) үндіеуропа
г)иран
6. Қазақстандағы ең ірі тіл
әулеті
А) Үндіеуропа ә)Сино-тибет б) Солтүстік
Кавказ в) Орал-юкагир г)
Алтай
7. Қазақ халқының саны (млн
адам):
А) шамамен 9.2 млн ә) шамамен 13.5 млн б) 4.5
млн-нан артық в) 16 млн-нан артық г) 19.5
млн
8. Қазақтардың негізгі
бөлігі қандай дінді
ұстанады?
А) шииттер ә) хариджиттер б) католиктер в)
сүниттер г)
протестанттар
9. Грек, молдован, белорус, орыс, украин ұлт
өкілдері арасындағы негізгі діни
ұстанымы?
А) католиктер ә) протестанттар б) буддистер
в)православтар г)
конфуцийлер
10. Шет елдерде тұратын қазақтар
саны?
А) 8.5 млн адам ә) 16 млн б) 18 млн в) 13.5
млн г) 4,3 млн
11. Диаспора дегеніміз грек тілінде қандай
мағына береді?
А) ұлттық ә) шашылған б) қазақ в) шет ел г)
қандастар
1. В) жеке бір
халық
2. Б)
диаспора
3. Г) көп
ұлтты
4. Ә)
орыс
5. Ә)
түркі
6. Г)
алтай
7. Ә)
13.5
8. В)
сүниттер
9. В)
православтар
10. Г) 4.3
млн
11. Ә)
шашылған
|