Материалдар / Ашық сабақ "Ішкі жан тыныштығы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Ішкі жан тыныштығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ішкі жан тыныштығы туралы мұғалімдердің білімдерін арттыру, олардың құндылық туралы ой-пікірлерін қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
2777
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы

18 «Мереке» балабақшасының психологы:

Дыбысбаева Толғанай Жеңісқызы




Тақырыбы: «Ішкі жан тыныштығы»

Мақсаты: Ішкі жан тыныштығы туралы мұғалімдердің білімдерін арттыру, олардың құндылық туралы ой-пікірлерін қалыптастыру.

Жоспары:

  1. Тыныштық сәті

  2. Дәйексөз

  3. Ішкі жан тыныштығының мәні

  4. Жан тыныштығына жетудің 7 заңдылығы

  5. Аңыз әңгіме

  6. Шығармашылық жұмыс

  7. Топпен ән айту


  1. Тыныштық сәтi.

 Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Тыныштық... Құлпырған дүниені сезініңіз, мақсаттарыңызға ойша жол салыңыз, арман атты тұлпармен алыс-алыс жақтарға сапарлауды ойлаңыз, көңілдегі көлеңкені аппақ бұлттарға алмастырыңыз, сезімге беріліп, санадағы сансыз, жағымсыз ойлардан арылыңыз. Енді міне, бір сәттік тыныштықтың құдіретіне бөленіңіз.

Қаланың у-шуы күйбең тіршіліктің пенделеріне әсер етпей қоймайды. Осындайда, мейлі жолда, мейлі жұмыста, мейлі сабақта болсаң да, іштей тыныштықты қалайсың. Бұл жағдайды осы дүниеден безіну емес, сұлу дүниені сезіну, тынымсыз тірлікті таразылау, ақ пен қара айқасындағы ақтарға жағыну деген оймен алмастырыңыз.

Енді үнсіз ғана құстардың әнін тыңдай отырып, қиял әлеміңізге сапар шегіңіз! Уақыт жоқ, уақыт жоқ деп, уақыттың дегенін орындап жүргеніңізді ұмытып, керісінше, біз уақытқа әмір беруіміз керек екенін есіңізге түсіріңіз. Енді ішімізден: «Міне, мен айналамдағы дауыстарды ұмытып, «ТЫНЫШТЫҚ!», мен сен туралы ойлап отырмын. АРМАНҒА МЕНІ ЖЕТЕЛЕ!..деп үш рет қайталаңыз.

Осындай Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Тыныштыққа толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.


  1. Дәйексөз

Адамның жақсы өмірінің негізінде билігі бәріне жүретін үш қасиет жатыр: адал еңбек, ар-ожданды ақыл-ой, шынайы жүрек. Бұларсыз өмірде тыныштық пен келісім табылмайды.

Шәкәрім Құдайбердіұлы



  1. Ішкі жан тыныштығының мәні

Тыныштық - Ақиқат пен Дұрыс әрекеттің сәулесі. Ақиқат пен дұрыс әрекет жолындағы адам Тыныштықта – ішкі тыныштықта болады. Ойында тыныштық жоқ адам үнемі қиындыққа тап болады. Тыныштықта адам – ол бақытты, оның өмірінде ешқандай қиындық жоқ! Тыныштық – кез-келген сыртқы жағдайда ақыл-ойдың тазалығын сақтау. Жан тыныштығы – ол адамға кез-келген жағдайдан шығуға көмектесетін күш. Жан тыныштығы – таза жүректе орнайды. Ақылдың міндеті –сезімді бақылау. Ақыл – кілт, Жүрек – құлып.

Тыныштық – жүректің әні,

Тыныштық – бақыттың таңы.

Тыныштық – көңілдің сәні,

Тыныштық – өмірді мәні.

Тыныштық – ашуды жеңер,

Тыныштық – ол нағыз шебер,

«Тыныштық!» - ұраның болсын,

Рухани байлығын артып,

Арманың сені іздеп келер,

Шаңырақ шаттыққа жетер

Адамзат риза болып өтер!


  1. Жан тыныштығына жетудің 7 заңдылығы:

Жан тыныштығы – жақсы өмір сүрудің жаршысы. Өйткені алаңсыз, уайымсыз өмір сүру – бұл сіздің жетістігіңіз. Ал шынымен де жетістікке жетіп, бақытты өмір сүру формуласын қалыптастырған болсаңыз сіз аталған жеті заңдылықты білуіңіз керек.

  1. «Ойлар орындалады»

Не ойласаң соның іске айналуы – заңдылық. Бұл бірініші заң. Сіз жаман ойдан арылмасаңыз алдыңыздан келеңсіздіктер шыға береді. Сеніңіз. Бұл ақиқат.

  1. «Қанағатқа қарын тойсын, бұл қалыпты жағдай»

«Құмырадағы толып тұрған су, тамшылардың жиынтығынан келген».  Бұл бір тәмсіл ғана болуы мүмкін. Бірақ берер мағынасы көп. Қазақ «жылқы құлыннан, теңге тиыннан» деп бекер айтпайды. Әр нәрсеге аз болса да қанағат танытып, сабырлы болу сіздің алдағы уақыттағы ұлы жеңісіңіздің айнасы.

  1. «Кешіру»

Кешірім – іште жатқан үлкен ұлылық. Бірақ осынау ұлылықты сыртқа шығару үшін тәкәппарлықтың алдынан өту керек. Нәпсіңізді тежей алсаңыз сіз бәрін жеңесіз. Кешіре білу де өнер.

  1. «Сіздің әрбір әрекетіңіздің өз мәні бар»

«Айтылған сөз атылған оқпен тең» деген бар. Ендеше сіздің әрбір сөзіңіздің іске айналар кезі бар және оның өзіне тән мәні мен мағынасы да жоқ емес. Сондықтан не істесеңіз де ойланып барып істеуге тырысыңыз. «Жеті рет өлшеп бір рет кесіңіз»

  1. «Түсінуге тырысыңыз»

Стефан Кови: «бірінші түсініп көріңіз, содан кейін барып өзіңізді түсінгенін қалаңыз». Бұл айтыла салған тәмсіл емес, пайдасы бар дүние. Өйткені өзгелерді түсіну арқылы сіз өзіңізді де тани аласыз.

  1. «Өзіңізді жеңе біліңіз»

Дәл қазір сіз қандай ой ойлап отырсаңыз сол ойдың жетегінде кетесіз. Ал ойлаған ойға күш түсіріп, оны бақылай білсеңіз сіз әр ісіңізге жауап бере аласыз.

  1. «Жан дүниенің үйлесімділігімен өмір сүріңіз»

Жан дүниенің үйлесімділігін іштен іздеңіз. Ол сізге сырттан келмейді. Сырт көздің не сырттың әңгімесі сіздің тыныштығыңызды қалыптастырмайды. Өйткені олардың айтуымен сіздің жүрегіңіздің қалауы екі түрлі. Сондықтан айтқанға еріп емес, қалаумен қалап күн кешіңіз. Ал жан дүниенің үйлесімділігі дегеніміз – сіздің тыныштығыңыздың кепілі. 


  1. Аңыз әңгіме

Айды аспанға бір шығардым Қожанасыр бір күні әбден шөлдеген соң су алып ішпек болып, түнде құдыққа барады. Құдыққа қауға салып тартса, шықпайды. «Бұған не болды?» - деп, Қожанасыр үңіліп қараса, құдықтың түбінен ай көрінеді. «Ә, қауғам айға ілініп қалған екен ғой», - деп, Қожа жұлып тартып қалғанда, қауғасы шығып кетеді, өзі шалқасынан түседі. Жерге басын соғып, есеңгіреп қалған Қожанасыр әлден уақытта көзін ашса, ай аспанда тұр. Сонда Қожекең қуанып: - Не болса, о болсын, айды аспанға бір шығардым-ау! - депті. Ой қорыту- Құдық адамның жүрегі. Ай адамның жарқыраған жан дүниесі. Ақиқат, Дұрыс әрекет, Сүйіспеншілік, Тыныштықтың бұлағы. Бұл төрт сапа болғанда ішкі тыныштық сақталады. Адамда ішкі тыныштық орнағанда ғана оның өмір жасы ұзақ болады.

  1. Шығармашылық жұмыс


Қатысушыларға  жылқы  суретін  салуға   парақтар таратылады. Тесттегі  жылқы – бұл  өзіңізсіз. Бұл  түсінікті де, өйткені  көп  жұмыс  істейтін  адамдарды  жұмысшы  жылқы  деп  те  атайды.

1.Егер  сіз жылқының  сырт   келбетіне   басты  назар  аударсаңыз (тұяғын,жалын және құйрығын  салсаңыз) онда  сіз еңбектене  білесіз,бірақ,жұмысты  бір  арнада  істемейсіз.Бірақ  сіз  еңбекқор 

адам  емессіз.

2.Егер сіз  жылқының  бет  әлпетіне  басты  назар  аударсаңыз (көзін, тұмсығын, аузын,кекілін,т .б  . салсаңыз ) онда   сіз жұмысқа  

романтикалық  қатынас  басым, сізде иллюзиялар   мен  үміттер  толы. Сіз бұрын еш  жерде жұмыс  істемеген өте  жас  маман  болуыңыз да  ықтимал. Егер  сіздің  жасыңыз  үлкен  болса, онда  шаттану, қуану  сізге  тән.

3.Егер сіз  жылқының әрбір  қылын салсаңыз, ұсақ-түйек  нәрсеге көп  уақыт жұмсасаңыз, бұл  сіздің  тер  төгуді  қажет  ететін  еңбектерді атқаруды

ұнататыныңызды  білдіреді. Барлық нәрселерді  дер   кезінде  орындайсыз. Өзіңізге  және  басқаларға  сын  көзбен  қарайсыз.Сізге  кез  келген  жұмысты  сеніп  тапсыруға  болады.Сіз  бастаған  ісіңізді  соңына  дейін  жеткізе  алатын  өте  еңбекқор  адамсыз. Бірақ  сізбен  жұмыс  жасау  қиын, өзіңіздің 

бірбеткейлігіңізбен   адамды  шаршатасыз.

4.Егер  сіз  жылқыны  шөпке    немесе  алаңға  қойсаңыз,  бұл  сіздің  жақсы 

жағдай  жасалған  жерде  жұмыс  істегіңіз  келетініңіздің  белгісі, сіз тұйықтарды, шектеу қоятын  жұмыстарды  ұнатпайсыз. Тәуелсіз  болғанды  қалайсыз.

5.Егер  сіз  жылқыға  жүген  салсаңыз  немесе  қамыт  кигізсеңіз,  онда сізге  қысыммен   жұмыс  істеген  ұнамайды.

6.Егер  сіз  жылқының  жанына  суы  бар  астау  немесе  жем  қойсаңыз, онда  бұл  сіздің  жұмыс  істеуіңіз  үшін  жақсы  жағдайдың  жасалуын қажет екендігінің  белгісі.

7.Егер  сіз  жылқыға  салт  атты  адамның  суретін  салсаңыз,онда  сіз  өз  бетіңізше  жұмыс  істей алмайсыз. Біреудің  бағыт беруімен  немесе  әмірімен

жүресіз.Сізге  біреудің  сізді  басқарғаны  ұнайды.

Сіздер  шамасы  шаршаған  боларсыздар,олай  болса   бой  сергіту  жаттығуын жасайық.


  1. Топпен ән айту



«Балалық шаққа саяхат» әні

























Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Абай Кунанбаев.Слова назидания.-Алматы:Жазушы,1970

2.Амонашвили Ш.А. «Основы гуманной педагогики»

3.Аль-Фараби.Социально-этические трактаты-Алма-Ата:Наука,1973

4.Құдайбердиев Ш.Шығармалары/Құрастырған М.Жармұхаметов, С.Дәутов.- Алматы,1988

5.Мұқажанова Р.А. Омарова Ғ.А. Методика преподования дисциплины

«Самопознание в школе» Алматы 2013ж

6.Маслоу А.Г.Дальные пределы человеческой психики

7.Назарбаева С.А. «Өмір әдебі» кітабы Алматы 2001ж

8.Омарова Г.А.,Мукажанова Р.А.Методическое пособие для учителей

9.Петракова Т.И.Духовные основынравственного воспитания.- М.:Импето,1995.-111с

10.Самопознание. Учебная программа для общеобразовательных школ/Алматы:ННПООЦ


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!