Материалдар / Ашық сабақ ”Химиялық реакция жылдамдығы тақырыбына есептер шығару”
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ ”Химиялық реакция жылдамдығы тақырыбына есептер шығару”

Материал туралы қысқаша түсінік
Химиялық реакциялар жылдамдығы бойынша есеп шығаруға дағдыландыру;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Мамыр 2020
8430
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: ”Химиялық реакция жылдамдығы тақырыбына есептер шығару”

Мақсаты: Білімділік: Химиялық реакциялар жылдамдығы бойынша есеп шығаруға дағдыландыру;
Дамытушылық: химиялық реакцияның жылдамдығы, жылдамдыққа концентрация, температура, өршіткі, әрекеттесуші заттардың табиғатының әсерін меңгерту. Формуланы қолданып есептер шығаруда логикалық белсенділіктерін кеңейту, білімдерін тереңдету .
Тәрбиелік: Пәнге деген ынтасын арттыру, өз бетімен жұмыс істей білуге, топта өзін, өзгені сыйлау сезімін қалыптастыру.

Cабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Тірек білімді белсендіру -үй тапсырмасын сұрау.
1.“Білесің бе, білмейсің бе?” ойыны (лездеме сұрақтар)
2. Үй тапсырмасын қорытындылау: Құпия сөзді анықтау

ІІІ. Жаңа сабақ

1. «Миға шабуыл» (жаңа сабақтың тақырыбын ашу)
2. «Есептер сыры» (жаңа тақырып бойынша есептер шығару)

ІV. Бекіту.

V. «Рефлекcия »

VІ. Бағалау. Үйге тапсырма

Сабақты бағалау: Берілген сұрақтардың немесе тапсырмалардың деңгейіне қарай

  • «Күнсұлу»- «3»- тік баға

  • «Дауылхан» - «4»-тік баға

  • «Толқынай» -«5» -тік баға

Зейінді шоғырландыруға арналған “Көңіл-күй” жаттығуы

ІІ. Тірек білімді белсендіру -үй тапсырмасын сұрау.
“Білесің бе, білмейсің бе?” ойыны (лездеме сұрақтар)

І топ:

  • - Білесің бе, білмейсің бе? Химиялық реакцияның жылдамдығын зерттейтін химияның бөлімін қалай атайды?

  • - Білесің бе, білмейсің бе? Химиялық реакцияның жылдамдығы деген не?

  • - Білесің бе, білмейсің бе? Гомогенді реакцияның жылдамдығы деген не?

  • - Білесің бе, білмейсің бе? Гетерогенді реакцияның жылдамдығы деген не?

ІІ топ:

  • - Білесің бе, білмейсің бе? Реакцияның жүру жылдамдығын анықтайтын саты қалай аталады?

  • - Білесің бе, білмейсің бе? Химиялық реакцияның жылдамдығына қандай факторлар әсер етеді?

  • - Білесің бе, білмейсің бе? Әрекеттесуші массалар заңы деп қандай заңды айтады?

  • - Білесің бе, білмейсің бе? Температураны әр 10 градусқа көтергенде рекция жылдамдығы қалай өзгереді?

ІІІ топ:

  • - Білесің бе, білмейсің бе? Вант-Гофф ережесі деп нені айтады?

  • - Білесің бе, білмейсің бе?

Өршіткі деген не?

  • - Білесің бе, білмейсің бе? Ингибитор деген не?

  • - Білесің бе, білмейсің бе? Катализдік реакциялар деп қандай реакцияларды айтады?

Үй тапсырмасын қорытындылау.Құпия сөзді анықтау (ЭКСПО)


υ = ± ΔС/Δτ 

аА

υ=υ0·γ (t2-t1)/10

v = k*[A]a * [В]b

С(қ) + О2(г) = СО2 

2NO(г)2(г) = 2NO2(г)

Химиялық реакция жылдамдығы

Э

А

К

С

П

О



ІІІ. Жаңа сабақ І. «Миға шабуыл»
-суретті көргенде ойыңа келген сұрақ немесе пікір...

  1. Реакцияның жылдамдығына концентрацияның әсері тақырыбына есептер шығару


1-есеп. 

2SO2+ О2= 2SO3 Реакциясындағы күкірт(ІV) оксидінінің концентрациясын 2 есе көбейткенде реакция жылдамдығы неше есе артады?

2-есеп.

H2 + Cl2 = 2HCl реакциясындағы хлордың концентрациясы  0,06 моль/л. 5 сек кейін хлордың концентрациясы 0,02 моль/л болды. Осы уақыт ішінндегі реакция жылдамдығы қандай?

3-есеп. Жүйедегі қысымды 2 есе арттырғанда  

 N2(г)+3Н2(г) → 2NH3(г),   тура реакцияның жылдамдығы неше есе артады?

4-есеп. Осы реакцияда  С(қ)+2H2(г) → CH4(г)  сутек концентрациясын 3 есе азайтса, реакция жылдамдығы қалай өзгереді?

5-есеп. Жүйедегі қысымды 2 есе арттырғанда  

2SО2 (г) + O2 (г) = 2SO3 (г) реакцияның жылдамдығы неше есе артады?

6-есеп. А+В = 2С теңдеуі бойынша. А затының бастапқы концентрациясы 0,22 моль/л, ал 10 с кейін 0,215 моль/л. реакция жылдамдығын анықтаңдар .

2.Реакцияның жылдамдығына температураның әсері

1- есеп. Температураны 30°С көтергенде реакция жылдамдығы 27 есе артты, егер температураны 50°С көтерсек, реакция жылдамдығы неше есе артады.

2-есеп. Егер температуралық коэффициент 2-ге тең болса, температураны 30 до 70 ∘ С көтерсек реакция жылдадығы неше есе артады?

3-есеп. Температураны 30°С көтергенде реакция жылдамдығы 64 есе артса, осы реакцияның температуралық коэффициенті нешеге тең?

4-есеп. Температураны 40°С төмендеткенде реакция жылдамдығы 81 есе кемісе, осы реакцияның температуралық коэффициенті нешеге тең?

5-есеп. о С температурада реакция, (температуралық коэффициент 2-ге тең) 120 сек аяқталады. Осы реакция 15 сек қандай температурада жүреді? 

6-есеп. 0 о С температурада реакция 1 час 21 минутта аяқталады, ал 40 о С 1 минутта бітеді. Осы реакцияның температуралық коэффициентін анықтаңдар.
ІV. Бекіту.
Химиялық реакция теңдеулеріне берілген есептелерді қалай шығарады?

V. Рефлекcия

  • VІ. Бағалау
    Үйге тапсырма:
    Қайталау. №10 есеп



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!