Материалдар / Ашық сабақ. Химиялық реакция теңдеулерін құру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. Химиялық реакция теңдеулерін құру

Материал туралы қысқаша түсінік
реакцияға қатысатын және түзілетін заттардың формуласын жаза отырып, химиялық реакциялар теңдеулерін құрастырады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қараша 2023
338
1 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар


Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакция теңдеулерін құру.


Бөлім:

8.2.В Заттардың формулалары және реакция теңдеулері

Педагогтің аты-жөні:

Ержанова Индира

Күні:

01.10.2021

Сыныбы:8 «В», «Г»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Химиялық реакция теңдеулерін құру.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.2.3.3 –реакцияға қатысатын және түзілетін заттардың формуласын жаза отырып, химиялық реакциялар теңдеулерін құру;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Әрекеттесетін заттар қатынасын эксперименттік жолмен анықтайды.

Реакцияға қатысатын және түзілетін заттардың формуласын жазады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар



Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін қадағалау.

2.Топ ережесін еске түсіру.

3.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.


Психолгиялық дайындық жүргіземіз:

Жасампаз қыранбыз

Өнер-білімге құмармыз

Болашағы елімнің

Біз білімді ұланбыз

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

















Үй тапсырмасын сұрау










Оқушылар топ бойынша тапсырмалар орындайды.

1-топ: Формулалары берілген заттардың құрамындағы әр элементтің тотығу дәрежелерін анықтайды.

2-топ: Күкірт қышқылындағы H2SO4 элементтердің массалық үлесін есептейді.

3-топ: Қандай да бір заттың құрамына химиялық талдау жасағанда оның 39,6% калий, 27,9% марганец, 32,5% оттектен тұратыны анықталды. Қосылыстардың формуласын анықтаңдар























Жаңа сабаққа кіріспе




(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Өзгенің пікірін толықтырады.





Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау. және дене жаттығуларын жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

  1. Атомдар қандай бөлшектерден

тұрады?

  1. Периодтық система неше период, неше топтан тұрады?

  2. Ион дегеніміз не?

  3. Катиондар мен аниондарға анықтама беріңдер.

  4. Химиялық қосылыс дегеніміз не?

  5. Тотығу дәрежесі дегеніміз не? Тотығу дәрежесін қалай анықтайды?

  6. Формула дегеніміз не?




























































































Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.



Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.


















Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1. Әрекеттесетін заттар қатынасын эксперименттік жолмен анықтайды


Тақырып бойынша интернет желісін пайдаланып видеоролик көру.



Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

Постер орындаймыз:

1-топ: «Сәйкестікті табу»

2-топ: «Химиялық лото» ойыны

3-топ: «Химиялық толықтыру тапсырмасы».



Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1.Кестені талдау














ДК экраны

8-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.






Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.



2.Тапсырма

заттардың формуласын қойып,коэффициенттерін жазадыShape1

Ca + = CaOShape2

CaCO3 = + CO2Shape3

Al + HCI = + H2Shape4

N2 + = NH3

P + O2 = Shape5

+ O2 = ZnOShape6

Na + NaOH +H2Shape7


Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1. Есептерді шығарады


ДК экраны

8-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.


Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Бір ауыз сөз» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Жеке жұмыс:

Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. СОнымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін

«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.






Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».



Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Мадақтау сөзі» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!