Материалдар / Ашық сабақ Ілмек бізбен тоқу 7 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Ілмек бізбен тоқу 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ілмек бізбен тоқудың алғышарттарын, ілмек бізбен тоқудың қысқаша тарихы, материалдар мен құралдар туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Маусым 2018
1527
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

23 Сынып: Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Ілмек бізбен тоқу. Тоқу тәсілдері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ілмек бізбен тоқу технологиясын білу. Тоқу техникасын меңгеру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізе білуге тәрбиелеу

Дамытушылық: Теориялық білімдерін іс жүзінде көрсетуге ықпал ету, практикалық іс — әрекеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: СТО стратегиялары (топтастыру,
талқылау, семантикалық карта, шығармашылық жұмыс, галереяны шарлау, ББҮ), Нұсқау карта арқылы жұмыс.
Көрнекіліктері: Тоқыма бұйымдары, тоқыма бұйымдарының суреттері, нұсқау карта, бағалау парағы, ББҮ парақтары, дайын мәтіндер, «Валя- Валентина» журналы
Пәнаралық байланыс: математика, сызу, информатика, тарих, бейнелеу өнері

Қажетті құрал-жабдықтар:

Оқушылар үшін – Ілмек біздер, тоқыма жіптер, қайшы

Мұғалім үшін - интерактивті тақта, нұсқау карталары, ББҮ парақтары, тоқу схемалары, өрнектер, нұсқау карталар, ТҚЕ

Күтілетін нәтиже: Оқушылар ілмек бізбен тоқу өнері туралы білім қалыптастыруы керек. Тоқу технологиясымен танысып, практикалық тұрғыда тоқып үйренулері қажет.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- Оқушылардың құрал- жабдықтарын тексеру.

- Жаңа сабақтың мақсаты, міндетін баяндау.

- Сыныпты топқа бөлу, топ басшыларын белгілеу

- Бағалау парағын, ББҮ парақтарын үлестіру, толтыру ережесімен таныстыру.

ІІ. Қызығушылықты ояту

Интер белсенді тақтадан әр- түрлі тоқыма бұйымдарды көрсету

Тоқу өнері – қазақ халқының ежелден келе жатқан қолөнер саласының бірі. Бұл тамаша өнер қазіргі заманда жалғасын тауып, көрші халықтардың өнер шығармашылықтарымен толысып, дамып, әсемдігімен, көркемдігімен көз тартып, эстетикалық талғамы да өркендей бермек.

ІІІ. Мағынаны ашу. Талқылау. Алдын ала - әзірленген мәтін және ақ парақтар оқушыларға таратылады. Оқушылар мәтінді оқиды. Әр оқушы мәтінмен танысып, жұпта, топта талқылайды

1- ші мәтін

Тоқу өнері – қазақ халқының ежелден келе жатқан, ең алғаш киімі мен үй жабдығының негізі болған қадірменді өнер. Бұл тамаша өнер қазіргі кезде де ұмытылмай керісінше дамып, одан сайын жетіліп, адамдарды сұлулыққа, әсемділікке жетелеуде. Әр адам киген киімінің қазіргі сән үлгісіне сәйкес бола отырып, қайталанбас әсем ерекшелігін, даралығын таныта білуге тырысады. Міне, осыған орай бізге көмекке келген өнердің бірі – тоқыма. Тоқымамен айналысқанда адам жеке басына аса қажет нәрсені жасау үшін ғана тоқымайды: осы тоқу үстіндегі түрлі- түсті бояулар әлемінің үйлесімділігін, алуан түрлі сән үлгілерін таңдап, түрлі тоқу әдістерін меңгеруі адамның талғамын, шеберлігін, ой-өрісін жетілдіріп, көркемдікті сезіну қабілетін дамытады. Тоқу өнері басқа да қолөнер түрлері сияқты үйренуді, ізденуді қажет етеді.

Ілмекпен тоқудың негізгі элементтері – бос шалу, біріктіру бағаншасы, шалмасыз бағанша, шалмалы бағанша, екі шалмалы бағанша, үш шалмалы бағанша, төрт шалмалы бағанша, пико, жарты бағанша және т.б.

Тоқудың түрлері: Тура және кері қатарлармен тоқу, айналдырып шаршы, шеңбер жасай тоқу
Тізбек. Бірнеше үлпілдек шалудан жасалған тізбектер алғашқы қатар тоқылуға тиіс бар бұйымның бастапқы негізі болып саналады. Ілмектің ұшына бір шалу жасайды да жіпті ілмекке орап, алғашқы шалудың ортасына өткізіп алады. Осылайша қайталана береді.
Шаршы, шеңбер тоқуды негізгі сақинадан бастайды. Үлпілдек шалулардан тұратын тізбек тоқып алу қажет. Содан кейін ілмекті бірінші үлпілдек шалуға енгізіп шалу алып жіпті тартып аламыз. Яғни сақинаны қосып тоқимыз. Шеңбер тоқудың екі, спираль бойынша және айналдыра тоқу әдісі бар.
Шаршыны тоқыған кезде ілмектерді төрт бұрышынынан қосып отырады. Бес бұрышты тоқыған кезде ілмектерді бес бұрышынан қосады.
















































2- ші мәтін

Тоқыма үшін қажетті құралдар:
1. Біз.
2. Жіп
3. Қайшы

Ілмек біз. Аты айтып тұрғандай іліп тоқуға арналған біздің бір түрі. Ілмек біздің әр түрлісі болады. Мысалы ата-бабаларымыздың бұл бізді қойдың кәрі жілігінің басындағы кішкентай бөлініп шығатын сүйегінен жасаған. Қазіргі ілмек біздер пластмассадан, бамбуктан, ағаштан, болаттан жасалады. Жуан жіптерді жуан ілмек бізбен, ал жіңішке жіптерді жіңішке ілмек бізбен тоқу керек.
Ілмекпен тоқу үшін кез келген жіпті пайдалануға болады Тоқыма тоқу үшін таза жүннен, мақтадан, вискозадан, синтетикадан, жүн мен синтетикадан аралас иірілген жіптер пайдаланылады. Сондай-ақ бұрын пайдаланылған жіптерді де тарқатып, қайта пайдалануға болады.
Әдетте киімдерді бостау иірген, ал дастарқан, салфетка, сумка сияқты заттарды ширақ иірілген жіппен тоқиды. Бөлшектерінің сыртқы пішіні үлгімен есепке сәйкес шалуды қосу, қысқарту, сирек те жиі тоқу арқылы жасалады.

Шеңбер заңы Шеңбер тоқыған кезде әр қатарда суретке байланысты көздер қосып отырады. Егер шеңбер бос шалусыз бағандардан тұрса әр қатар сайын 6 көз қосып, ал жартылай бағандардан тұртын болса онда 8 көз, бір бос шалулы бағаннан тұрса 12 көз, екі бос шалулы баған болса 16 көз қосып отырады. Әрі қарай шалу санын көбейтетін болсақ әр қатарда 4 көзден қосылады. Көз қосу үшін бір нүктеден екі көз тоқиды. Малақай тоқыған кезде қажетті диаметрге жеткен кезде тоқуға көз қоспай тоқи бересіз. Цилиндр тәрізді болып шығады. Көлемін кішірейту үшін көздер санын біркелкі азайту қажет. Бірінші тоқыған кезде бір бағанды тоқымай тастап кетеді. Екінші әдіс екі бағанды бір тоқиды. Шеңберлеп тоқу арқылы малақай, бас орамалдар, сүлгілер, жемпірлер т.б. бұйымдар тоқуға болады.

Интер белсенді тақтадан негізгі шалу түрлерін көрсетемін

Тізбек (цепочка) бірнеше үлпілдек шалудан жасалған тізбектер алғашқы қатар (немесе тоқылуға тиіс бар бұйымның бастапқы негізі) болып саналады. Ілмектің ұшына бір шалу жасайды да, жіпті ілмекке орап, алғашқы шалудың ортасынан өткізіп алады. Осылайша қайталана береді.

Қысқа шалу (полустолбик). Ілмекті тізбектегі 3-шалудың алдынан артына қарай өткізеді. Содан соң ілмекке жіпті орап, оны ілмектегі екі шалудан өткізіп алады. Жай шалу (столбик без накида). Ілмекті тізбектет 3-шалудың алдынан кері қарай өткізеді. Ілмекке жіпті орап, шалып алады, сонан соң жіпті тағы орап, оны ілмектегі екі шалудан өткізіп алады.

Нық шалу (прочный столбик). Ілмектің сабына жіпті орап алып, ілмекті тізбектің 3-шалуына алдынан артына қарай өткізеді. Ілмекке жіпті орап шалып алады да, жіпті тағы да орап, енді оны ілмектегі үш шалудан өткізіп алады.

Бос жіп қосылған шалу (столбик с накидами). Бағананың (шалудың) биіктігін көтеру үшін оны бір не бірнеше бос жіп қосып тоқу керек. Ілмекке жіпті орап, бұрынғы қатардағы не тізбектегі 4-шалудан өткізеді де, оған қайта жіп орап, 1 шалуды тартып шығарады, жіпті қайта орап, оны ілмектегі шалу мен бос жіптен (2 шалу) өткізеді, жіпті тағы орап, оны да ілмектегі соңғы 2 шалудан өткізіп алады. 2 не 3, одан да көп бос жіп қосылған бағана жасау үшін соған сәйкес ілмекке 2 не 3 бос жіп қосып шалу жасап отыру қажет, содан соң біртіндеп ілмекте 1 жіп қалғанша 2 жіптен қосып тоқи береді, ол үшін ілмекті соған сәйкес 5-, 6-, 7- т. б. шалулардан өткізіп отырады. Ал ілмектің ұшында әрқашан бір шалу қалып отыру керек.

Бос жіп қосылған рельефті оң шалу (рельефный лицевой столбик с накидом). Ілмектің сабына жіпті орап, ілмекті бұрынғы қатардағы шалудың түбін орай алдыңғы жағынан өткізеді де, бір шалуды тартып шығарады. Одан соң жіпті тағы орап, оны ілмектегі шалу мен бос жіптен өткізеді, жіпті тағы орап, оны ілмекте қалған 2 соңғы шалудан өткізеді.

Бос жіп қосылған рельефті теріс шалу (рельефный изнаночный столбик с накидом). Ілмектің сабына жіпті орап, ілмекті бұрынғы қатардағы шалудың түбіне орай сыртқы жағынан өткізіп, 1 шалуды теріс жағынан тартып шығарады, шалу мен бос жіптен өткізеді, жіпті тағы орап, оны ілмекте қалған 2 соңғы шалудан өткізеді.

Тоқыманы тарылту және кеңейту.

тоқыманы тарылту - тоқыманың ортасынан не екі шетінен шалулар мен үлпілдек шалуларды қысқарту арқылы орындалады;

кеңейту үшін қатарға жаңа шалулар мен үлпілдек шалулар қосылады.

Пайдалы кеңес

Күнделікті күйбең тірлік салдарынан адам бойын әлсіздік, көңілсіздік, күйзеліс билеуі мүмкін. Салдарынан түрлі жүйке жүйесі, жүрек қан тамырлары аурулар туындауы мүмкін. Бұл дерттердің алдын алу мақсатында дәрігерлер анда-санда тоқыма тоқуға кеңес береді.

Тоқыма тоқу жүйке жүйесі мен ми жұмысын жақсартады. Артық ойлардан арылтып, көңіл көтереді. Тоқыма тоқу – шығармашылық жұмыс. Ал адам баласы шығармашылық жұмыспен айналысқан кезде, ол бар назарын ісіне аударып, көңілі жай тауып, жаны тынышталады.

Тоқыма тоқыған кезде ашуланбаңыз, сабыр сақтаңыз. Шыдамсыздық танытсаңыз, 10-15 минут үзіліс жасап, іске қайта кірісіңіз. Күнделікті кешке тоқыма тоқуға 30-40 минут бөлсеңіз, оның қалай сүйікті ісіңіздің біріне айналғанын сезбей қаласыз. Тек бастаған ісіңізді аяқсыз қалдырмаңыз.

Тоқыма тоқуды қарапайым ілмектерден бастаңыз. Күрделі оюларды жасауға аса ұмтылмаңыз. Әуелі дағдыланып, қолыңызды үйретіп алыңыз. Кейін бірте-бірте күрделі оюларды тоқуды бастаңыз.

ІV. Ой толғаныс кезеңі. Семантикалық карта


Нық шалу

Әр қатарға 12 ілмек қосады

Төрт бұрыштан қосады

Әр қатарда 6 ілмек қосады

Тізбек

Бірнеше үлпілдек шалудан жасалған тізбектер, алғашқы қатар






Ілмектің сабына жіпті орап алып, ілмекті тізбектің 3-шалуына алдынан артына қарай өткізеді. Ілмекке жіпті орап шалып алады да, жіпті тағы да орап, енді оны ілмектегі үш шалудан өткізіп алады.






шеңбер бос шалусыз бағандардан тұрса әр қатар сайын қанша ілмек қосады?






Шеңбер бір бос шалулы бағаннан тұрса қанша ілмек қосады?






Шаршыны тоқыған кезде ілмектерді






ТҚЕ қайталау

Қауіпсіздік ережелері:

  1. Қайшыны жолдасыңа сабымен ұсын.

  2. Өтпейтін қайшымен жұмыс жасама.

  3. Ілмекпен тоқыған соң қолды сабындап жуу қажет.

  4. Ілмек бізді арнайы қорапта сақта

V. Шығармашылық жұмыс. Оқушылардың кейбіреулері ілмек бізбен тоқуды меңгерген,сондықтан олар өз қалауы бойынша жұмыс түрін таңдайды. Ал жаңа үйренушілер негізгі шалу түрлерін үйренулері қажет. Нұсқау карта бойынша ілмек бізбен тоқып бастайды. Оқушыларға нұсқау карта таратылады. Нұсқау картаны талдаймыз, жұмыс мазмұнын түсінеміз. Қажетті құралдар мен материалдарды дайындап алып жұмысқа кірісеміз.

Мұғалімнің іс-әрекеті. Оқушылардың жұмысын бақылап, бағыт – бағдар беріп отырады.

VІ. Галереяны шарлау. Екі топ бір – бірінің жұмыстарын қарайды. Бірінші топ екінші топтың, екінші топ бірінші топтың жұмысын талқылайды. Топ басшылары қарсы топ жұмысына баға береді.

VІІ. Қорытындылау .




ББҮ кестесі

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім









Толтырған:_________________________



Бағалау парағы

Оқушының аты- жөні

Талқылау


ТҚЕ қайталау

Шығармашылық тапсырма

Семантикалық карта

Қорытынды

баға

5 ұпай

5 ұпай

5 ұпай

1 ұпай

1 – 20 ұпай

І топ

1








2




3




4




5




6




Барлығы:






Бағалау критерилері:

«3» - 10- 13 «4» -14 -17 «5» -18 - 20

Бағалау парағы

Оқушының аты- жөні

Талқылау


ТҚЕ қайталау

Шығармашылық тапсырма

Семантикалық карта

Қорытынды

баға

5 ұпай

5 ұпай

5 ұпай

1 ұпай

1 – 20 ұпай

І топ

1








2




3




4




5




6




Барлығы:






Бағалау критерилері:

«3» - 10- 13 «4» -14 -17 «5» -18 - 20



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!